Архив событий

23/01/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында 2016 жылы жасалған жұмыстар қорытындыланды

23/01/2017

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотында 2016 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.

Аталған шараға Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.С.Әміров, алқа төрағалары М.Ғ.Комиршинов, Қ.М.Чакпантаев, облыстық сот судьялары Н.М.Елемесов, Б.Ф.Шарнаева, Е.А.Утешев, Е.Ш.Жұмақсанов, ШҚО бойынша соттар Әкімшісінің басшысы Е.О.Айтпай, республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қарыз ақша толығымен төленетіндіктен, талап арыз қанағаттандырылусыз қалдырылды

23/01/2017

Өскемен қалалық сотымен коллекторлық компанияның С-ға 2006 жылғы банк қарызы шартынан туындаған және 2011 жылы факторинг шарты бойынша талапкерге берілген қарыз ақшаны өндіру жөніндегі талап арызы туралы азаматтық ісі қаралды.

Істің мән-жайы бойынша қарыз алушы талапты сотқа ұсынғанға дейін қарыз ақшаны толығымен төлегені анықталды, осыған байланысты, талап қою арызы қанағаттандырылусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Өскемен қалалық сотының

Алимент төлемегені үшін қамаққа алу жазасы тағайындалды

23/01/2017

Бесқарағай аудандық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау).құқық бұзушылар  А.Айтжановқа және К.Мамықановқа  қатысты әкімшілік істі қарады                                              

Бородулиха аудандық сотымен жыл басынан бері сегіз жеке қаулы шығарылған

23/01/2017

Бородулиха аудандық сотымен жыл басынан бері заңдылықтың бұзушылығын анықтау бойынша, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтауға байланысты сегіз қаулы шығарылды.  Соның ішінде қылмыстық істерді қарау кезінде екеуіне жеке қаулы, алтауына әкімшілік құқық бұзушылық істер туралы шығарылды.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

23/01/2017

Зырян аудандық сотында соты ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) Э.Балабековқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Э.Балабеков өзінің үйінде алкогольдік  масаң күйінде жанжал шығарып, азаматтық жұбайына қатысты балағат сөздер айтқаны анықталды.

Сотта істі қарау кезінде, жақтар кәсіби емес медиатордың қатысуымен татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерін сотқа ұсынды.

Кешіре білу де парасаттылық

23/01/2017

Тарбағатай аудандық сотында сотталушы Т-ға қатысты жеке айыптау түріндегі қылмыстық іс қаралды.

Жинақталған іс материалдарына сәйкес,  азаматша Ж. азамат Т-ны ҚР ҚК-нің 109-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы, сотталушы өзін денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған  жарақаттар келтіргені  туралы жеке айыптау тәртібіндегі арызымен жүгінген.

Рақымшылық Заңына сәйкес жазадан босатылды

23/01/2017

ШҚО Зайсан аудандық сотымен аудандық пробация қызметінің сотталғанды Рақымшылық Заңына сәйкес жазадан босату туралы ұсыным қаралды.

Сот үкімімен Б.Қабиолла Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жаза шартты деп саналып, пробациялық бақылау белгіленген.

«Жаңа технологияларды аудандық соттың жұмысында қолдану» тақырыбында брифинг өткізілді

23/01/2017

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Н.Мергембаев аудандық «Достық» газетінің тілшісі А.Ахыттың қатысуымен «Жаңа технологияларды аудандық соттың жұмысында қолдану» тақырыбында брифинг өткізді.

ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ел аумағынан шеттетілді

23/01/2017

Жарма ауданының №2 аудандық сотында  ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен  (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Рессей азаматы  С.Мантровқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жала жапты, бірақ татуласты!

23/01/2017

Глубокое аудандық сотымен Қылмыстық кодексінің 130-бабы, 2-тармағы, 131-бабының, 2-тармағы бойынша, яғни М.Бақытжановаға қатысты жала жапқаны және қорлағаны үшін айыпталған С.Биткенбаевқа қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сот мәжілісінде С.Биткенбаевтың «Өскемен-Қазақстан» телеарнасында М.Бақытжановаға қатысты шындыққа жараспайтын ақпаратты бұрыс түрінде хабарлап шыққандығы анықталды.

Сот ісін қарау барысында жәбірленуші мен айыпталушы татуласты.

Зайсан аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

23/01/2017

Зайсан  аудандық сотында  ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен  келіп түскен А. Мұхаметрахимовке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы А.Мұхаметрахимов үйінде жұбайын балағаттап, оған сыйламаушылық көрсетіп, ар-намысына тиетін сөздер айтып, жеке басын қорлап,  жанұя тыныштығын бұзған.

Әкімшілік қамаққа алу туралы жаза тағайындалды

23/01/2017

Зырян аудандық сотында соты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) А.Кольцовқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

А.Кольцов өзінің үйінде алкогольдік  масаң күйінде өзімен бірге тұратын ағасымен  жан-жал шығарып, ұрыс барысында оған қатысты балағат сөздер айтқан.

«Инновациялық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

23/01/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотымен Катонқарағай ауылының мәдениет үйінде «Сот жүйесіндегі инновациялық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот төрағасы А.Әли, судья Г.Кудербаева, бас мамандар М.Сахариянов, Ж.Хамитов және әкімшілік, мемлекеттік табиғи паркі, орта мектептер, аурухана қызметкерлері қатысты.

Берешекті өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

23/01/2017

Өскемен қалалық сотымен талапкер И-дің жауапкер М-ға қарыз шарты бойынша ақшаны өндіру жөніндегі талап арызы туралы азаматтық ісі қаралды.

Жауапкер сот мәжілісінде мәлімделген талаппен келіспей, қарыз шарты пәтер үшін кепілақы жүргізу мақсатында жасалғанын түсіндірген.

Іс бойынша мән-жайды ескере отырып, зерделенген дәлелдемелерді және нотариустың түсініктемесін талдап, сот талап қою арызы заңды және толығымен қанағаттандырылуға жатады деген тұжырымға келді.

Шешім заңды күшіне енді.

Қаруды сақтағаны үшін айыппұл салынды

23/01/2017

Зырян аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік іс қарады.

А.Рейценштейн тұрғылықты мекенжайында ішкі істер органдарының рұқсатынсыз 12 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық қаруды сақтаған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қаруды тәркілеуімен жиырма айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Ар-намыс, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау жайлы дау, сотта дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісім жасау арқылы шешілді

23/01/2017

Өскемен қалалық сотына мемлекеттік органның басшысы А. өзінің орынбасары К., өзіне қатысты шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратуын теріске шығару жөнінде талаппен жүгінді.  

Істің мән-жайларына сай анықталғандай, азамат К. өзінің тікелей басшысы А. оған жеке бас араздық танытып, оны қудалап отыр деп санап, жұмысында бірқатар кемшіліктер болуына орай жоғары тұрған мемлекеттік органдарға тиісті шара қолдану жөнінде жүгінген.  

«Медиация – татуластыру рәсімі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

23/01/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы А.Абдығалымова Семей қаласының Достық үйінде «Медиация – татуластыру рәсімі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған шараға  «Достық үйі» басшысы Тлеубаев А, Достық үйінің өкілдері, Халық  достық ассемблеясының өкілдері, медиаторлар қатысты.

Дөңгелек үстелді ашқан судья А.Абдығалымова дауды шешудің балама түрі ретінде әкімшілік өндірісте Медиацияны қолданудың қазіргі қоғамда қажеттігімен мәні туралы айтты.

«Ашық есік» күні өткізілді

23/01/2017

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының төрағасы Н.Нұралинов «Ашық есік күнін» өткізді.

Шараны өткізудің мақсаты - азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру  және негилизм деңгейін жою, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу.

Сотқа келген әр  азаматқа толғандырған сұраққа толық жауаптар берді.

Ұрлық жасағы үшін сотталды

23/01/2017

Риддер қалалық сотымен  ҚР ҚК-нің 188-бабы, 2 –бөлімі, 3- тармағымен айыпталған А.И.Ивановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істі қарауда анықталғандай,  И.А.Иванов пайдакүнемдік мақсатпен, бөтен гаражға заңсыз кіріп, мүлікті ұрлай отырып, жәбірленушіге 17000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.