Архив событий

02/03/2017

«Халықаралық шарттардың ережелерін қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

02/03/2017

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық сотымен «Халықаралық шарттардың ережелерін қолдану» тақырыбында семинар өткізілді.

Судья Р.М.Абишев баяндамасында, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан Республикасы Парламентімен ратификацияланған халықаралық шарттарды атап өтті.  Сонымен қатар, азаматтық істерді қарау барысыңда соттар қандай халықаралық шарттардың ережелерін басшылыққа алатынын да атап өтті.

Өскемен қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өткізілді

02/03/2017

Өскемен қаласының №2 сотында сот актілерін орындауға қатысты мәселелерді талқылауға байланысты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Өскемен қаласының №2 сотының судьялары Қ.Қасымов, Д.Қожахметов, Өскемен қаласының прокуратура бөлімінің прокуроры А.Бердыкенов, Өскемен қаласы бойынша сот үкімдері мен әкімшілік айыппұлдарды іздестіру бөлімінің аймақтық бөлімшесінің аға сот орындаушысы А.Илиясов, мемлекеттік сот орындаушысы Ж.Шаймарданова, сот мамандары А.Маусеитова, Д.Кашкенбаева қатысты.

Заң факултетінің студенттері Өскемен қаласының №2 сотында әдістемелік сабақ өткізді

02/03/2017

Өскемен қаласының №2 сотында оқу-сабақ процесінің көрсетілімі  өткізілді, онда судья және сот процесіне қатысушылардың рөлдерін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің заң факультеті студенттерінің өздері сомдады. Оқу процесінің фабуласын студенттер өз қалауларымен ұйымдастырды.

Пилоттық жобаны талқылау бойынша кездесу

02/03/2017

Курчатов қалалық сотында кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен «Дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша  пилоттық  жобасы енгізу» тақырыбында кездесу өтті.

Мамандандырылған күзет қызметінің мамандарымен семинар өтті

02/03/2017

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында «Жергілікті соттар ғимаратына өткізу және ішкі объектілік тәртіп» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Шара жұмысына сот приставы Д.Абилмажин, сот мамандары, МКҚБ 2-ші бөлімінің командирінің көмекшісі А.Налома және сот ғимаратындағы күзет қызметімен айналысатын тұрақты қызметкерлер қатысты.

Сот приставы Д.Абилмажин іс-шараның басты мақсаты - аудандық сотта ішкі қауіпсіздік ережелерін  үнемі сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу екендігін атап өтті.

Қылмыстық теріс қылық туралы іс медиация тәртібімен қысқартылды

02/03/2017

Көкпекті аудандық сотына Ж.Темербековадан Ж.Сарсембаевты Қылмыстық кодекстің 108-бабымен қарастырылған қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы жеке шағымы келіп түскен.

Сотта, Ж.Сарсембаевтың жанжал барысында жәбірленушіні ұрып оның денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтіргені анықталды.

Сотта тараптарға медиация тәртібімен татуласу мүмкiндiгi түсiндiрілген соң, тараптар медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімін жасап сотқа ұсынды.

Соттың 2017 жылдың екі айындағы атқарылған жұмыстары қорытындыланды

02/03/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Ә.Кәсенов сот ұжымының қатысуымен 2017 жылдың  екі айындағы жұмыстарының қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Медиация тәртібінде татуласты

02/03/2017

Зырян аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 108-бабымен көзделген (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру) құқық бұзушылық жасағаны үшін А.С.Полтараковқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта істі қарау кезінде, А.Полтараков жәбірленушінің үйінде бола тұра оның денесіне жеңіл жарақаттар тигізгені анықталды.

Сот мәжілісінде тараптардан медиация тәртібімен татуласуларына байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы өтініш түсті.

Әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салынды

02/03/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 480-бабының, 1-бөлігімен (бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын немесе өзiне қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамауы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Р.Ыдырысовқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Р.М. Ыдырысов Семей қаласы Әуезов ПБ «Әуежай»  участкелік полиция пунктіне тіркеуге келмей, Семей қаласы №2 сотының өзіне қойылған әкімшілік қадағалау қағидалары мен шектеулерін бұзғандығы анықталды.

Сот актілерінің орындалуы талқыланды

02/03/2017

Күршім аудандық сотында «Сот актілерін орындаудың өзекті мәселелері» тақырыбында судьялардың, сот мамандарының,  аудандық прокуратура өкілінің, Күршім аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Сот төрағасы Е.Шымыров өз баяндамасында, атқару парағын сот орындаушылар палатасына жолдау және орындау мерзімдері  барысындағы мәселелерге назар аударды. Дөңгелек үстел аясында атқару өндірісі  бойынша мәселелер, соның ішінде атқару парағын орындаусыз қайтару негіздері талқыланды.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

02/03/2017

Зырян аудандық сотында соты ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-тармағында (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған В.Брикатнинға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

В.Брикатнин өзінің үйінде алкогольдік  масаң күйінде жанжал шығарып, жұбайына қатысты балағат сөздер айтқаны анықталды.

Сотта істі қарау кезінде, жақтар кәсіби емес медиатордың қатысуымен татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерін сотқа ұсынды.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

02/03/2017

Зырян аудандық сотында соты ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-тармағында (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған В.Брикатнинға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

В.Брикатнин өзінің үйінде алкогольдік  масаң күйінде жанжал шығарып, жұбайына қатысты балағат сөздер айтқаны анықталды.

Сотта істі қарау кезінде, жақтар кәсіби емес медиатордың қатысуымен татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерін сотқа ұсынды.

Медиация тараптарды татуластыру нысаны

02/03/2017

Бородулиха аудандық сотының төрағасы С.Д.Байбосынова  даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру ережесін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына «ШҚО Бородулиха ауданының  жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің өкілдері басшысы Д.М.Бергенев, мамандары О.А.Морозова және А.Жұмадилова,   Г.Ибраева қатысты.