Зайсан аудандық соты Қаратал ауылдың әкімшілік округінде қоғамдық ұйымдар белсенділерімен және кәсіпқой емес медиаторлармен пилоттық жоба бойынша семинарлық сабақ өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша Жоғары Соттың пилоттық жобасын таныстару және талқылау мақсатында Қаратал ауылдық әкімшілік округінде болып, округтегі қоғамдық ұйым өкілерімен және кәсіпқой емес медиаторлармен семинарлық сабақ өткізді.  

Семинарлық сабақ барысында аудандық соттың төрағасы Б.Мергембаев Жоғары Сотпен Елбасының судьялардың VII съезінде судьялардың алдына қойылған нақты тапсырмаларды іске асыру  және дауларды(жанжалдарды) медиация тәртібімен шешу тетіктерін одан әрі кеңейту мақсатында пилоттық жоба іске қосылғанын. Оған сәйкес, 2017 жылдың ақпан-шілде айларында азаматтық істер қарайтын барлық аудандық соттар даулардың жекелеген санаттары (баланың тұрығылықты жерін анықтау, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау, алимент өндіру, мұрагерлік, көршілердің арасындағы жер учаскелерінің шекараларын анықтау, пәтерден шығару, кондоминимум басқару мәселелері, неке бұзу және мүлікті бөлу, қарыз келісімшарттары бойынша, сақтандыру) бойынша міндетті түрде тараптар арасында медиация рәсімдері жүргізілетінін, пилоттық жобаның мақсаты даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылатындығын атап өтті. Төраға сондай-ақ дауларды (жанжалдарды) сотқа жеткізбей шешудің артықшылықтары мен  тиімділігіне тоқталды.

Семинараға қатысушылар пилоттық жоба бойынша қойылған сұрақтарына толыққанды жауап алып, пилоттық жоба бойынша өзара пікір алмасып, пилоттық жобаны іске асыруға бағытталған атқарылуы тиіс іс-шарларға тоқталды.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі