Архив событий

28/02/2017

Шығыс Қазақстанда «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің аттестатталуы басталды

28/02/2017

Шығыс Қазақстанда «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің аттестатталуы басталды. Олардың арасында облыс соттарының қызметшілері де тестілеуден өтуде. Тестілеу Қазақстан Республикасының ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Басқарма агенттігінің тестілеу Орталығында өткізілуде.   

Мемлекеттік қызметшілерге алдымен өздерінің кәсібиліктерін дәлелдеу ғана емес, оған қоса жеке тұлғалық қасиеттерін де анықтау көзделген.

Пилоттық жобаны іске асыру мақсатында қарқынды іс-шаралар өткізілуде

28/02/2017

ҚР Жоғарғы Соты төрағасымен бекітілген Пилоттық жобаны іске асыру мақсатында Зайсан аудандық сотымен қарқынды іс-шаралар өткізілуде.

 Осыған орай, Зайсан аудандық сотының судьясы Ш.Оспанова Зайсан қаласындағы ЖШС Құрлыс компаниясында  дәріс өткізді.

Судья тікелей эфирде сұхбат берді

28/02/2017

Өскемен қалалық сотының судьясы А.Рамазанова «Менің құқығым» телебағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді.

Тікелей эфир барасында судья А.К. Рамазанова,  2017 жылдың  26 қаңтарында Жоғарғы Сот Төрағасымен өзге санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сот алдындағы дауды реттеу  пилоттық жобасының бекітілгендігі жөнінде түсіндірді.

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы Пробациялық қызмет бойынша өткізілген «дөңгелек үстелге» қатысты

28/02/2017

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы К.М.Садуакасова  Шығыс Қазақстан облыстық  Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары А.М.Атаев өткізген аудандағы пробациялық қызметке тәжірибелік көмек көрсету бағытындағы «дөңгелек үстелге» қатысты.

Сот төрағасы аталған шара барысында бүгінгі таңда қылмыстық заңнаманың ізгілендірілуіне байланысты сот актілерінің орындалуы көбіне пробациялық қызметтің жұмысын ұйымдастырудағы нәтижелерге тікелей қатыстылығына тоқталды.

160 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

28/02/2017

Тарбағатай ауданының № 2 аудандық соты ҚК-нің 346-бабы,  1-бөлігімен  (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) азамат Н-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ашық есік күні өтті

28/02/2017

Тарбағатай ауданының № 2 аудандық сотында  «Ашық есік күні»  іс-шарасы өткізілді.

Ашық есік күніне келуші азаматтарды Тарбағатай ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы С.К.Ахмеджанов қабылдады.

Іс-шараға А.М.Хамзина қатысып, мемлекеттік мекемеден зиянды өтеу туралы күшіне енген сот актісі бойынша атқару парағын алу және оны орындауға жолдау тәртібі туралы сұрақтар қойды, оның сауалдарына заң негізінде  толықтай түсініктемелер  берілді.

Сот орындаушыларының қатысуымен «Сот актілерінің орындалуының барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

28/02/2017

Глубокое аудандық сотында «Сот актілерінің орындалуының барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына кеңсе меңгерушісі Ж.Еренбақов,  жеке сот орындаушылар Г Акышева., Б. Тукужуков және сот мамандары қатысты.

Дөңгелек үстелді өткізуінің басты мақсаты - сот актілерін орындау барысында туындайтын өзекті мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын табу.

Қанатқақты жобаны енгізу жолдары

28/02/2017

Бородулиха аудандық соты «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның өкілі, филиал директоры С.Г.Борозенцевтың  қатысуымен даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру тақырыбы бойынша дөнгелек үстел өткізді.

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік соты сот актілерін орындау бойынша дөңгелек үстел өткізді

28/02/2017

Дөңгелек үстелге сот судьялары, сот қызметкерлері, мемлекеттік сот орындаушылары және Риддер қаласының прокуратура қызметкерлері қатысты. 

Сот төрайымы Г. Оспанова, сотпен әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарылатыны, айыппұлдарды өндіру мемлекет кірісіне енетіні, олардың орындалуы тұрақты бақылауда екендігі жөнінде айтып өтті. 

Көрiнеу жалған сөз жеткiзгені үшін сотталды

28/02/2017

Зырян аудандық сотымен Қылмыстық кодесінің 419-бабының, 3-бөлігімен (көрiнеу жалған сөз жеткiзу) көзделген құқық бұзушылық жасаған Р.А.Смаиловқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, Р.А.Смаилов Зырян АІІД ғимаратында бола тұра Зырян АІІД басшысына полиция қызметкерлері оған күш қолданып лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланғандары жайлы көрінеу ақпарат жеткізгені анықталды.

Ашық есік күні

28/02/2017

Бородулиха ауылында аудандық сотында ауыл тұрғындары үшін «Ашық есік күні» өтті. Шара өткізу барысында қатысушылар сотта іске асырылған,  даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны  енгізуге қызығушылықтарын білдірді. Оны іске асыру мақсаты азаматтық сот өндірісіне дауларды (жанжалды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу.