Өскемен қаласының тұрғыны өзінің ұлының денаулығына ауыр зиян келтіргені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-тің 106-бабы бойынша (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) Н.Борозенецке қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотта істі қарау барысында, Н.Борозенецтің жұбайы және ұлымен бірге өзінің үйінде екі күн бойы спирттік ішімдіктерін ішкені анықталды. Келесі күні Н.Борозенецтің ұлы өзінің некесіз бірге тұратын әйелімен қонаққа барған. Қонақтан оралғаннан кейін үй шаруасымен айналысып жүріп анасының оянғанын көрген. Анасы алкогольдік масаң күйінде болғандықтан, ұлы оны ұйықтатпақшы болған. Бірақ анасы ұйықтауға жатуға келіспей қарсыласқан. Айғайдан Н.Борозенец оянып кетіп, ұлы анасына дене жарақаттарын келтіріп жатыр деп ойлайды. Содан кейін ұлы мен әкесінің арасында екіжақты төбелес пайда болып, төбелес кезінде Н.Борозенец пышақпен, ұлына дене жарақаттарын келтірген.

Сот үкімімен Н. Борозенец жасалған қылмысы үшін кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі