Халықпен кездесуде Елбасы Жолдауы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев Қаратал ауылдық округінде болып онда халықпен кездесу барысында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  Елбасының Жолдауын түсіндіруге арналған іс-шара өткізді.

Халықпен кездесу барысында аудандық соттың төрағасы Б.Мергембаев Елбасының биылғы жылғы жолдауының мазмұнын баяндап, оның ерекшеліктеріне, мақсат-бағдарламаларына тоқталды.

Елбасының жолдауында Қазақстан үшін басымдыққа ие мақсаттар мен міндеттер алғаш рет қысқа мерзімге белгіленіп отыр. Мемлекет басшысы еліміздің 2050 жылға қарай әлемінің ең алдынға қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиістілігін атап өтті. Осы мақсатқа жетуде Елбасы бес  басымдықты айқындап берді. Олар: жеделдетілген технологиялық жаңғыру;  дәстүрлі базалық салаларға серпін беру; бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту; макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету; адами капитал сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту.

Сот төрағасы сондай-ақ басым бағыттарды жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың, соның ішінде еліміздің сот жүйесі мен судьялар қауымдастығының алдында тұрған міндеттерге де тоқталды. Елбасы Жолдауында сот жүйесінің алдына заң үстемдігін қаматамасыз ету және халықтың сотқа деген сенімін арттыру, соттың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету міндеттері қойылған. Бұл бағытта аудандық сотпен атқарылып жатқан іс-шарларға тоқталды. Елбасының Жолдауының сәтті іске асатындығына нақты сенім білдірді.

Іс-шара соңында сот төрағасы қатысушылардың Елбасының Жолдауына байланысты қойған сұрақтарына жауап берді, кездесуге келгені үшін ризашылығын білдірді.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі