Гендерлік саясаттың сұрақтары талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялардың және сот мамандарының қатысуымен «Гендерлік саясат»  тақырыбында семинар сабағы өтті.

«Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенция нормаларын  талқылау» тақырыбында судья Н.А.Жақсыбекова баяндама жасады. Еліміз адам құқықтары бойынша 20-дан астам шарттар мен конвенциялардың қатысушысы екенін атап көрсетті. Еліміздегі ерлер мен әйелдер теңдігі, балалар мен нәзік жандарды қорғау жайы сөз болды.

Баяндамашы елімізде жүргізіліп отырған гендерлік саясаттың қоғам дамуындағы рөліне ерекше тоқталып, осы бағыттағы заңнамалық базаны жетілдіру жайына назар аударды.

Қатысушылар семинар тақырыбы бойынша пікірлерін білдіре отырып, сұрақтар қойып, пікір таласты. 

 

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі