Сот 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық соты азамат Д.Сембаевқа  қатысты әкімшілік іс қарады.  

Сотта істі қарау барысында, азамат Д.Сембаев алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол қозғалысына қауіп төндіргендігі анықталды. Осылайша, ол Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзған.

Сот қаулысымен азамат Д.Сембаев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының, 1-бөлігімен «Жүргізушінің көлік құралын есірткілік масаң күйде басқаруы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру  жазасы тағайындалды.                                                                                                             

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі