Азаматтың еңбекақыны алу құқығы қорғалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық сотында еңбекақыны өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер ЖШС-не талап арызбен жүгіне келе, жобаларды басқару бойынша директордың орынбасары лауазымын атқарып жүргенін, 4 жыл бойы еңбекақысы есептеліп, кәсіпорнында қаражаттың жоқтығынан еңбекақының төленбегенін көрсеткен. Еңбекақы бойынша қарыздың сомасы 12 007 621 теңгені құрайды.

Еңбек кодексінің 113 бабының 1 тармағына сәйкес, жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленеді және айына бір реттен сиретпей, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді.

Талап арыз толық көлемінде қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі