Сақтандыру компанияларына сот актілерін «Сот кабинеті» сервисі арқылы жолдау тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Сақтандыру компанияларына «Сот актілерін «Сот кабинеті» сервисі арқылы жолдау  тәртібі» тақырыбында сот қызметкерлерімен семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағына - кеңсе  меңгерушісі  Б.Р.Тоқтасынова, бас маман-А.К.Жанұзақова, бас  маман сот  мәжілісінің хатшылары А.А.Жакаева, Т.К.Закариянова  және сот приставы Ғ.Төлеухан қатысты.

Кеңсе меңгерушісі Б.Тоқтасынова- әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулыларды заңды күшіне енгеннен кейін электронды түрде қабылдау үшін сақтандыру компанияларына «Сот кабинеті» сервисі арқылы тиісті сот актісін алудың тәртібін, әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулылар заңды күшіне енгеннен кейін оны сақтандыру компаниясына беру үшін сотқа қайта жүгіну қажеттілігі жоқ екендігін, судья барлық сот актілеріне заңды күшіне енгеннен кейін «Төрелік» бағдарламасына еніп, қаулыға қайтадан ЭЦҚ-ны қоятынын, ЭЦҚ қойылғаннан кейін ол заңды күшіне енді деген белгімен электрондық нысанда сақтандыру компаниясына автоматты түрде жолданатынын айтты.

Семинар соңында әрбір қызметкерге «Сот кабинеті» сервисімен тиісінше жұмыс жасап, жеке тұлғаларға қызмет көрсетудің  оңтайлы үлгісіне көшуі қажет екендігін үнемі басты назарда ұстау тапсырылды.

 

Тарбағатай  ауданының  №2  аудандық сотының 

баспасөз  қызметі