Архив событий

06/03/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында жаңадан тағайындалған төрағаны таныстырды

06/03/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Е.О. Айтпай Күршім ауданының №2 аудандық сотының ұжымына жаңадан тағайындалған төрағаны таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 20.02.2017 жылғы № 426 Жарлығымен Омаров Руслан Еркинбекович Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды.

Біздің спортшыларымыз – біздің мақтанышымыз!

06/03/2017

Семей қаласында жыл сайын мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада өтізіледі, аталған шараға Семей қаласының соттарының белсенді қатысуы дәстүрге айналған.

2017 жылдың 3 наурызы күні мемлекеттік қызметкерлер арасында шаңғы спортынан XVII  қалалық спартакиада өткізілді. Оған  Семей қаласының №2 сотының судьясы Ж.Т.Абенова, Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының сот приставы А.А.Отарбаев және Семей қалалық сотының сот приставы С.А.Халелов қатысты.

«Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасын іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

06/03/2017

Шемонаиха аудандық сотында сот төрағасы Е.К.Шыныбаев судьялар, кәсіптік және кәсіптік емес медиатор, адвокаттар, сотқа қатысатын жеке және заңды тұлғалардың (заңгерлер) және  мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасын іске асыру» туралы сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өтті.

Ағаштарды заңсыз кескені үшін қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды

06/03/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотымен ҚК-нің 340-бабының, 2-бөлігімен (орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) айыпталған азамат Б.Беткенбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралған.

Б.Беткенбаев қоршау жасау мақсатында «Марқакөл орман шаруашылығы» КММ-ның қорына кіретін 0.36 м3 "қарағай" және "қайың" ағаштарын заңсыз кесіп, нәтижесінде мемлекетке зиян келтірген.

Бесқарағай аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды

06/03/2017

Бесқарағай  аудандық сотымен талап қоюшы Л.Бирюкованың жауапкер Т.Кусаиноваға қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. 

Тараптар кәсібі емес медиатордың  көмегімен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді соттан бекітуді сұрады. Медиациялық келісімнің шарттары сотқа жазбаша түрде беріліп және тараптармен қол қойылған.

Аягөз аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

06/03/2017

Аягөз аудандық сотында «Пробация қызметінің материалдарды рәсімдеуі және сотқа ұсыну мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оған Аягоз аудандық сотының судьясы Қ.П.Халелова  және Аягоз ауданының пробация қызметінің қызметкерлері, прокурордың көмекшісі З.Шаймухаметова қатысты.

Қ.П.Халелова өз сөзінде пробация қызметкерлеріне материалдарды жинауда сапасы мен толықтығына аса назар аударуды ұсынды. Сонымен қатар, ҚР ҚК, ҚІЖК және ҚАК талаптарын сақтауды нұсқады.

Әкімшілік қадағалау орнатылды

06/03/2017

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында бас бостандығынан айыру орындарынан жазасын өтеп, босатылған  И.П.Строкатоваға қатысты әкімшілік қадағалау орнату туралы Самар полиция бөлімінің ұсыным құжаттары қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, И.П.Строкатова бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін үш жылдық мерзім өтпей, алкогольдік ішімдікке салынып, қоғамға қарсы қылық көрсетіп, бір жылдың ішінде 3 қайтара қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.