Архив событий

18/03/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Наурыз мерекесіне арналған мерекелік шара өткізілді

18/03/2017

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған  салтанатты іс-шара өткізілді.

Мерекелік шарада облыстық сот төрағасы Досжан Сарманқұлұлы сот қауымдастығы мен сот жүйесінің мамандарын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады.

Наурыз мерекесі аталып өтті

18/03/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Іс-шараға Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы С.К.Ахмеджанов, сот қызметкерлері және құрметті қонақтар ретінде ардагер судьялары Т.Ә.Омар, Ж.Н.Макижановтар қатысты.

Тарбағатай аудандық сотында Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі атап өтілді

18/03/2017

Тарбағатай аудандық сотының ұжымы Наурыз мерекесін ұлтымыздың байырғы салт-дәстүрінің негізінде танымдық сипатта атап өтті.

Шара барысында сот төрағасы К.Садуакасова, Наурыз мерекесінің Шығыс халықтарында тойлануының тарихына тоқталып өтті. Ежелгі түркі мәдениетінің бүгінгі мұрагері қазақ халқының наным-сеніміндегі Наурызды тойлау байырғы  салт-дәстүр айналған, наурыздың 22-де Күн мен Түннің теңесетінін және табиғаттың жаңаруға бет бұратын, көктемнің келетінін, ата-бабаларымыздың сол уақыттардан білгенін айтты.

"Қош келдін, Әз Наурыз!"

18/03/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ұжымы "Қош келдін, Әз Наурыз!" атты мерекелік шара өткізді.

Бүкіл тіршілік дүр сілкініп түрленіп, жаңа өмірге бастау болатын ғажайып кезең 22 наурызда күн мен түн теңеліп, жаңа жылдың жаңа таңы атады. Елдігімді паш етіп, ұлтық сананың жаңғыруына септігін тигізер төл мерекемізді лайықты қарсы алуға сот ұжымы Наурыз мерекесін қарсалды.

«Наурыз» мейрамы қарсаңында

18/03/2017

Бесқарағай аудандық сотының төрағасы А.А.Абдрахмановтың бастамасымен «Наурыз» мейрамы қарсаңында судья А.С.Калиев пен сот қызметкерлері бірінші топ мүгедегі Айткалиева Марзияны құрмет көрсетіп, оны Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекемен құттықтады.                                             

Сонымен қатар, мерекелік сыйлық ұсынылып, қарияға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр,  отбасына береке-бірлік тілегін білдірді.

 

Бесқарағай аудандық сотының

«Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз» мерекесінің қарсаңында сұрақ – жауап сайысы ұйымдастырылды

18/03/2017

«Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз» мерекесінің қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мамандары арасында сұрақ – жауап сайысы ұйымдастырылды.

Сот қызметкерлері қызығушылықпен қатысып, сұрақтарға бар ынта-жігерлерімен жауап берді.

Сұрақ – жауап сайысының соңында ұпайларды санау барысында қойылған сұрақтардың басым бөлігін бас маман  – сот отырысының хатшысы М.А.Садвакасова, М.О.Байжұманова жауап беріп, мақтау қағаздарымен марапатталды.