Архив событий

03/03/2017

«Мүлікті тыйым салудан босату» тақырыбында семинар өткізілді

03/03/2017

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық сотымен «Мүлікті тыйым салудан босату» тақырыбында семинар өткізілді.

Судья Жаров И.А., баяндамасында, мүлікті тыйым салудан босату туралы істердің кейбіреуі азаматтық сот іс жүргізу тәртібінде қаралмайтындығын атап өтті, сонымен қатар, осы істердің соттылығы мен өзге де сұрақтары жөнінде  баяндады.

Қорытындысында судьялар тақырыпқа сәйкес сұрақтар қойып, қатысушылармен өзара пікірлерімен алмасты.

 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Азаматтық процесстік заңнаманың кейбір ережелерін қолдану туралы» қаулысы зерделенді

03/03/2017

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық сотымен жаңадан тағайындалған судьялардың арасында «Азаматтық процесстік заңнаманың кейбір ережелерін қолдану» тақырыбыңда семинар сабағы өткізілді.

Судья М. Б. Нұржанова баяндамасында, сот әрбір азаматтық істі қарау барысыңда материалдық және іс жіргізу ережелерін қолдануды қатаң сақтауы тиіс екендігі жөнінде және жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының актісінің талаптарын  атап өтті.

Өскемен қаласының №2 сотында жаңа судья таныстырылды

03/03/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Чақпантаев судья Енсебаева Жанар Бейсенгалиевнаны салтанатты түрде таныстырылды.

Енсебаева Жанар Бейсенгалиевна бүгінгі таңға дейін 3 жыл көлемінде Семей қалалық сотында судья лауазымында қызмет атқарған. Қазақстан Республика Президентінің 20.02.2017 ж. №426 «ҚР соттарының төрағаларын,  сот алқалары төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» бұйрығымен Өскемен қаласының №2 сотына судья лауазымына тағайындалды.

Сотқа дейінгі және пенитенциарлық пробацияны енгізу сұрақтары бойынша семинар-кеңес өтті

03/03/2017

ШҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі Департаметінде «Пробация туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру туралы» тақырыбында келешекте сотқа дейінгі және пенитенциарлық пробацияны енгізу және оларды жүзеге асыру бойынша шаралар жасау үшін семинар-жиналыс өткізілді.

Іс-шараға  Өскемен қаласының №2 сотының судьясы К.Салбанова, ШҚО ҚАЖД, прокуратура, пробация қызметі, облыстық адвокаттар алқасы және қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты.

Жеке айыптау ісі медиация тәртібімен қысқартылды

03/03/2017

Үржар ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ҚК 108-бабы, жеке айыптау шағымы бойынша (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру туралы) Ж.Ч.Оймакбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, Ж.Ч.Оймакбаев жанжал шығарып,  жәбірленушіні балағаттап, оның ар-намысына тиетін сөздер айтып, денесіне жарақатын түсірген. Сот отырысында тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты. қылмыстық істі тоқтату туралы  өтініш ұсынылды.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

03/03/2017

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Сот  төрағасы А.Аринова шараға келген азаматтарды соттың қызметімен, атқаратын жұмыстары жөнінде таныстырды.

Міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

03/03/2017

Зырян аудандық сотында ӘҚБтК-нің 127-бабының, 1-бөлігі (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет) бойынша құқық бұзушылық жасаған И.Зенкинаға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Өскемен қаласының №2 сотында брифинг өткізілді

03/03/2017

Өскемен қаласының №2 сотында «Мемлекеттің үшінші жаңғыртуы:  жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» Қазақстан Републикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау туралы брифинг өткізілді.

Іс шараға «Мой город» газітінің тілшісі Р.Кудинов, «Менің Өлкем» газетінің тілшісі А.Өрібаев қатысты.

Зырян аудандық сотымен халықаралық құқық нормалары қолданылды

03/03/2017

Зырян аудандық сотымен Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 1-бөлігімен көзделген (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) О.В. Рыбинаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен, О.В. Рыбина алкагольдік масаң күйінде кенеттен пайда болған жан-жалдың салдарынан азаматтық жұбайына пышақпен соққы  жасағаны анықталды.

Сотта істі қарау кезінде халықаралық құқықтық нормалары, атап айтқанда «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы

Конвенциясының» нормалары қолданылды.

Жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды

03/03/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің  596-бабы, 3-бөлігінде (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Н.Кайнолдинге қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Қаруды сақтағаны үшін айыппұлға тартылды

03/03/2017

Зырян аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік іс қаралды.

Н.Лутай  тұрғылықты мекен-жайында Зырян қаласында ішкі істер органдарында тіркелмеген «ИЖ-К» маркалы 28 калибрді тегіс ұңғылы аңшылық қаруды сақтаған.

«Сот жүйесінің жаңа технологиялары – уақыт талабы» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

03/03/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Г.Шакирова сот мамандары арасында «Сот жүйесінің жаңа технологиялары – уақыт талабы» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара барысында, соттың хабарлаулары мен шақыруларын жібергенде, сот отырысында аудио-бейнежазба құралдарын және «Сот кабинеті» ақпараттық сервисіпен қолданғанда туындайтын мәселелер талқыланды.

Cот отырыстарын аудио-бейнежазбаға түсіру сот талқылауын дәл тіркеу мақсатында пайдаланылады.

Зырян аудандық сотымен жеке кәсіпкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды

03/03/2017

Зырян аудандық соты темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы жөніндегі ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қарады.

Сотта анықталғандай, жеке кәсіпкер Н.Игнатович өзі «Олеся» дүкенінің сатушысы  бола тұра он сегіз жасқа толмаған тұлғаға темекі сатқан.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабының  1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қырық айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

«Атқару құжаттарын электронды түрде орындауға жолдау» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

03/03/2017

Абай аудандық сотының кеңсе меңгерушісі К.И.Абенова «Заңды күшіне енген сот актілері бойынша атқару құжаттарын электронды түрде орындауға жолдау» тақырыбында кеңсе мамандарына семинар сабақ өткізді.