Архив событий

24/03/2017

Семейдің Ювеналды сотында сот оқуына байланысты дәріс өткізілді

24/03/2017

Семейдің Ювеналды сотында «Қазақстан Республикасы сот оқуының 2017-2020 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.

Талқылау барысында сот төрағасы Р.М. Ақпар сот оқуы ақпаратты таратудың жаңа түрі мен ақпараттық технологияларға негізделген оқытуды жетілдіру тәсілдері мен әдістемелерін қолдана отырып, судьяларға кәсіби дағдылар қалыптастыруға негізделуі тиіс екендігін атап өтті.

Мемлекеттік қызметкерлердің кешенді аттестаттау сұрақтары түсіндірілді

24/03/2017

Семей қалалық сотында Шығыс Қазақстан облыстық сотының персоналды басқару бөлімінің басшысы Ж.Акабаеваның, бас маман К.Нугарованың қатысуымен кездесу өтті. Жиын барысында Семей қаласындағы сот мамандарына тілдесу - аттестаттаудың соңғы кезеңінің сұрақтары түсіндірілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылауға арналған семинар сабақ өткізілді

24/03/2017

Риддер қаласының мамандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы Президентінің  Қазақстан халқына  Жолдауын  талқылауға арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыртылуы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында  семинар сабақ өткізілді.         Семинар сабаққа  сот қызметкерлері қатысты.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотының судьясы дөңгелек үстелге қатысты

24/03/2017

Қ.Қайсенов кентінде орналасқан Мәдениет үйінде «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  

Іс шараға ауылдық аймақтардың әкімдері, кәсіби емес медиаторлар,  БАҚ өкілі, мемлекеттік мекеме басшылары және Ұлан ауданының судьялары қатысты.

Зырян аудандық сотымен жеке кәсіпкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды

24/03/2017

Зырян аудандық соты темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы жөніндегі ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігімен әкімшілік істі қарады.

Сотта анықталғандай, жеке кәсіпкер В,  «Азық-түлік» дүкенінің сатушысы бола тұра он сегіз жасқа толмаған тұлғаға темекі сатқан.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны  үшін кінәлі деп танылып, оған қырық айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді

24/03/2017

Риддер қалалық сотымен Р.Р.Булатовты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК) 106-бабының, 1-тармағымен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Істі қарау барысында анықталғандай, үйдің дәлізінде сотталушы, алкогольдік масаю әсерінде болып, жәбірленушінің ішіне пышақпен соққы жасаған. Нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына ауыр дәрежедегі зиян, яғни ішіне сұғылған жара түріндегі дене жарақатын келтірген.