Архив событий

09/03/2017

Тарбағатай аудандық сотында ағымдағы жылдың екі айының қорытындысы жөнінде брифинг өткізілді

09/03/2017

Сот төрағасы К.М.Садуакасова ағымдағы жылдың екі ай жұмыстарының қорытындысына байланысты жергілікті БАҚ өкілдерін шақырып брифинг өткізді. Аталған шараға аудан прокурорының орынбасары Р.Тулегенов, «Біздің заман» газетінің редакторы Е.Құттыбаев қатысты.

Өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойылды

09/03/2017

ШҚО Глубокое аудандық соты  мен «Глубокое аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты – аталған мемлекеттік органдар арасында заң аясында ақпарат алмасу және аудан бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын жетілдіру мәселелері бойынша тығыз қарым-қатынас орнату болып табылады.

Жерді мемлекет мұқтажына алу бойынша сот тәжірибесіне жасалған қорытудың жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

09/03/2017

Глубокое аудандық сотының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жерді мемлекет мұқтажына алу бойынша сот тәжірибесіне жасалған қорытудың жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Глубокое аудандық сотының төрағасы С.Жансейіт, судьялар А.Рахимжанова, А.Болатова, Глубокое ауданының Әкімі Қ.Байгонусов, Глубокое ауданы бойынша жер қатынастар бөлімінің басшысы С.Кимасов, прокуратура өкілдері және жер саласының мамандары қатысты.

«Судьялардың әдеп кодексінің негізгі қағидаттары» тақырыбындағы брифинг өткізілді

09/03/2017

Көкпекті аудандық сотының төрағасы Ә.Бақытбекұлы жергілікті БАҚ өкілдерімен «Судьялардың әдеп кодексінің негізгі қағидаттары»  тақырыбында брифинг өткізді.

Брифинг барысында Ә.Бақытбекұлы  сот алдында тұрған жоғары және жауапты міндеттер судьялардың өз кәсіби қызметін халыққа адал қызмет ету, Конституция мен заңдарды мүлтіксіз орындау, адалдық, қиянатқа бармау, әділдік, халық арасындағы талассыз бедел, қызметте және тұрмыста адамгершілік пен мораль нормаларын, мінез-құлықтың этикалық ережелерін сақтау  негізінде жүргізуді көздейтінін айтты.

«Төрелік» ақпараттық жүйесінде есептілікті қалыптастыру» тақырыбында семинар сабағы өтті

09/03/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында «Төрелік ақпараттық жүйесінде есептілікті қалыптастыру» тақырыбында сот мамандарының қатысуымен семинар сабағы өтті.

Семинарда бас маман – сот отырысының хатшысы А. Закенов баяндама оқыды.

Бесқарағай аудандық сотының 2017 жылдың 2 айындағы жұмыстары қорытындыланды

09/03/2017

Бесқарағай аудандық сотында «Бесқарағай тынысы» аудандық газетінің тілшісі Л. Шахворостованың қатысуымен 2017 жылдың 2 айында атқарылған жұмыстарының нәтижесін қорытындылау мақсатында сот төрағасы А.Абдрахмановтың төрағалық етуімен баспасөз мәслихаты өткізілді.

«Медиация – дау, жанжалдың шешудің баламалы оңтайлы түрі» тақырыбында семинар сабағы өтті

09/03/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық соты Күршім ауданының Марқакөл ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында медиация іс бөлмесінде «Медиация – дауды шешудің баламалы оңтайлы түрі» тақырыбында кәсіпқой емес медиаторлардың қатысуымен семинар сабағы өткізілді.

Аягөз аудандық сотында «Пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында семинар өткізілді

09/03/2017

Аягөз аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында сот судьялары К.Халелова, Б.Оразбек, кәсіби медиатор К.Амреева және кәсіби емес медиаторлары С.Фаткулин, Т.Орманов, заң кеңесінің меңгерушісі С.Акажановтың және Аягоз ауданының адвокаттарының қатысуымен семинар  өткізілді.

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба» тақырыбына дөңгелек үстел өтті

09/03/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотымен Катонқарағай ауылының әкімшілік ғимаратында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Іс шараға  сот қызметкерлері, Катонқарағай ХҚКО және ауылдық округінің өкілдері қатысты.

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді

09/03/2017

Бесқарағай аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі»  тақырыбында семинар өткізілді. 

Семинар  басында бас маман Ж.Ермекова мемлекеттік қызмет атқару –қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қоятынын айтты.

Медиация рәсімі қолданылды

09/03/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК 188-бабы, 2-бөлігі, 2,3- тармақтарымен, 191-бабы, 1-бөлігімен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, бірнеше рет, тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кіру; тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру) И.Анашкинге қатысты қылымыстық іс қаралды.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында брифинг өтті

09/03/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Арай-Луч» аудандық газетінің өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың екі айында қаралған істер бойынша брифинг өтті.

Брифингті ашқан судья Г.Кудербаева БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, 2017 жылдың екі айында қаралған істер бойынша статистикалық мәліметтерді жариялады. Аталған мерзім ішінде барлығы 31 азаматтық, 3 қылмыстық, 19 әкімшілік іс қаралды. Оның ішінде 3 азаматтық, 2 қылмыстық  және 4 әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Қауіпсіздік жөнінде шара өткізілді

09/03/2017

Риддер қалалық сотының төрағасы Т.Адаспаев соттың аға приставы А.Кесикбаев,  «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» (МКҚБ) ММ-нің Риддер взводы жетекшілігімен сот ғимаратының, судьялар мен қызметкерлердің, сонымен қатар процестерге қатысушылардың қауіпсіздігі жөнінде жиналыс өткізді.

Медиация бойынша пилоттық жоба талқыланды

09/03/2017

Достық үйінде Өскемен қаласының №2 сотымен кәсіби және кәсіби емес медиаторлар арасында ҚР Жоғарғы сотының төрағасымен 26.01.2017 ж. бекітілген дауларды сотқа дейін реттеу енгізу бойынша медиация жолымен дауларды жекелеген санаттары бойынша пилоттық жобаны іске асыру мәселесін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында 2017 жылдың 2 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті

09/03/2017

Көкпекті ауданының №2 аудандық соты сот билігінің беделін күшейту, сот қызметін ұйымдастыру деңгейін, сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын және тиімділігін арттыру, бұқаралық-ақпарат құралдарымен ашық та жариялы тығыз қарым – қатынаста шаралар атқару мақсатында брифинг ұйымдастырды.

Бұл шараға аудандық «Жұлдыз», «Новая жизнь» газеттерінің тілшісі К.Апсадықова қатысты.