Архив событий

14/03/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында сот ғимаратына кіріп-шығу тәртібі туралы семинар сабағы өткізілді

14/03/2017

Тарбағатай  ауданының  №2 аудандық сотында сотқа келушілерді қарсы алу, арнайы тексеріп өткізу кіргізу, тәртібі туралы тақырыпта   семинар  сабағы  өткізілді.

Семинар сабағына мамандандырылған күзет қызметкерлері Н.Оралханов, А.Набиев, Д.Нурбеков, М.Токтамысов, Р.Күйеубаевтар қатысты.

Сот жасауылы Ғ.Төлеухан сот ғимаратына келушілерді қарсы алу, арнайы тексеріп өткізу, кіргізу тәртіптері туралы  баяндады.

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енген өзгерістер туралы семинар сабақ өткізілді

14/03/2017

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы К.М.Садуакасова Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының  2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VI Заңын оқып үйрену бағытында судьялар арасында  семинарлық сабақ өткізді.

Аталған шараға тарбағатай ауданының аға прокуроры Б.Бекенов, адвокаттар Т.Аубакиров, А.Байтілеуов қатысты.

Банктік заңнаманы қолданудың кейбір сұрақтары бойынша азаматтық істерді қарау тәжірбиесінің соттық талдауы зерттелді

14/03/2017

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық сотында Банктік заңнаманы қолданудың кейбір сұрақтары бойынша азаматтық істерді қарау тәжірбиесінің соттық талдауы тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Судья  С.О.Базарова баяндамасында, банктік заңнаманы қолданумен қаралған азаматтық істер туралы, сот төрелігін  сапалы атқару, соттық тәжірбие, қарызды, сыйақыны өндіруге қатысты статитикалық мәліметтерді айтты.

Теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

14/03/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық соты азамат А.Шамгуновқа қатысты ҚК-тің 346-бабы,  1-бөлігімен, яғни (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру) туралы қылмыстық ісі қаралды.

А.Шамгунов  сот қаулысымен көлік құралдарын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айырыла тұра, көлігін алкогольдік масаң күйде басқарған.

«Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы» тақырыбында семнар сабағы өткізілді

14/03/2017

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты ғимараты және жергілікті соттардың ғимараттары,Қазақстан Республикасы үкіметінің 07.10.2011 жылғы «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы қаулысының негізінде аса маңызды күзетілуі тиіс нысандарға жатады.

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы арнайы мамандандырылған күзет қызметкерлерімен жиын өткізді

14/03/2017

Аудандық соттың төрағасы К.М.Садуакасова арнайы мамандандырылған күзет Басқармасының қызметкерлерімен жиын өткізді.

Аталған шараға арнайы мамандандырылған күзет   қызметкерлері мен кеңсе мамандары қатысты.

Жиында К.М.Садуакасова, Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміровтың Сот нысандарын күзету ішкі тәртіптерді сақтай отырып, келушілерді қарсы алу, арнайы тексеріп өткізу, кіргізу тәртіптері» ережесінің сақталуын қамтамасыз ету туралы қызметтік хатымен  таныстырды.

«Мемлекеттік қажеттілікке байланысты жер телімдерін алу дауларына қатысты соттық тәжірбие талдауының жобасын талқылау» тақырыбыңда дөңгелек үстел өткізілді

14/03/2017

Өскемен қалалық сотымен «Мемлекеттік қажеттілікке байланысты жер телімдерін алу дауларына қатысты соттық тәжірбие талдауының жобасын талқылау» тақырыбыңда дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара жұмысына «Өскемен қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ-нің өкілдері Н. Е. Ушакова, А. Джуасова, Жерді қорғау мен қадағалау Басқармасының өкілдері  А.Т.Тұрысбекова, Н.Т. Айтханова, МемЖҚМ директорының орынбасары  Р.Б.Дауталинов, жетекші орынбасары О.Ю.Бедарева, БАҚ өкілдері қатысты.

Зайсан аудандық сотында сот актілерінің орындалу мәселелері талқыланды

14/03/2017

Зайсан аудандық сотында «Сот актілері орындалуымен құнды» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық соттың төрағасы Б.Мергембаев модератор болып, іс-шараға судьялар Н.Хасенбаев, Г.Нұртазинова, Ш.Оспанова, аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімі, әділет басқармасы өкілдері, мемлекеттік сот орындаушы Г.Габдуллаева, жеке сот орындаушы С.Салықбаева қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы»: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы семинар барысында талқыланды

14/03/2017

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы»: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  жолдауы семинар барысында талқыланды.

Алкоголдік мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 3 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

14/03/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша А.А.Оспановқа қатысты  (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік,  есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде  басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік,  есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң  күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік іс қарады.

Қылмыстық іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

14/03/2017

Курчатов қалалық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің  191-бабының, 1-бөлігімен (тонау) Р.И.Абдрашитовты айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы Р.И. Абдрашитов алкогольдік масаң күйде дүкеннен бір жәшік сыраны ашық түрде жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Сот отырысында тараптар медиация тәртімен татуласқандарын айтып, істі қысқартуды сұрады.

Қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты қысқартылды.

Ірі мөлшердегі есірткі заты тәркіленді

14/03/2017

Аягөз аудандық сотымен азамат С.-ны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының, 3-бөлігімен (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) айыптау туралы қылмыстық ісі қаралды.

Жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды

14/03/2017

Зырян аудандық сотымен Зырян аудандық ішкі істер бөлімінен түскен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы, 1-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) әкімшілік іс қаралды.

Жерді мемлекеттік мұқтаж үшін алу бойынша сот тәжірибесіне жүргізілген қорытудың жобасы талқыланды

14/03/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында  жерді мемлекеттік мұқтаж үшін алу бойынша сот тәжірибесіне жүргізілген қорытудың жобасы талқыланды.

Іс шараға Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының судьялары мен мамандары,   жер саласымен айналысатын жергілікті атқару органы мен Катонқарағай аудан прокуратурасының өкілдері қатысты.

Медиация - дауларды шешудің ең тиімді тәсілі

14/03/2017

Өскемен қалалық сотына Банк Д-ға қарызды өңдіру және кепілдікке қойылған мүлікті өңдіріп алу туралы талап арызымен шағынданды.

Істі сот талқылауына дайындау кезінде тараптар дауды шешу үшін татуластыру рәсімдерін өткізуге өтініш берді.

Азаматтық іс бойынша медиация өткізу барысында тараптар өзара тиімді шарттарымен келісімге қол қойды.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

14/03/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Е.С.Қоянбаев қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Судья Е.С.Коянбаев сотталушы А-ға қатысты қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің  қойған сұрақтарына жауап берді. Сотталушы А. пышақ қолдану арқылы жәбірленуші С-ны қасақана қазаға ұшыратқан.

Шетелдік азамат Қазақстан шекарасынан шеттетілді

14/03/2017

Өскемен қалалық соты  Өзбекстан азаматын Қазақстан аумағынан шығару туралы азмаматтық істі қарады.

Сотта,  Өзбекстан азаматы бұрын Қазақстан Республикасында қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды. Сот үкімімен ҚР ҚК 190- бабы, 2-бөлігі, тармақтары бойынша 1 жыл 10 айға  бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. 

Аудандық соттың 2017 жылдың ақпан айындағы жұмыстары қорытындыланды

14/03/2017

Үржар аудандық сотында 2017 жылдың қаңтар айындағы аудандық сот жұмыстарын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты өткізілді.

Сот төрағасы Д.С.Серикбай  көрсетілген мерзім аралығында жасалған жұмыстарды қорытындылай келе, 2017 жылдың қаңтар айында сотпен 9 тұлғаға қатысты 9 қылмыстық іс, оның ішінде  үкім шығаруымен 6  тұлғаға қатысты 6 іс қаралғанын, 84  азаматтық іс аяқталып, 45  шешім шығарумен қаралғанын, 107 тұлғаға қатысты 107  әкімшілік іс аяқталғаны туралы статистикалық деректер келтірді.

Материалдық зиян өндірілді

14/03/2017

Өскемен қалалық сотында материалдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер өзінің талабында, 2016 жылы жауапкердің шатырдан қармен сумелекті тазалау барысында, пәтерді су басып қалғанын айтып көрсетті. Сот сараптама қорытындысы бойынша пәтерді қалпына келтіру құны 63 200 тенгені құрады.

Өскемен қалалық соты талапкердің материалдық зиянды өндіру туралы талап арызды ішінара қанағаттандырды. ПИК «М»-дан талапкердің пайдасына  63 200 теңге материалдық зиян және 17372 теңге сот шығындары өндірілді.

Риддер қалалық сотында кеңес өткізілді

14/03/2017

Риддер қалалық сотында сот актілерінің орындалуы бойынша тұрақты түрде айналысуға жұмыс тобы құрылып, әр аптаның жұмасында атқарылған жұмыс туралы есеп беру және талқылау туралы шешім қабылданған болатын.

Риддер қалалық сотының төрағасы Т.Адаспаев аталған мәселе бойынша Риддер аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы Р.А.Манаповамен және осы салаға жауапты қадағалаушы Риддер қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры А.Е.Горбачевамен жұмыс кеңесін өткізді.