Архив событий

05/01/2017

Өскемен қалалық соты медиациялық бітім арқасында отбасын сақтап қалуда

05/01/2017

Өскемен қалалық сотында 2016 жылдың қорытындысы бойынша неке бұзу дауы бойынша 1181 азаматтық істі дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту арқылы аяқтағанын. «Медиация туралы» Заңының талаптарына сай, сотта қалыптасқан тәжірибе бойынша ерлі-зайыптылардың татуласуы, қазіргі қоғамда дауласушылық деңгейін төмендету болып табылады.     

Денсаулыққа зиян келтіру туралы дау бейбіт жолмен реттелді

05/01/2017

Семей қалалық соты материалдық залал және моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Талапкер талап арызында жауапкерден 536 400 теңге көлемінде материалдық залалды және 500 000 теңге моральдық зиян өтемақысын талап етіп, велосипедпен қағып кеткен салдарынан, оның  денсаулығына ауыр зиян келтірілгенін және жарақат алғанын көрсеткен.

Аталған факті бойынша қылмыстың құрамы жоқ болғандықтан қылмыстық іс қысқартылған.

Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін сотталды

05/01/2017

Бородулиха аудандық сотымен ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігінің, 2-тармағына қарасты (бұзақылық, қоғамға анық құрметтеуді білдіретін, қоғамдық тәртіпті аса өрескел бұзушылық, пышақты қолдана отырып жасалған азаматтарға қарсы күш қолдану туралы) Р.Мұрзабековқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Басты сот талқылауында анықталғандай, Р.Мұрзабеков Зенковка ауылында мас күйінде бола тұра, танымайтын азаматпен жанжалға түсіп, пышақ алып жәбірленушіге бірнеше рет білегіне соққы жасап, содан кейін қылмыс жасаған орынынан қашып кеткен.

Баспанаға қол жеткізу туралы дау бейбіт келісіммен реттелді

05/01/2017

Өскемен қалалық сотында жер үйде тұру туралы талап арыз жөніндегі азаматтық іс бойынша медиациялық келісім бекітілді.

Іс материалдарын зерттей келе, талапкердің Өскемен қаласында орналасқан жер үй мен жер учаскесінің  жеке меншік иесі екендігін анықтаған.  Алайда, осы үйде жауапкерлер тұратын болғандықтан, олар талапкердің өз үйіне қоныстануына қарсылық білдірген.

Сот отырысы барысында тараптар бітімгер судьяның қатысуымен, дауды медиациялық жолмен шешуді және азаматтық істі қысқартуды сұраған.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

05/01/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Ә.Кәсенов, БАҚ өкілінің қатысуымен брифинг өткізді.

Сотталушы К. жәбірленушінің жүрек тұсынан аңшылық пышағымен ұрып, қасақана ауыр зиян келтірген соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қаза болған туралы қылмыстық іс бойынша, БАҚ өкілдерінің  қойған сұрақтарына жауап берді.

Сотпен жеке айыптау шағымы бойынша медиация қолданылған

05/01/2017

Бородулиха аудандық сотымен ҚР ҚК 108-бабы, жеке айыптау шағымы бойынша (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру туралы) А.Тимощукқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, А.Тимощук алкогольдік масаң күйінде бола тұра, жанжал кезінде көршісінің бетінен бір ұрған. Сот отырысында тараптармен медиация тәртібімен татуласу бойынша және қылмыстық істі тоқтату туралы  өтініш ұсынылды.

Сот қаулысымен тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды

Судьялар студенттердің біліміне баға берді

05/01/2017

Шығыс Қазақстан облыстық соты Елбасының «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасын орындау мақсатында жан-жақты жұмыстарды жүзеге асыруда.

Осыған орай, бүгін Қ.Нұрғалиев атындағы колледжде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алатын 3-курс студенттерінің оқу практикасын қорғау бойынша қорытынды «Ашық сабақ» өткізілді.