Архив событий

13/03/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Қауіпсіздік – азаматтардың өмірлерінің маңызды шарты» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді

13/03/2017

Қауіпсіздік – бұл барлық азаматтардың өмірлерінің маңызды шарты, алайда соңғы уақыттағы жағдайлар қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге баса назар аударуды, әсіресе сот жүйесінде, сот жүйесінің қызметкерлері мен оған келушілер сияқты адамдардың көп шоғырланған жерде қажет екендігін  көрсетуде.

Ашық есік күні

13/03/2017

Жарма аудандық сотының судьялары А.М.Садуакасова мен Д.Т.Толегеновтың қатысуымен  медиация кабинетінде «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - халыққа медиацияны қолдану сұрақтары бойынша құқықтық көмек көрсету.

Аталған іс-шара аясында туындаған дау-дамайды шешу сұрағымен ауданымыздың  тұрғындары жүгініп, өздерінің сұрағына жауап алды және оларға екі жақты да қанағаттандыратын өзара тиімді шешімге қол жеткізу үшін медиаторға жүгіну мүмкіншіліктері түсіндірілді.

«100 нақты қадам – баршаға арналған заманауи мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

13/03/2017

Катонқарағай аудандық сотының ғимаратында Елбасының «100 нақты қадам – баршаға арналған заманауи мемлекет» бағдарламасын  насихаттау және түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс шараға аудандық сот судьялары, сот қызметкерлері, құқық қорғау органдарының басшылары және ауылдық округ әкімдігінің мамандары және адвокаттардың қатысуымен өткізілді.

Сот бюджет қаражатын өндірді

13/03/2017

Курчатов қалалық сотында  «Лебяжі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің арызы қаралды.

Өндіріп алушы сотқа, борышкердің келісім-шартты орындамау себебінен, одан әлеуметтік қолдау шаралары негізінде берілген 138 740 теңге бюджет қаражатын өндіріп алу туралы арызымен жүгінген.

Жер мәселесіне қатысты құқық бұзушылықтан туындаған жауапкершілік

13/03/2017

Катонқарағай аудандық жер қатынастар бөлімде «Жер мәселесіне қатысты құқық бұзушылықтан туындаған жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс шараға судья Н.С. Нұрсапинов, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және жер қатынастар бөлімінің мамандары қатысты.

Заңдылықтың бұзылуы жеке қаулы шағаруға әкелді

13/03/2017

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында Көкпекті инспекциясы бөлімінен түскен «Рыбпром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Өскемен қаласындағы филиалына қатысты ӘҚБтК-нің 389-бабының 1-бөлігімен (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)) әкімшілік іс қаралды.

Курчатов қалалық сотында семинар өткізілді

13/03/2017

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығына байланысты «Рақымшылық жасау» туралы Заңын түсіндіру мақсатында Курчатов қалалық  сотында, Курчатов қалалық Пробация қызметкерінің қатысуларымен семинар өтті.

Брифинг өткізілді

13/03/2017

Күршім  аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны түсіндіру мақсатында  брифинг  өткізілді.

Сот төрағасы Е.Шымыров бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне жобаның артықшылығы мен ерекшелігін атап өтіп, медиацияны міндетті түрде өткізу қажет болатын даулар санаттарына баса назар аударды. Сонымен қатар арыздардың, талап-тілектің және дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің үлгілерімен таныстырып өтті.

Науалы ауылдық округінде халықпен кездесу өтті

13/03/2017

Үржар аудандық сотының  төрағасы Д.С. Серикбай  Үржар ауданының  Науалы ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Аталған шарада ауылдық округтердің мамандары, ақсақалдар кеңесінің мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты.

 Шараны өткізу барысында Д.Серикбай  «Даулардың (жанжалдың) жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру Ережесі» Жоғарғы Соттың төрағасымен бекітілгені туралы кеңінен түсіндіріп өтті.

Айыппұл салу түріндегі әкімшілік шарасы қолданылды

13/03/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің  610-бабының, 1-бөлігінде (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Е.Тусуповқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Мемлекеттік қажеттілікке байланысты жер телімдерін алу дауларына қатысты мәселелер талқыланды

13/03/2017

Семей қалалық сотында жер заңнамасын жетілдіру бойынша мемлекеттік органдардың ұстанымын анықтау мақсатында «Мемлекеттік қажеттілікке байланысты жер телімдерін алу  дауларының қаралуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға судьялар, қала әкімшілігінің, прокуратураның және жер қатынастары саласындағы органдардың өкілдері қатысты.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

13/03/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қ.Б.Зәбенов, БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Судья Қ.Б.Зәбенов сотталушы М-ға қатысты қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің  қойған сұрақтарына жауаптар берді. Сотталушы М. төбелес барысында жәбірленуші  А-ны темір монтировкамен соғу арқылы қасақана қазаға ұшыратқан.  Сот үкімімен сотталушыға М-ға 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.

«Жаңа пилоттық жоба» тақырыбында кәсіби емес медиаторлармен семинар өткізілді

13/03/2017

Үржар аудандық сотының төрағасы  Д.С.Серикбай «Жаңа пилоттық жоба»   тақырыбында  кәсіби емес медиаторлармен семинар өткізді.

Шараға кәсіби емес медиаторлар : С.А.Жексембаев, Г.А.  Каленова, М.Х.Сарқұлов, Т.С.Тұрдиев, А.Н.Тұрлиев  қатысты.

«Мемлекеттік қажеттілікке байланысты жер телімдерін алу дауларына қатысты сот тәжірибесі қорытындылары бойынша жобаны талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

13/03/2017

Шемонаиха аудандық сотында судьялардың, жергілікті атқарушы органдарының, «Шемонаиха ауданының жер қатынастар бөлімі» ММ-нің өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік қажеттілікке байланысты жер телімдерін алу дауларына қатысты сот тәжірибесі қорытындыларын  талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар мемлекеттік қажеттілікке байланысты  жер телімдерін алу дауларына қатысты сот тәжірибесі қорытындылары бойынша негізгі  ережелерін талқылады.

Катонқарағай аудандық сотында жаңа Еңбек кодексінің нормаларын қолдануда туындайтын мәселелер талқыланды

13/03/2017

Катонқарағай аудандық сотында жаңа Еңбек кодексінің нормаларын қолдануда туындайтын мәселелерге қатысты аудандық сотының судьялары, сот қызметкерлерінің, прокуратура органдарының өкілдері, адвокаттардың және кәсіби емес медиатордың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының жаңадан тағайындалған төрағасы алғаш рет азаматтарға қабылдау өткізді

13/03/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының жаңадан тағайындалған төрағасы Р.Омаров, жеке мәселелері бойынша келген азаматтарды қабылдады.

Сот төрағасының қабылдауында ауылдық округтің әр түрлі елді мекендерінен келген 8 азамат болды.

Достық Үйінде дөңгелек үстел өтті

13/03/2017

Риддер қалалық сотының судьясы Б.Уйданов, қаланың Достық үйінде «Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер» тақырыбында өткізілген Дөңгелек үстелге қатысты.

Шараға Қоғамдық келісім Кеңесі төрағасы Ә.Қ.Эсенова, қалалық «Возраждение» этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Л.В.Игнатьева, «Русская культура» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Брикман В.П. «Жауынгерлер аналары» комитетінің төрағасы Л.А.Вильд және Риддер аграрлы-техникалық колледжінің студенттері қатысты.  Қалалық БАҚ өкілдері шақырылды.

«Конституциялық реформа – уақыт талабы»

13/03/2017

Парламент палатасының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Заң жобасын қабылдады. Осыған орай ағымдағы жылдың 10 наурызында аудандық «Достық үйінде» Катонқарағай ауданлық сотының судялыққа тәлімгер  Т.А. Сивицкая, қоғамдық келісім кеңесінің өкілі Б.Ф. Оженовтың, аудандық «Достық үйінде» директоры Н.А. Гастееваның қатысумен халықпен, қоғамдық кеңеспен Басты Заңға өзгеріс енгізу туралы жобасын және өткізіліп жатқан реформаны түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.