Медиация – оңтайлы шешім

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аягөз аудандық сотымен А.-ны ҚК-нің 385-бабының, 1,3-бөліктерімен (Құқықтар беретiн немесе мiндеттерден босататын куәлiктi немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау не мұндай құжатты өткiзу, сол сияқты қолдан жасалған мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттiк наградаларын дайындау немесе өткізу, көрiнеу жалған құжатты пайдалану) айыптау туралы қылмыстық ісі қаралды.

Сотта азаматша А.-ның жалған еңбекақысы туралы анықтама жасап, оны балаларына жәрдемақы алу үшін қолданғаны анықталды.

Сот отырысы барысында сотталушы мен жәбірленушінің өкілі тарапынан медиация тәртібімен татуласқандары туралы өтініш түсті.

Соттың қаулысымен азаматша А., жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды, қылмыстық іс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Аягөз аудандық сотының

баспасөз қызметі