Архив событий

10/01/2017

Баспасөз маслихаты өтті

10/01/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында  2016 жылдың қорытындысы бойынша   баспасөз маслихаты өткізілді.

Баспасөз маслихатына соттың төрағасы, судьялар мен мамандары және «Арай-Луч» газетінің өкілдері қатысты.

2016 жылдың 12 айындағы жұмыстар қорытындыланды

10/01/2017

Катонқарағай аудандық сотында 2016 жылдың 12 айындағы сот жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Іс шараға сот қызметкерлері,  Бұқаралық ақпарат құралдары өкілі Т.Самойлова, мемлекеттік органдар және қоғам өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Баспасөз мәслихаты сот төрелігінің беделін арттыруға, бұқараға әділ соттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге және халыққа заң нормаларын түсіндіру мақсатында өткізілді.

Алаяқтық қылмысы үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды

10/01/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК 190-бабы, 2-бөлігі, 4- тармағымен (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен аса ірі мөлшерде, бiрнеше рет бөтен мүлікке құқықты иемдену) қылмыс жасаған А. Батмановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Татуластыру дала заңының ізі іспетті» тақырыбында дөнгелек үстел өтті

10/01/2017

Ұлан аудандық сотының ұйымдастыруымен «Татуластыру дала заңының ізі іспетті» тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Ұлан аудандық прокуратура және ішкі істер бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

Мәжіліс барысында медиация туралы заңның  аясында істердің ауданаралық сотта қаралу жағдайы мен татуластыру рәсімдерін, партисипативтік келісімді кеңінен насихаттау және оны іске асыру туралы сот төрағасы    М.Халмурзаев баяндама жасады.

«Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» тақырыбында семинар өтті

10/01/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық  істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі А.К. Қайсанова  сот қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне байланысты семинар өткізді.

Дөңгелек үстел өткізілді

10/01/2017

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Н.О. Нұралинов Самар полиция бөлімінің жеке құрамының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Әкімшілік іс медиция тәртібімен қысқартылды

10/01/2017

Бесқарағай аудандық сотында Ж.Жамбыршиновқа қатысты ҚР ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) қозғалған әкімшілік іс өндірісі  тараптардың медияциялық келісімге келуімен қысқартылды.                         

«Төрелік» жүйесінде электрондық атқару құжаттарын жолдау мәселелері бойынша семинар өтті

10/01/2017

Глубокое аудандық  сотында кеңсе меңгерушісі Ж.Еренбақов сот мамандарымен «Электрондық үлгіде сот актілерін, атқару құжаттарын, қаулыларды, сот бұйрықтарын орындауға жолдау» тақырыбында семинар өткізді.

Ж.Еренбақов «Төрелік» АЖ іс жүргізу мен сот өндірісін жүргізу бойынша нұсқаулығын зерделеуге назар аудартты.

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот актілерін орындау мәселелері талқыланды

10/01/2017

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстелге алимент және әкімшілік айыппұлдарды өндіру бөлімінің жетекшісі Дәурен Кәрімгажы шақырылды.

Семей қаласының Ювеналды сотында қауіпсіздік сұрақтары талқыланды

10/01/2017

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар  «Соттағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар өткізудің мақсаты – объектінің терроризмге қарсы қорғалуын және оның тиісті түрдегі қауіпсіздігі деңгейін талқылау.

Аталған шараға ШҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының батальон командирінің м.а. Ю.Свиридов, взвод командирі Н.Калиев, оның көмекшісі А.А.Ракымов, инспектор А.Тимаков және сот мамандары қатысты.

Бесқарағай аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуды әр азамат өзінен бастауы қажет» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

10/01/2017

Бесқарағай аудандық  сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуды әр азамат өзінен бастауы қажет» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.