Архив событий

01/03/2017

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы «Жас Ұлан» мектебінің тәрбиеленушілеріне патриоттық шара өткізді

01/03/2017

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған Семей қаласының Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мектеп-лицей-интернатының тәрибеленушілеріне арналған ашық есік күнін өткізді.

Дөңгелек үстел

01/03/2017

Бородулиха аудандық сотының төрағасы С.Д.Байбосыновамен Жоғарғы Соттың даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру мәселесі туралы «Бородулиха ауданының әкімі аппараты» ММ-нің кәсіпкерлік бөлімінде дөңгелек үстел өткізілді. Талқылауға бөлім басшысы О.А.Жолдыбеков және бөлім қызметкерлері қатысты.

Пилоттық жобаны талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

01/03/2017

Бесқарағай аудандық сотында дауларды (жанжалдарды)  медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді еңгізу бойынша Пилоттық жобаны  жүзеге асыру жолдарын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.                  

Дөңгелек үстелге Бесқарағай аудандық сотының судьясы, сот қызметкерлері және Бесқарағай аудандының кәсібі емес медиаторлары  қатысты.                                                                                                            

Семейдің Ювеналды сотында сот актілерін орындау туралы дөңгелек үстел өтті

01/03/2017

Семейдің Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар әкімшілік айыппұлдарды өндіру бойынша сот актілерінің ұзақ уақыт орындалмау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді.

Семей қаласының әкімшілік айыппұлдарды өндіру бөлімінің сот орындаушысы мен прокуратураның өкілі қатысты.

«Алғыс айту күні» өткізілді

01/03/2017

Бородулиха аудандық сотында  сот төрағасы С.Д.Байбосынованың және сот қызметкерлерінің қатысуымен «Алғыс айту күні» өткізілді.

Сот төрағасы штаттан тыс жұмысшы О.В.Ельниковаға және сот  жұмысшысы Т.Полыгаловаға өз міндетін сапалы және адал орындағаны үшін алғысын білдірді. Еңбекте жетістік және денсаулық тілей отырып, бір-біріне сыйластықпен және кешіріммен  қарап, төзімді болуға шақырды.

 

Бородулиха аудандық сотының

Рақымшылық жасау туралы актінің негізінде жазадан босатылды

01/03/2017

Зырян аудандық сотында Зырян ауданының №1 пробация қызметінің сотталған  И.Н.Огневті жауаптылықтан амнистиямен босату туралы өтініші қарастылды.

Зырян аудандық сотының үкімімен И.Н.Огнев  ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша 5 жылға шартты түрде, пробациялық бақылау орнатумен  сотталған.

Сот қаулысымен сотталған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына орай рақымшылық туралы» Заңының 2-бабы, 3-бөлігі негізінде жазадан босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Алғыс айту күні» атап өтілді

01/03/2017

Қазақстан Республикасының – Президенті Н.Назарбаев 2015 жылы сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХII сессиясында Республикамызда Алғыс айту күнін жариялаған болатын.

Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында «Алғыс айту күні» сот төрағасы Б.Ә.Кәсеновтың және сот ұжымының қатысуымен атап өтілді.

Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат

01/03/2017

Зайсан аудандық сотында «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық соттың төрағасы Б.Н.Мергембаев модератор болып, іс-шараға судьялар Н.З.Хасенбаев, Г.С.Нуртазинова, Ш.О.Оспанова, аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімі, әділет басқармасы өкілдері қатысты.

Пилоттық жоба аясында ақпараттық кездесу өтті

01/03/2017

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  бас ғимаратында: «Медиатор-ХХІ ғасырдың мамандығы» атты ақппараттық кездесу өтті. Кездесуге Шығыс Қазақстан облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мамандары, медиаторлар және университет оқытушылары қатысты.

Пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже бойынша брифинг өткізілді

01/03/2017

Зырян аудандық сотының судьясы Е.М.Костубаев  «Зырян ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің ақпараттық орталығында аудандық «Заря Востока», «Пульс Зыряновска-Көктас таңы» газетінің және «АЛВА» теле арнасының тілшілерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже бойынша брифинг өткізді.

Медиация тәртібімен қылмыстық іс қаралды

01/03/2017

Риддер қалалық сотымен В.Н.Быковтың Г.Ф.Родионованы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 131-бабы, 1-бөлімімен (қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту) қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жеке шағымы бойынша қылмыстық іс қаралды.

Істі басты сот талқылауына тағайындауға дейін сотқа жеке айыпкер В.Н.Быков пен сотталушы Г.Ф.Родионова арасында медиатор К.Д.Манакованың делдалдығымен жасалған медиативтік келісім ұсынылды, оның шарттары бойынша тараптар істі қысқартуды сұраған.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

01/03/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Л.А.Побияха қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Сотталушы Д. жәбірленуші Ш-ның денесінің оң жақ тұсынан  пышақпен ұрып, қасақана ауыр зиян келтірген, алған жарақатының салдарынан жәбірленуші ауруханада қаза болғаны туралы қылмыстық іс бойынша судья БАҚ өкілдерінің  қойған сұрақтарына жауап берді.

Татуластыру рәсімдері туралы дәріс өткізілді

01/03/2017

Риддер қалалық сотының судьясы Б.С.Уйданов Риддер қаласының №5 мектебінің оқышылары алдында «Татуласу рәсімдері, сот медиациясы» тақырыбына лекция оқыды.

Шараның мақсаты - жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыру және олармен жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын-алу, жанжалдық деңгейін төмендету.

Судья өз сөзінде  татуласу рәсімдерін шартты түрде үшке бөліп түсіндірді, олар: бітімгершілік келісімі, медиация және партисипативті рәсімдер. Олардың ұқсастықтарына, айырмашылықтарына жеке тоқталды.

Жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу

01/03/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Ә.Кәсенов сот мамандарының қатысуымен «Жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Сот төрағасы қызметтік міндеттерді лауазымға сәйкес сақтауды, мемлекеттік қызметкердің антына адал болуды, әдеп кодексін сақтап өздік қауіпсіздікті ойлау туралы ескертті.

Такси қызметін пайдаланамын деп, ЖКӨ түсті

01/03/2017

Өскемен қалалық сотының өндірісінде талапкер Д., А., У.-дың өзінің және балаларының мүддесінде әрекет етуші жауапкер Д-ға, сақтандыру компаниясына қатысты материалдық шығынды және моральдық өтемақыны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Көлік басқару құқығынан айырылды

01/03/2017

ШҚО Ұлан аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 596-бабының, 3-бөлігі (жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) бойынша Д.Мұқашевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы екі бағытты жолда көлік құралын басқара отырып, жолды бөліп тұрған көгалдың сол жағынан  айналып өтіп қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен.

Сотта Д.Мұқашев ӘҚБтК-нің 596-бабының, 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Заңсыз сақталған қару тәркіленді

01/03/2017

Бесқарағай аудандық сотындаӘҚБтК-нің 482-бабының бірінші бөлігі (ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы қаруды сақтау) бойынша В.Климовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.                                                         

Іс материалдары бойынша, В.Климовтың 16 калибрлі № Г1257 «Иж-58  моделді тегіз ұңғылы аңшы мылтығы алынған. Аталған қару іші істер органдарының рұқсатынсыз сақталған.                                                                  

Жеке айыптау ісі медиация тәртібімен қысқартылды

01/03/2017

Үржар ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру туралы) жеке айыптау шағымы бойынша Ш.Шегебаеваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай,  Ш.С. Шегебаева жанжал шығарып, жәбірленушіге қатысты ар-намысына тиетін сөздер айтып, оған дене жарақатын келтірген. Сот отырысында тараптармен медиация тәртібімен татуласу бойынша және қылмыстық істі тоқтату туралы  өтініш ұсынылды.

Бесқарағай аудандық сотында «Жемқорлыққа қарсы шаралар» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

01/03/2017

Бесқарағай аудандық  сотында «Жемқорлыққа қарсы шаралар» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.Семинарға Бесқарағай аудандық сотының мемлекеттік қызметкерлері қатысты.  

Сотта дәріс сабағы өткізілді

01/03/2017

Күршім ауданының №2 аудандық соты төрағасының м.а. С.Жүніспекова сот қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдары және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптары бойынша дәріс оқыды.

Мәлімет үшін!

01/03/2017

«Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ бюджетке төлемдерді аудару үшін келесі деректемелерді хабарлайды:

Бенефициар – Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің мемлекеттік кіріс комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесі.

БИН - 991040001526

ИИК – KZ24070105KSN0000000