Архив событий

30/01/2017

Әкімшілік іс медиация тәртібінде реттелді

30/01/2017

Үржар ауданы №2 сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлімімен жинақталған М.Ф.Камзаевқа қатысты әкімшілік іс медиациялық келісіммен қысқартылды.

Сотта анықталғанындай, М.Ф.Камзаев  спирттік ішімдік ішіп өз үйінде себепсіз жанжал шығарып, өзінің некедегі жарын балағаттаған, яғни өзінің іс әрекеттерімен отбасының тыныштығын бұзған.

Сот мәжілісінде тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен медиациялық келісімге келіп, сотқа  дауды медиациялық келісімге келгендері жөніндегі келісімді ұсынған.

Медиациялық келісім жасасты

30/01/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған А. Азаматовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, А. Азаматов тұрғылықты мекен-жайында жұбайына  қарсы ұрыс шығарып, оның атына былапыт сөздер айтып, қорлаған. Сотта тараптар өзара татуласып, медиациялық келісім жасауы негізінде соттан іс өндірісін қысқартуды сұрады.

Сот экстрадиция үшін қаражат өндірді

30/01/2017

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотына Өскемен қаласының прокуроры мемлекет мүддесіне А.С.Байбусиновтан экстрадиция үшін шығындарды өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

2015 жылы Белорусь Республикасында А.Байбусинов Беларусь Республикасының ҚК-нің 147-бабы, 1-бөлігі, 411-бабы, 2-бөлігімен қатаң түрдегі түзету колониясына жазасын өтеу арқылы 4 жыл 9 айға бас бостандығын айыру жазасына сотталған. А.Байбусинов Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына өзін Қазақстан Республикасында жазасын өтеу үшін аудару туралы өтініш хатпен жүгінген.

Риддер қалалық сотында брифинг өтті

30/01/2017

Риддер қалалық сотының судьясы М.К.Тоқжанов «Риддер-Информ» телеарнасы және «Лениногорская правда» газеті тілшілері алдында брифинг өткізді.

Заңды білмегендік жеке қаулы шағаруға әкелді

30/01/2017

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотымен ШҚО Көкпекті ауданының №2 пробация қызметінен келіп түскен О.Костяевтың жаза мерзімінің өтелмеген бөлiгiн қысқарту туралы ұсынымы қаралды.

Іс құжаттарынан О.Костяевтың Көкпекті ауданының №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 179-бабының 2-бөлігінің «а,в» тармақтарымен сотталғаны анықталды.

Шартты түрде соттаудың күшін жою және сотталған адамнан сотталғандықты алып тастау

30/01/2017

Көкпекті аудандық сотына Көкпекті аудандық ҚАЖД №1 пробация қызметінен М.Шутькоға  қатысты шартты түрде соттаудың күшін жою және сотталған адамнан сотталғандықты алып тастау туралы ұсынысы түскен.  

Сотта, М.Шутько  ШҚО, Семей қаласының №2 сотымен ҚК  297- бабы, 1-бөлімімен 3 жылға пробациялық бақылау орнатумен, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғандығы анықталды. Есепте тұрған уақыт аралығында инспекцияның талаптары мен тәртібін бұзбаған. Бүгінгі күнге сынақ мерзімінің жартысының көбін өтеген. 

Әкесі мен баласы сотта татуласты

30/01/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотқа  ӘҚБК-нің 73 бабының 1 бөлігі бойынша (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаған) келіп түскен Е. есімді азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Зайсан аудандық сотында «Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

30/01/2017

Зайсан аудандық сотында «Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте» тақырыбында дөңгелек үстел өкізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына, төраға Б.Н.Мергембаев, судьялар Н.Хасенбаев, Ш.О.Оспанова, Шығыс Қазақстан облысытық адвокаттар алқасының мүшелері Ж.Мухаметжанов пен О.Абылқасымов, Зайсан аудандық оқу бөлімінің қазақ тілі әдіскері  Н.Ризабекқызы, Зайсан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкері А.К.Қалашова, Зайсан аудандық «Достық» газет редакциясының тілшісі Айбек Ахыт қатысты.

Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесіп, жойғаны үшін жауаптылыққа тартылды

30/01/2017

Зайсан аудандық соты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 340-бабының 2-бөлігімен көзделген қылмыстық теріс қылық жасаған С.Б.Жакуповқа  қатысты қылмыстық істі қарады                                              

С.Б.Жакупов Зайсан ауданы Қаратал орманшылығының «Қызылжар» учаскесінде орналасқан 18-ші орамының 1-ші  телімінде өсіп тұрған 35 түп түрлі тал ағаштарын рұқсат алмай, ешбір құжатсыз, заңсыз шауып, Зайсан орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 6 807 теңгеге материалдық залал келтірген.

Зайсан аудандық сотында Медиациялық келісім жасау арқылы қаралған істер бойынша брифинг өткізілді

30/01/2017

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Н.Мергембаев аудандық «Достық» газетінің тілшісі А.Ахытың қатысуымен аудандық сотта Медиациялық келісім жасау арқылы қаралған істер бойынша брифинг өткізді.

2011 жылы 28 қаңтарда «Медиация туралы» Заңның қабылдауына байланысты азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа қатынастардан, сондай-ақ онша ауыр емес, орташа санаттағы қылмыстардан туындайтын дауларды сотқа дейін реттеп, шешудің мүмкіндігі пайда болды. Жылдан- жылға сотта медиация арқылы шешілген істердің саны артуда.

Риддер қалалық сотында дөңгелек үстел өтті

30/01/2017

Риддер қалалық сотында мемлекеттік тілді қолдануда және жетілдіруде Риддер қаласы мемлекеттік органдарының бірлесіп жұмыс жасауы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға мемлекеттік органдар – Риддер қалалық сотының судьясы Ж.Тасубаева, мемелекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.Бабышев, Жергілікті полиция қызметінің басшысы О.Аштаев, қалалық ІІБ бастығы орынбасары Н.Белдеубаев, қала прокуратурасының бөлім прокуроры А.Тукенов қатысты.

Сот заңсыз қылмыстық жауапкершiлiкке тарту салдарынан бұзылған құқықтарды қалпына келтірді

30/01/2017

Семей қалалық соты жұмыстан шығару туралы бұйрығын заңсыз деп тану, амалсыз бос жүрген уақыты үшін еңбекақыны өндіру және моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық істі қарады.

Жаяу жүргіншіні қаққан

30/01/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК  610-бабының, 2-бөлігінде (жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан, көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін К.Жақсылықовқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Дау бейбіт жолмен реттелді

30/01/2017

Талапкер Семей қалалық сотына «Сервисно-заготовительный центр Семей» ЖШС-іне 375 105 теңге еңбекақы сомасын өндіру және зейнетақы жарналарын аударуға міндеттеу туралы талап арызбен жүгінген.

Сот отырысының барысында тараптар дауды медиация тәртібінде шешуді жөн көріп, келісімге келді. Келісім талаптарына сәйкес, жауапкер еңбекақы бойынша берешек сомасын және сот шығындарын төлеуге, ал талапкер талап арызынан бас тартуға міндеттелді.

Қауіпсіз қозғалыс жылдамдығы мен ара қашықтықты сақтамау салдарынан соқтығысты

30/01/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-н-нің  610-бабының, 1-бөлігінде (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін А.Пименовқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

30/01/2017

Семей қалалық сотында құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Алдын-ала сот отырысының барысында құқық бұзушы төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбай, процеске қатысушылардың сөзін бөліп, сотты адастыру үшін әрекет етіп, сауалнамалық деректерге қатысты сұрақтарға жауап беруден бас тартты.

Пара беруге азғырғаны үшін сотталды

30/01/2017

Семей қаласы №2 сотының өндірісінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 28-бабының 4-бөлігімен, 367-бабының 2-бөлігімен (мемлекеттік орган лауазымды тұлғаларына пара беруге азғыру), 24-бабының 3-бөлігімен, 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен (алаяқтыққа оқталу,  яғни оған байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген, ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемденуге оқталу) бұрын сотталған С.Ж. Асамбаеваға  қатысты қылмыстық іс  қаралған.

Процессуалдық міндеттерін орындамағаны үшін қаулы шығарылды

30/01/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылымыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматА.Григорьевке қатысты қылмыстық  істі қарады.

Азамат А.Григорьевке қатысты қылмыстық істі қарау барысында, сотқа шақырылуға тиісті тұлғалар тізіміне сәйкес, куәлар істің қарау уақыты мен мекен-жайы туралы тиісті түрде хабарланған бола тұра, сот отырысына келмеген.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

30/01/2017

Ұлан ауданының № 2  аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігі (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер) бойынша азамат И-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот шешімін орындамағаны үшін жауапқа тартылды

30/01/2017

Шемонаиха аудандық сотымен Шемонаиха қаласының тұрғыны азамат «Т»-ға қатысты сот шешімін орындамау жөнінде әкімшілік іс қарастырылды.

Істі қарастыру барысында, азамат «Т» ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылып,  оған жәбірленуші «С»-қа баруға, онымен сөйлесуге және өзге де тәсiлдермен байланыс жасауға тыйым салынған. Алайда ерекше талаптар белгіленгеніне қарамастан «Т» жәбірленушіге келіп оның тыныштығын бұзған.

Баспасөз-конференция өткізілді

30/01/2017

Үржар ауданының №2 аудандық сотының төрағасы К.К.Конкаев 2016 жылдың 12 айының қортындысы бойынша «Уақыт тынысы» газетінің тілшісі М.Саябаевтың қатысуымен баспасөз-конференциясын өткізді.

Орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларына арналған «Ашық есік күні» өтті

30/01/2017

Үржар аудандық соты орта мектептің  жоғарғы сынып оқушыларына арнап Ашық есік күнін өткізді. Аталған шараға Үржар аудандық сотының ғимаратына Б.Момышұлы атындағы орта мектептің  жоғарғы сынып оқушылары мектеп мұғалімі А.Ш.Нұрахметовтың жетекшілігімен  шақырылды.