Архив событий

10/03/2017

Семей қаласының Ювеналды сотында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

10/03/2017

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқылауға арналған жиын өткізді.

Дауларды сотқа жеткізбей реттеуге бағытталған ереженің жаңа пилоттық жобасын жүзеге асыру

10/03/2017

Жарма аудандық сотымен қарызды өндіру туралы талап арыз бойынша  медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралы пилоттық жобаны іске асыру бойынша  азаматтық ісі қаралды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 165-бабының 16-тармақшасына сәйкес, тараптарға пилоттық жобаны іске асыру мақсатында азаматтық істі медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша келісіммен аяқтауға құқылы жөнінде хабарлама жолданған.

Мастануды анықтауға куәландырудан өткізу тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

10/03/2017

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік соты мастануды анықтауға куәландыру жүргізу тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  

Дөңгелек үстел жұмысына сот судьялары, Риддер қаласының ҚІІБ ЖПҚ қызметкерлері, Риддер қаласының Психиатриялық диспансерінің дәрігерлері қатысты. 

Риддер қалалық сотындағы дөңгелек үстел өткізілді

10/03/2017

 

Риддер қалалық сотында «Сот үкімдері бойынша мемлекет пайдасына алынуға жататын сомаларды өндірудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Риддер қаласы прокуроратурасының бөлім прокуроры Горбачева А.Е., Риддер аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы Р.А.Манапова, жеке сот орындаушылар Меткеев Т.А., Хасанов Р.К. және Риддер қалалық сотының аға приставы А.Кесикбаев қатысты.

Жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы қақтығыс бейбіт жолымен шешілді

10/03/2017

Талапкер Семей қалалық сотына «Газпром нефть Казахстан» ЖШС-не тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтарды заңсыз деп тану, еңбек шартын бұзу, учаскенің басшысы лауазымына жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақыты үшін еңбекақыны, 2016 жылдың қорытындысы бойынша сыйақы төлемдерін және 200 000 теңге моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы талап арызбен жүгінген. Жауапкер 200 722 теңге көлемінде материалдық залалды өндіру туралы қарсы талап арыз түсірген.

Сотпен «Кемсітушілікті жою жөніндегі міндеттемелер» тақырыбында конференция өтті

10/03/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасында гендерлік саясаттың дамуын айшықтайтын «Кемсітушілікті жою жөніндегі міндеттемелер» тақырыбында конференция өткізілді.

Конференцияның негізгі мақсаты – гендерлік теңдік саясатының негізгі мазмұны мен мәнін түсіндіру, сонымен қатар осы гендерлік теңдік саласында жағдайды жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы дәріс сабағына қатысушыларға айтып жеткізу.

Дүкен иесі сатып алушыны соққыға жыққан

10/03/2017

Семей қалалық сотында моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа талап арызбен жүгіне келе, азық-түлік сатып алу үшін дүкенге келіп, дүкен иесінің оны соққыға жыққанын көрсеткен. Нәтижесінде құқық бұзушы әкімшілік жазаға тартылып, мемлекет пайдасына 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген. Сотта зардап шегуші жауапкерден 500 000 теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын талап етті.

Сотта «Жерді мемлекеттік мұқтаж үшін алуға байланысты дауларды қарау сот тәжірибесі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті

10/03/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық соттында «Мемлекеттік мұқтаж үшін жерді алып қоюына байланысты дауларды қарау сот тәжірибесі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел Марқакөл ауылдық округінің әкімі С.А.Ақсартовтың қатыстысуымен өтті.

Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы Р.Е.Омаров қатысушыларды ҚР Жоғарғы Соты мемлекеттік мұқтаждық үшін жерді алып қою бойынша сот тәжірибесіне жүргізілген қорытуымен таныстырды.

«Жерді мемлекеттік мұқтаж үшін алып қоюға байланысты дауларды қарау сот тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

10/03/2017

Күршім аудандық сотында «Мемлекеттік мұқтаж үшін жерді алып қоюға байланысты дауларды қарау сот тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Басқосуға Күршім ауылдық округі әкімінің орынбасары, Күршім аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы мен қызметкерлері қатысты.

Қылмыстық жауапқа тартылды

10/03/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында ҚК-тің 340-бабы, 1-бөлігімен (Орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) бойынша аз.Ж.Қайрбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғаны, Ж.Қайрбаев «Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі» ММ-не қарасты орман қорына кірмейтін аумақтан кесуге белгіленбеген 5 дана ағаштарын заңсыз кесіп, өз іс әрекетімен мемлекетке материалдық залал келтірген.

«Медиация - пилоттық жаңа жоба» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

10/03/2017

Самар ауылының Достық үйінде судья А.Амреева ауыл тұрғындарымен «Медиация—пилоттық жаңа жоба» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Медиация - үшінші бейтарап, турашыл тарап медиатордың көмегімен дауды соттан тыс шешу формасы.

Заңсыз қару сақтаған

10/03/2017

Көкпекті аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының бірінші бөлігі (ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы қаруды сақтау) бойынша Ж.Темербековқа қатысты әкімшілік іс қаралды.                                                         

Іс материалдарына сәйкес, Ж.Темербековтан 16 калибрлі «Иж-5»  моделді тегіс ұңғылы аңшы мылтығы табылып, алынған. Аталған қаруды Ж.Темербеков ішкі істер органдарының рұқсатынсыз сақтаған.                                                                  

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Сот кабинеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

10/03/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Сот кабинеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараның мақсаты -  «Сот кабинеті» сервисі туралы  ақпараттандыру, түсіндірме жүргізу.

Іс шараға Катонқарағай мемлекеттік органдарының өкілдері, Катонқарағай аумақтық сот орындаушылар учаскесінің сот орындаушысы, поселкелік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы қатысты.

Есірткелік масаң күйінде көлік жүргізгені үшін 180 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартуға сотталды

10/03/2017

Өскемен қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 346-бабы, 1-бөлігімен (көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткелік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) қылмыс жасаған  О.Тоқтаровқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Сотты құрметтемегені үшін жауапкершілік» тақырыбында семинар өтті

10/03/2017

Зырян аудандық сотында «Сотқа құрметтемегені үшін жауапкершілік» тақырыбында семинар өткізілді.

Судья А.К.Садыкова баяндамасында, сотты құрметтемеушілік үшін жауапкершілік, сот төрелігі талаптары мен барлығының сот алдында тең принципін жүзеге асыру мақсатында қолданылатынын айтып өтті.Сотты құрметтемеушілік үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Ресрубликасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен жауапқа тартылады.

«Глубокое аудандық сотында алколизмнен, наркоманиядан, таксикоманиядан зардап шеккен адамдарды мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

10/03/2017

Глубокое аудандық сотында прокуратура, «Глубокое аудандық орталық ауруханасы» КМҚК- нің өкілдерінің қатысуымен  алколизмнен, наркоманиядан, таксикоманиядан зардап шеккен адамдарды мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу туралы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында Глубокое аудандық сотының судьяларымен жоғарыда көрсетілген санаттағы істер бойынша қолданыстағы құқық нормалары,  арызды қабылдау және  қарау тәртібі  түсіндірілді.

Қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты қысқартылды

10/03/2017

Зырян аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабының, 2-бөлігі, 3-тармағымен көзделген (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен ұрлық жасау) құқық бұзушылық жасағаны үшін Р.А.Касаткинге  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта істі қарау кезінде, Р.А.Касаткин әкесінің үйінде бола тұра, оның жоқтығын пайдаланып тұрақтың есігін ломмен бұзу арқылы заңсыз кіріп 50 000 теңгені құрайтын мүлікті ұрлап, қылмыс болған жерден жасырынып қалғаны анықталды.

Өскемен қаласының №2 сотының судьясы қалалық әкімшілік ғимаратында өткізілген дөңгелек үстел жұмысына қатысты

10/03/2017

Өскемен қаласының қалалық әкімшілігінде «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына берілген несиелерді қайтару және атқару өндірісінде қозғалған қылмыстық істер төңірегінде дөңгелек үстел өткізілді.

Жиынға Өскемен қалалық әкімдігі әкімінің орынбасары А.Искаков, ШҚО бойынша Әділет Департаментінің өкілдері, ШҚО бойынша  мемлекеттік кіріс Департаменті, Өскемен қалалық  ІІБ, қалалық прокуратура өкілдері, АҚ «НК «СПК Ертіс» өкілдері, мемлекеттік сот орындаушылары қатысты.

Зырян аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

10/03/2017

Зырян аудандық сотында құқықтық мәдениетті насихаттау, сот жүйесіне қолжетімділікті және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шараға қаланың және ауданның тұрғындары қатысты.

Аудандық соттың төрағасы А.Е.Исмагулов  келушілерге аудандық сот қызметінің негізгі бағыттары туралы, ашықтық және соттың жариялау қағидаларын сақтау, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық өкілдермен өзара іс-қимыл туралы айтып өтті.

 

Өскемен қаласының №2 сотында «оқыту процесі» өткізілді

10/03/2017

Өскемен қаласының №2 сотында қылмыстық істерді қарау бойынша «Оқыту процесі» рөлді ойын өткізілді.

Барлығы екі процесс жүргізілді: бірі мемлекеттік тілде, екіншісі орыс тілінде. Судьялар рөлдерінде судья лауазымына машықтанушы-кандидат З.Оразаева және Е.Токшекенов, ал басқа қатысушылар рөлдерін С.Амангжолов атындағы ШҚМУ заң факультетінің 3 курс студенттері сомдады.

Еңбекақы бойынша қарыз өндірілді

10/03/2017

Семей қалалық сотында еңбекақы бойынша қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотқа талапкер «ХамирЭлектромонтаж» ЖШС-інде электр монтаждаушы лауазымын атқарғанын және өз ниетімен жұмыстан шыққанын, осы күнге дейін оған 254 000 теңге еңбекақысын төлемегенін көрсетіп талап арызбен жүгінген.

Студенттермен кездесу өткізілді

10/03/2017

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ заң факультетінің 3 курс студенттері «Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» бағдарлау-тәжірибе төңірегіндегі қашықтықтан оқыту бойынша Өскемен қаласының №2 сотында болды.

Экскурсия барысында студенттер сот мәжілісі хатшыларының жұмыстарымен, кеңсе, мұрағат, кодтандыру жұмыстарымен танысты.

Дау бейбіт жолмен реттелді

10/03/2017

Семей қалалық сотымен қайта есептеуді жүргізу, жеке келісім-шарт жасау және моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа «Семей Вторма» ЖШС-не талап арызбен жүгіне келе, жауапкер коммуналдық қалдықтарды шығару үшін төлемдерді ешбір келісімсіз, бақылаушылардың түбіртектері негізінде ғана өндірілетінін,  2014-2015 жылдың сәуір айына дейін өндірілетін сомасымен келіспейтінін көрсеткен.

«Соттың хабарлаулары мен шақырулары» тақырыбындағы дәріс сабағы өтті

10/03/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот мамандарымен дәріс сабағы өтті.

Аталған шарада, бас маман-сот отырысының хатшысы М.О.Байжуманова «Соттың хабарлаулары мен шақырулары» тақырыбында баяндама жасады.

Семей қаласы № 2 сотының судьясы Ж.Т.Абенова мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиададан шаңғы жарысынан бірінші орынды иеленді

10/03/2017

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Ұлт саулығы  -  баға жетпес байлық, мемлекет игілігі. Тек дені сау адам ғана қоғамға тиісті дәрежеде қызмет ете алмақ, демек оның дамуы мен экономиканың өрлеуіне үлесін қоса алады», - деген болатын. Осыған орай Семей қаласында қалалық мемлекеттік қызметкерлер арасындағы кезекті спартакиада болып өтті.

Семей қалалық сотында кезекті «Ашық есік күні» өтті

10/03/2017

Сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін жоғарылату және жас мамандарды тарту мақсатында Семей қалалық сотында кезекті «Ашық есік күні» өтті. Қазақ гуманитарлық - заң инновациялық университетінің студенттер тобы үшін сот қызметінің ерекшеліктері және азаматтық іс жүргізуіндегі қолданылатын заманауи электрондық технологиялар туралы экскурсия жүргізілді.