Архив событий

24/01/2017

ШҚО бойынша соттар Әкімшісінің басшысы 2016 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша жиын өткізді

24/01/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында 2016 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша жиын өтті.

Жиынға ШҚО бойынша соттар Әкімшісінің басшысы Е.О.Айтпай, облыстық соттың бөлім басшылары, кеңсе меңгерушісі, облыс соттарының кеңсе меңгерушілері қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің басшысы «ШҚО соттарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді

24/01/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің басшысы Қ.Х.Хасенов Соттар Әкімшісінің бөлім басшылары мен кеңсе меңгерушілерінің қатысуымен «ШҚО соттарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

Өз сөзінде Қ.Х.Хасенов  Қазақстан Республикасының сот жүйесінің негізгі бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес екендігін атап өтті.  

Өскемен қаласының №2 сотының кеңсе меңгерушісі ШҚО Әділет Департаменті басшысының тұрғындармен кездесуіне қатысты

24/01/2017

Өскемен қаласының №2 сотының кеңсе меңгерушісі С.Жортбасова ШҚО Әділет Департаменті басшысы Г.Тұрлыханованың Әділет органдарының  атқарушылық іс-жүргізуге қатысты қызметі жайлы тұрғындар алдында есеп беру кездесуіне қатысты.

Сот актілерін орындау

24/01/2017

Шемонаиха аудандық сотында Шемонаиха аудандық прокуратурасының аға прокуроры А.Е.Қадылбеков,  ШҚО жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы басшысы Д.Б.Сарсембаев, ШҚО атқарушылық округінің жеке сот орындаушысы Р.Құдайбергеновтың қатысуымен «Сот актілерді орындау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің отырысы сот төрағасы Е.К.Шыныбаев ашып, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілерін уақытылы орындалмауы фактілері бар екендігін жариялады.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық туралы» Заңының нормаларын қолданудағы кейбір мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

24/01/2017

Ұлан аудандық сотымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық туралы» Заңының нормаларын қолданудағы кейбір мәселелер» тақырыбында жазаны атқару органының қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Жауапқа тартылды

24/01/2017

Шемонаиха аудандық сотымен Шемонаиха ауылының тұрғынына қатысты, кәмелет жасқа толмаған баланы асырау үшін өндірілген алиментті төлемеу фактісі бойынша сот шешімін орындамау жөнінде әкімшілік іс қаралды.

 Істі қарастыру барысында, азамат «Б» 2016 жылдың наурыз айынан бастап кәмелеттік жасқа толмаған ұлының пайдасына алимент өндіру туралы сот шешімін орындамағаны, берешек соммасы 225 664 теңге құрағаны анықталды.

Семей қаласының Ювеналды сотында «Отбасы дауларындағы медиация» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

24/01/2017

Семей қаласының Ювеналды сотында «Отбасы дауларындағы медиация» тақырыбында дөңгелек үстел өкізілді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына: сот төрағасы Р.Ақпар кәсіби медиатор О.Кузнецова қорғаншылық және қамқоршылықтың сектор меңгерушісі М.Куржикаев кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор А.Алшембекова қатысты.

Алимент төлемегені үшін қамаққа алу жазасы тағайындалды

24/01/2017

Зырян аудандық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) құқық бұзушы Т.Бақтыбаевқа  қатысты әкімшілік істі қарады.                                                                                     

Дауларды шешудің баламалы жолдарын қолдану сот тәжірибесі туралы баспасөз маслихаты өткізілді

24/01/2017

"КМҚК Бородулиха ауданы Достық Үйінің" медиация кабинетінде судья  Д. А.Наукенова, аудандық медиаторлардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Дауларды  шешудің баламалы жолдарын қолдану сот тәжірибесі туралы» тақырыбында баспасөз маслихатын өткізді.

Он сегіз жасқа толмаған адамға темекі сатқаны үшін айыппұл салынды

24/01/2017

Зырян аудандық соты темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы жөніндегі ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қарады.

Сотта анықталғандай, Зырян қаласының «Парус» дүкенінің сатушысы Л.Пяткова он сегіз жасқа толмаған тұлғаға темекі сатқан.

Сот қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабының  1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жиырма айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында төрт сотталушыға рақымшылық Заңы қолданылды

24/01/2017

Тарбағатай ауданының №2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 2-бөлімі 1,3-тармақтарымен қылмыстық ісі қаралды.

Сотта істі қарау барысында, сотталушылар  бөтеннің мүлкін тұрғын үй-жайға заңсыз, алдын ала сөз байласу арқылы кіріп, жасырын жымқырғандығы анықталды.

Сот үкімімен сотталғандар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық» Заңының 2-бабы 3 бөлімі 1 тармағына сәйкес жазадан босатылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы Аналар орталығында болды

24/01/2017

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы К.М.Садуакасова Ақсуат ауылындағы Аналар орталығында болып, Тарбағатай аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Ж.Маханова, кеңес мүшелері Б.Хамзина, Т.МұхажановаТ.Итжанова, К.Құрманғалиева, Ә.Алдажаровалармен кездесті. Аталған шараға БАҚ өкілдері де қатысты.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

24/01/2017

Зайсан аудандық сотында  ҚР ҚК-нің 131 бабының 2-бөлігімен  жекеше айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Істі сот отырысына дайындау барысында Б.Аукебаев жәбірленушіден кещірім сұрап, тараптар өзара татуласып, медиатор көмегіне жүгініп шартқа отырып, соттан қылмыстық істі қысқартуды сұраған.

Сот қаулысымен ҚР-ның  ҚК-нің 131 бабы 2-бөлігіне сәйкес тараптардың татуласуына байланысты  қылмыстық  іс медиация тәртібінде қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Сот рақымшылық актісін қолдану туралы пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырды

24/01/2017

Бородулиха аудандық сотымен рақымшылық актісін қабылдау туралы Бородулиха ауданы пробация қызметінің ұсынысы бойынша бас бостандығын айыруға қатысты емес сотталғандардың қылмыс жасағаны үшін М.Сарсембаев, С.Кучумов, Б.Мұхаметханов, К.Акчабаевқа қатысты істері қаралды.

Аңшылық мылтықты заңсыз сақтағаны үшін айыппұл төледі

24/01/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  482-  бабының 1-бөлігі ( қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) бойынша А.Акибаевке қатысты әкімшілік  ісі  қаралды.

  Іс  материалдарында: полиция қызметкерлері Тарбағатай ауданында А.Акибаевтың тұрғын үйінен ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы ИЖ-к маркалы 32 калибрлі ұңғысы Р08516 және 9145Д тағанды аңшылық мылтығын алған.

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін айыппұл салынды

24/01/2017

Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылының Карибай көшесінің бойында С.Назарбаев  өзінің басқаруындағы Мазда 323 маркалы, автокөлігімен өз үйынен шығып шығыстан батысқа қарай бағыттап келе жаттып, басқа жолда онтүстен-солтүстікке қарай бағыттап бара жатқан  автокөліке жол бермей, ЖҚО жасаған. Осының салдарынан көлік құралы зақымдалып, жәбірленушіге материалдық залал келтірілген.

Мемлекеттік мекеменің автокөлігін мереке күні мақсатсыз пайдаланып жол-көлік оқиғасын жасаған

24/01/2017

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, «Зайсан ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің жүргізушісі Т., «Зайсан ауданы білім бөлімі» ММ-нің автокөлігін ресми рұқсатсыз басқарып жүргізіп, жол қозғалысы ережесінің 10.1 тармағын бұзған.

Яғни қауіпсіз жүру жылдамдығын сақтамай, жол қиылысында көліктің басқаруына ие бола алмай, жолдың оң жағына шығып кетіп, автокөлікті аударып, нәтижесінде жол-көлік оқиғасын жасап,  автокөлік иесі «Зайсан аудандық білім бөлімі» ММ-не материалдық залал келтірген.  

Жол көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалғаны үшін жазаланды

24/01/2017

Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында көше бойында Р.Сапарғалиев «ВАЗ 21060» автокөлігін басқарып келе жатып, жол көлік оқиғасын жасап, оқиға болған жерден кетіп қалған.

Р.Сапарғалиев өз іс-әрекетімен Қазақстан Республикасы ӘҚБК 611-бабы 2-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған, яғни жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы болып табылады.

Зырян аудандық соты Қазақстан Республикасының аумағында болу ережесін бұзған шетелдікті жауапкершілікке тартты

24/01/2017

Зырян аудандық соты Ресей Федерациясының азаматы А.Светлолобовқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, Зырян АІІБ-нің қызметкерлерімен тексеру жүргізу барысында Ресей Республикасының азаматы А.Светлолобов Зырян  қаласы  Пролетарская  көшесінде уақытша тіркеліп,  Бочарников көшесінде тұрып жатқандығы анықталған, яғни ол, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Отбасының мазасын алғаны үшін қамаққа алынды

24/01/2017

Бесқарағай аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) әкімшілік жауапкершілікке тартылған құқық бұзушы Е.Алпысовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.                                               

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау

24/01/2017

Зырян аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 496-бабының 2 бөлімі бойынша (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау) әкімшілік іс қаралды.