Архив событий

31/03/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында аттестаттау комиссияларының құрамымен ұйымдастырылған кеңес өткізілді

31/03/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Шығыс Қазақстан облыстық сотының жанындағы соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің төрағасы  В.Н. Кизаметдиновпен, Өскемен қаласының маслихат депутаты Е.С. Омарбековпен, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің қылмыстық құқық және қылмыстық атқару  құқығы кафедрасының аға оқытушылары Л.Е. Құсманова және З. Еркінқызымен арнайы ұйымдастырылған кеңес өткізілді. Олар  кешенді аттестаттаудың үшінші деңгейін өткізу жөніндегі  бірқатар мәселелерге тоқталып өтті.

Сот кабинеті және оның артықшылықтары

31/03/2017

Бесқарағай аудандық сотының бас маманы - сот отырысының хатшысы Ж.А.Ермекова Бесқарағай АІІБ-нің қызметкерлерімен «Сот кабинеті және оның артықшылықтары» тақырыбында дәріс өткізді.                                                                                    

Іс-шараның негізгі мақсаты - «Сот кабинеті» сервисі арқылы сотқа әкімшілік істерді жолдауға және жүгіну мүмкіншіліктерін қолдануға түсініктеме беру.                  

«Кеңсе қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтау. Іскерлік әдепті және киім киюдің іскерлік стилін сақтау»

31/03/2017

Көкпекті аудандық сотында кеңсе меңгерушісі Ш.Қалдыбаева «Кеңсе қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтау. Іскерлік әдепті және киім киюдің іскерлік стилін сақтау» тақырыбында кеңсе мамандары арасында семинар сабағын өткізді.

Ш.Қалдыбаева өз баяндамасында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға тыңдаушылардың назарын аударып, сот мамандарымен еңбек тәртібінің мүлтіксіз орындалуы қажет екендігін айтты.

Тараптар медиатордың қатысуымен татуласты

31/03/2017

Семей қаласы №2 сотында ҚК-нің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жіңіл зиян келтіру) бойынша К.Кобееваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, жеке айыптаушы К.Кобееваны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арызданған. Олар  тұрмыстық ұрыс кезінде, айыптаушыға дене жарақатын келтірген.  

Сот отырысы барысында, сотталушы мен жеке айыптаушы медиатордың қатысуымен медиация тәртібінде татуласты.

Достық үйінде «Отбасылық тұрмыстық қақтығыстағы медиация және Жаңа «Пилоттық жоба» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31/03/2017

Достық үйінде Ұлан аудандық сотының судьясы Х.К.Тлеубергенованың  бастамасымен Ұлан ауылының Достық үйінде медиаторлардың қатысуымен «Отбасылық тұрмыстық қақтығыстағы медиация  және «Пилоттық жоба» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Істерді және материалдарды мұрағатқа тапсыру тәртібі» тақырыбында семинар өтті

31/03/2017

Глубокое аудандық сотында «Істерді және материалдарды мұрағатқа тапсыру тәртібі» тақырыбында семинар өтті.

Аталған шараға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Ж.А.Еренбақов және сот мамандары қатысты.

Алкоголь өнімдерін 21 жасқа толмаған тұлғаға сатқандығы үшін жауапқа тартылды

31/03/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200-бабының, 1-бөлігі (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша әкімшілік істі қарады.

Сотта,  дүкеннің сатушысы бола тұра Манкешова А.К.  21 жасқа толмаған тұлғаға  бір шөлмек сыра сатып, ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқықбұзушылық жасағаны анықталды.

Заңсыз балық тасымалдағаны үшін айыппұл салынды

31/03/2017

Үржар ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабының, 1-бөлігімен (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау, ұстау) бойынша құқық бұзушы  Е.Б.Атажановқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында,  Е.Б.Атажанов  ешбір құжатсыз салмағы 7 кг. «Ақтабан» балығын  сатып алып, заңсыз тасымалдағаны  анықталған.