Архив событий

26/01/2017

Глубокое аудандық сотында ШҚО сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Ғ.Комиршиновтың қатысуымен жиналыс өтті

26/01/2017

Глубокое аудандық сотында Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Ғ.Комиршиновтың төрағалық етуімен 2016 жылдың жұмыс қорытындысын талқылауға арналған жиналыс өтті.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары Е.Ш.Жұмақсанов, А.И.Лукьянов, аудандық сот төрағасы С.Ж.Жансейіт, судьялар Б.Г.Әміров, Ә.Б.Болатова, А.С.Рахимжанова, Ә.А.Қасенова, И.Д.Рахметова, кеңсе меңгерушісі Ж.А.Еренбақов және сот мамандары қатысты.

Сот жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану

26/01/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің бас маманы Ә.Әлімбеков «Сот жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға облыстық соттың бөлім басшылары мен мамандары қатысты.

Көлік жүргізу құқығынан айырылды

26/01/2017

Бесқарағай аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлімімен Б.Дюсембаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Б.Дюсембаев автокөлікті алкогольдік масаң күйінде жүргізіп,  Қазақстан Республикасының жол қозғалысының ережесінің  2.4.2. тармағын бұзған.

Сот қаулысымен Б.Дюсембаев кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

 

Аккумулятор жымқырғандарды кешірді

26/01/2017

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық сотында Р.М.Лазаревке және А.С.Пешковқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Түнгі уақытта, алдын ала адамдар тобымен келісіп, бірнеше мәрте, жәбірленушілерге тиесілі автокөлік құралына заңсыз кіріп, автокөліктен аккумуляторлық батареясын жасырын түрде ұрлаған.

Сот отырысында жәбірленушілер айыпталушылардың өкініш білдіріп, кешірім сұрағанын назарға алып кешірді.

Қылмыстық ісі бойынша іс жүргізу татуласуына байланысты қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Әкімшілік қадағалаудың ережелерін қайталап бұзған

26/01/2017

Зырян аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 480-бабы, 2-бөлігімен (Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын немесе өзiне қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамауы, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер) әкімшілік іс қаралды.

Семей қалалық сотында судья-тәлімгердің қатысуымен семинар өткізілді

26/01/2017

Семей қалалық сотында жаңадан тағайындалған судьяларға сот төрелігін іске асыруға бейімдеу және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында кезекті семинар өткізілді.

Семинарға судья-тәлімгерлер – оқу бағдарламасының үйлестірушісі Қ.Сапинова, Г.Балғожина және де жас судья Д.Сұлтанов қатысты.

Тәлімгерлік рәсімі жас судьялардың бейімдеу кезеңінде істерді қарау сапасын қысқартуға мүмкіндік береді, кәсібиліктерін жоғарлатады, мінез-құлықтық моделінің қалыптасуына өз ықпалын тигізіп, іскерлік бастамасының дамуына жағдай жасайды.

Пробация қызметінің ұсынысы рақымшылық заның қолдануымен қаралды

26/01/2017

Катонқарағай аудандық сотымен онша ауыр емес қылмыстар, ауырлығы орташа қылмыстар жасаған және бас бостандығын айыру жазасына қатысты емес жазасын өтеп жатқан 5 сотталушыларға қатысты рақымшылық актісін қолдану туралы Катонқарағай аудандық №1 пробация қызметінің ұсынысы қаралды.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

26/01/2017

Семей қалалық сотымен құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Тәртіпті бұзушы некені бұзу туралы азаматтық іс бойынша жауапкер бола тұра, сот отырысының барысында жауап берген кезде басқыншылық танытып, балағат сөздерді айтып, төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбай, сөзін бөліп, соттың, сот приставтардың, «Күзет» қызметкерлерінің ескертулеріне мән бермеді, сонымен қоса, сот ғимаратына алкогольдік ішімдіктің ішкен күйінде келген.

Участкелік инспекторлармен семинар өтті

26/01/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотымен Катонқарағай АІІБ поселкелік полиция бөлімінде «Әкімшілік істерді рәсімдеу талаптары» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы А.М.Әли, Катонқарағай АІІБ послекелік полиция бөлімшесінің қызметкерлері қатысты.

Жұмысшы мен жұмыс беруші дауды бітімгершілік келісіммен реттеді

26/01/2017

Семей қалалық сотында жалақыны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер «КазГрадСтрой» ЖШС-нен 657 458 теңге жалақы және 22 333 теңге сот шығындарын өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Істің қаралуы кезінде, дауды шешу мақсатында тараптар келіссөздер жүргізіп, бітімгершілік келісімге келді. Келісімнің талаптары бойынша жауапкер еңбек ақыны және сот шығынын белгілі мерзімде төлеуге, ал талапкер талап қоюдан бас тартуға міндеттелген.

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

26/01/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат Б. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  отырысында азамат  Б. апайына сыйламаушылық көрсетіп, балағат сөздермен тіл тигізіп,  тыныштығын бұзғаны анықталды.

Істі қарау барысында  тараптар медиация тәртібінде келісімге келіп,  екі жақтың татуласуына байланысты  соттан әкімшілік істі қысқартуды сұраған.

Сотпен заңдық маңызы бар факті анықталды

26/01/2017

Риддер қалалық сотымен заңдық маңызы бар туыстық қарым-қатынасты анықтау туралы арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Арызданушы қайтыс болған С.М.Ивановтың туысқаны. Екеуі пәтердің иелері болып келеді. С.М.Иванов қайтыс болған соң мүліктегі ½ үлесі түріндегі мұраны қабылдауға арыз рәсімдеуде туыстық қарым қатынастарын дәлелдей алмаған, сондықтан сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Сотты құрметтемегені үшін әкімшілік қамаққа алынды

26/01/2017

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігі (сотты құрметтемеушілік) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған  И.А. Девляшовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, әкімшілік іс бойынша құқық бұзушы И.А. Девляшов Курчатов қалалық сотына алкогольдық масаң күйде келген.

Сот қаулысына сәйкес И.А. Девляшов ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Қаулы  заңды күшіне енген жоқ.

Достық үйінде Қазақстандағы медиацияның 6 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

26/01/2017

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотымен Самар ауылында орналасқан Достық үйінің медиация кабинетінде «Медиация» Заңының қабылданғанына 6 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Оған сот төрағасы Н.О.Нұралинов, мемлекеттік органдар өкілдері мен жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Жазаны өтеуден босатылды

26/01/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен Катонқарағай аудандық № 1 пробация қызметінің сотталғанды жазаны өтеуден босату туралы ұсынысы  қаралды. 

Сот мәжілісінде  Катонқарағай аудандық №1 пробация қызметінің аға инспекторы сотталған А.Терлекпаевқа қатысты «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты Рақымшылық жасау туралы» Заңын қолданып, негізгі жазасынан босату туралы ұсынысын қолдады. Сотталған А.Терлекпаев соттан көрсетілген Заңды қолдануды  сұрады.

Артық төленген сыйақы қарыз алушыға қайтарылды

26/01/2017

Өскемен қалалық сотына азаматша «А» Банкке қатысты артық төленген сыйақыны өндіру туралы талап-арызбен жүгінген.

 Іс-материалдарына сәйкес, Банктен алынған қарыз белгіленген уақыттан алдын ала толығымен төленіп, осы бойынша нақты қолданған қарыз пәні бойынша сыйақыға қайта төлеу Банк тарапынан жүзеге асырылмаған.

Жоғарыда аталған жағдайлардың негізінде, әділдік және адалдық қағидаларын басшылыққа ала отырып, азаматша «А»-ның талаптарын сот толығымен қанағаттандырды.

 

Құқықтық насихаттау жұмыстары жүргізілді

26/01/2017

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар  «Авиценна» медицианалық колледжінің оқытушылары құрамына құқықтық насихаттау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Аталған шара жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке заңнамамен көрсетілген тартылу тәртібін, еңбек және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың ережелерін түсіндіру мақсатында жүргізілді.