Қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Риддер қалалық сотымен ҚР ҚК-нің 190-бабының, 3-бөлімі, 1,3-тармақтарымен (алаяқтық, яғни адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, ірі көлемде бөтен мүлікті ұрлау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу) 7 адамды айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Істі қарау барысында, аталған тұлғалар алдын ала сөз байласып,  «Онлайн Финанс» ЖШС-мен ықтимал клиентер ретінде жеке тұлғаларды тарту бойынша агенттік қызметтер көрсету туралы азаматтық-құқықтық маңыздағы келісімдер жасаса отырып, сенімге кіріп, Серіктестіктің 3 956 000 теңге ақшасын жымқырғаны анықталған.

Сот үкімімен үш сотталған ҚК-тің 190-бабы, 3-бөлімі, 1-тармағымен кінәлі деп танылып, оларға мүліктерін тәркілей отырып, үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ҚК-тің 74-бабы, 1-бөліміне сәйкес жазаларын өтеу кейінге қалдырылды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына рақымшылық жасау туралы» Заңы негізінде аталған тұлғалардың бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігі жартылый, яғни бір жыл тоғыз ай мерзімге  қысқартылды.

ҚК-тің 190-бабы, 2-бөлімі, 1-тармағымен төрт сотталушы кінәлі деп танылып, оларға мүліктерін тәркілеумен бір жылға бас бостандығын шектеу жазалары тағайындалды.

«Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы негізінде төрт сотталушы  бас бостандығын шектеу түріндегі негізгі жазадан босатылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі