Архив событий

27/03/2017

Халықаралық құқыққорғаушы орталығының Президентімен кездесу өтті

27/03/2017

 Семей қалалық сотында «Сотқа дейінгі реттеу. Даулар мен жанжалды шешудің медиация негіздері» тақырыбында семинар өтті. «Халықаралық құқыққорғаушы орталығы» ҚБ-нің президенті, ТМД Экономикалық сотының халықаралық делдалы, «Қазақстан медиаторлар ассоциациясының» бас директоры Жанділда Ажиғалиұлы Жакупов бапкер медиатор - семинардың жетекшісі болды.

 Семинарға судьялар, кәсіби медиаторлар, заңгерлер, нотариустар, жеке сот орындаушылары және мемлекеттік мекеме өкілдері қатысты.

«Ашық есік күні» өткізілді

27/03/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында "Медиация - бітімгершілік институты" атты тақырыбында азаматтарға арналған "Ашық есік күні" өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – медиация институтын дамытуыға бағытталған шаралар туралы халықтың арасында белсенді насихат жүргізу.

Заңсыз құрылыс

27/03/2017

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен (тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу міндетті болған жағдайларда, тіркеусіз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді /операцияларды/ жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса) Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Семей қаласының Ювеналды сотында пилоттық жобаны орындауға байланысты семинар өткізілді

27/03/2017

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпармен «Жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша пилоттық жобаны орындау» такырыбында судьяларға, сот мамандарына және медиаторларға арналған семинар өткізілді.

Дауды сотқа дейін реттеді

27/03/2017

Талапкер Семей қалалық сотына Халықаралық Фелинология ассоциациясының басшысына талаптарды мәжбүрлеп орындауға міндеттеу және 100 000 теңге моральдық зиян өтемақасын өндіру туралы талап арызбен жүгіне келе, аталған ұйымға 5000 теңге төлеп скоттиш-фолд тұқымды мысықтың ата-тегін анықтау үшін және жануардың метрикасын қайтаруды талап еткенін, 2 айдан кейін ассоциация басшысы төленген ақшаны қайтарып, метрикасының түпнұсқасын қайтарудан бас тартқанын көрсеткен.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбында семинарлық сабақ өтті

27/03/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында соттың төрағасы Р.Омаровтың төрағалық етуімен және сот қызметкерлерінің  қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбы бойынша семинарлық сабақ өткізілді.

Дөңгелек үстел өтті

27/03/2017

Катонқарағай аудандық сотында «Жекелеген санаттар бойынша дауларды (шиеленістерді) сотқа дейінгі міндетті түрде реттеуді енгізудің пилоттық жобасын жүзеге асыру бойынша» дөңгелек үстел  өткізілді.

Аталған шараға сотының судьялары, сот қызметкерлері, аудандық  адвокаттар А.А.Құсманов, Б.Құсаинова, нотариус Б.К.Сембинова, Ж.К.Еркибаев, қоғам өкілдері жәнет аудандық білім бөлімінің өкілдері қатысты.  

Заңсыз балықты өткізу кезінде ұсталған

27/03/2017

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 389- бабының 1-бөлігімен (жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)) азамат  Ч.-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, азамат Ч. балық тасуға жолдама құжаттарынсыз,  өз автокөлігімен балықтарды заңсыз алып өткен.

Жеке айыптау қылмыстық ісі бойынша медиация қолданылды

27/03/2017

Бесқарағай аудандық сотымен жеке айыптаушы В. Скрипникованың А.Козловты Қазақстан Республикасының 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат келтіру) белгіленген қылмыстық теріс қылықпен айыптау туралы шағымы бойынша қылмыстық іс қаралды.                                        

Сот талқылауы барысында жеке айыптаушы В.Скрипниковадан және сотталушы А.Козловтан сотқа ҚК-тің 108-бабы бойынша жеке айыптау қылмыстық ісін тараптардың медиация тәртібімен татуласқандарына байланысты қысқарту туралы бірлескен өтініш түсті.  

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот актілерінің бұзылу және өзгертілу себептеріне қатысты талдау бойынша дәріс сабағы өткізілді

27/03/2017

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017 жылдың ақпан айында сот актілерінің бұзылу және өзгертілу себептеріне қатысты талдау бойынша  судьялар арасында дәріс сабағы өткізілді.

Қатар ауыстыру кезінде жол көлік оқиғасы орын алды

27/03/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің  610-бабының, 1-бөлігінде (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Р.Кенжиновқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін сотталды

27/03/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-тің 378-бабы, 2 тармағы, 379-бабы, 1-тармағы бойынша (Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып қорлау. Билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау) А.Жарлықовқа қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес қылмысы үшін ешкімде екінші рет сотталуға немесе жазалануға тиіс емес

27/03/2017

Тарбағатай аудандық ішкі істер бөлімінен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен түскен әкімшілік іс осы кодекстің 742-бабының негізінде тоқтатылды.

Себебі, әкімшілік хаттамасында құқық бұзушы Т., ішімдік ішкен мас күйінде дәрігерлік куәләндіруден өткізуге апарған уақытта мемлекеттік автоинспекторды балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Аталған факт бойынша құқық бұзушының Тарбағатай аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 378-бабының, 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 100 (жүз) сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылғаны анықталды.