«Жерді мемлекеттің мұқтажы үшін алып қою бойынша сот тәжірбиесіне жүргізілген қорытудың жобасын талқылау» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті  аудандық сотында  Көкпекті аудандық сотының төрағасы Ә.Бақытбекұлы «Жерді мемлекеттің мұқтажы үшін алып қою бойынша сот   тәжірбиесіне жүргізілген қорытудың жобасын талқылау» тақырыбына дөнгелек үстел өткізді.

Аталған іс-шараға  «Көкпекті   ауданының әкімінің аппараты»  ММ –нің өкілі   И.Е.Нығметжанов, «Көкпекті ауданының жер қатынастар бөлімі» ММ-нің өкілі  К.К.Аукенов, «Азаматтарға арналған үкімет» комерциялық емес акционерлік қоғамы   ШҚО бойынша филиалы –«Жер кадастыры және жылжымайтын   мүлікті техникалық тексеруден өткізу» департаметінің Көкпекті аудандық бөлімшесінің өкілі А.А.Наурызбаев, Көкпекті аудандық Әділет басқармасының өкілі К.О.Байтлеуов, Көкпекті ауданының прокуратурасының өкілі А.Б.Орақбаев қатысты.

Сот  төрағасы Ә.Бақытбекұлы жерді мемлекеттің мұқтажы үшін алып қою бойынша сот тәжірбиесіне жүргізілген қорытудың жобасы түсіндіріп,  дөңгелек үстелге қатысушылардан жер заңнамасын жетілдіру бойынша пікірлерін тыңдады. Дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасты.

Дөңгелек үстелді  қорытындылай келе барлық туындаған сұрақтар бойынша қатысушыларға түсініктемелер берілді. 

Көкпекті аудандық сотының

баспасөз қызметі