Архив событий

06/01/2017

Семей қалалық сотымен жалақы бойынша берешек және зейнетақы жарналары өндірілді

06/01/2017

Семей қалалық сотымен жалақы бойынша қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотқа талапкер «Тасқара» ЖШС-інде экономист және кадрлық маманы лауазымын атқарғанын, бүгінгі күнге дейін жауапкер жалақыны төлемегенін, оның бірнеше рет шағымданғанын еш елемегенін көрсетіп, талап арызбен жүгінген.

Еңбек кодексінің 113-баптың, 4-ші тармағына сәйкес еңбек келісімшарты бұзылған сәттен бастап үш тәуліктен кешіктірілмеген мерзімде  жұмыс берушіден жұмысшыға төленуге тиесілі сома толығымен өтелуі керек.

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы азаматтарға жеке қабылдау өткізді

06/01/2017

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар азаматтарға құқықтық көмек көрсету және олардың құқықтық мәдениетін жоғарылату мақсатында азаматтарды қабылдады.

Сот төрағасымен қойылған сұрақтарға заңнама талаптары түсіндіріле отырылып, тиісті жауаптар берілді.

Көбінесе азаматтар әкелікті тану, балалармен араласу тәртібін анықтау, алимент мөлшерін азайту, баланы асырап алуға байланысты сұрақтармен жүгінді.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңды қолдану мәселелері

06/01/2017

Катонқарағай аудандық соты «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма бес  жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңды практикада қалай дұрыс қолдануды талқылауға арналған, Катонқарағай аудандық №1 пробация қызметінің инспекторы Д.А. Акказиновтың, Катонқарағай аудандық ішкі істер бөлімінің басшысының орынбасары полиция подполковнигі  Е.Манажановтың және аға прокурор Д.К.Рахимжановтың қатысуымен жедел кеңес ұйымдастырылды.

Бородулиха аудандық сотының төрағасы азаматтарды қабылдады

06/01/2017

Бородулиха аудандық сотының төрағасы С.Д.Байбосынова халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау өткізді.

Азаматтардың көпшілігі, «Медиация туралы» Заңды түсіндіру мақсатында сот актілерін орындамауына байланысты мәселелерімен жүгінген. Сондай-ақ, азаматтар шығарылған сот актілерімен келіспеген жағдайлары  бойынша жүгінген, оларға одан әрі апелляциялық тәртіппен шағымдану туралы заңнама нормалары түсіндірілді.