Архив событий

11/01/2017

Шығыс Қазақстан облыстық соты судьясының құрметті демалысқа шығуына орай салтанатты жиын өтті

11/01/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында судья Любичанская Галина Викторовнаның құрметті демалысқа шығуына орай салтанатты жиын  өтті.

Аталған шараға Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.С.Әміров, облыстық соттың судьялары қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.С.Әміров судья Г.В.Любичанскаяның сот төрелігін атқару  және сот жүйесінің дамуына қатысты сіңірген еңбегі жөнінде  әңгімеледі.

Шығыс Қазақстан облысында сот корпусы жаңа судьялармен толықтырылды

11/01/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров облыстық соттың судьяларына жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 30 желтоқсандағы № 399 «Қазақстан Республикасының судьяларын, сот төрағаларын қызметке тағайындау және қызметінен босату» туралы Жарлығы негізінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша  5 адам судьялыққа тағайындалды:

- Байжуменова Әлия Амангелдықызы Ұлан ауданының № 2 сотының судьясы;

2016 жылдың 12 айындағы сот жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

11/01/2017

Бородулиха аудандық сотының төрағасы С.Д. Байбосынова «Пульс района» газеті тілшілерінің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді.

Сот төрағасы атап өткендей сот жұмысын жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі  әлі де сот жүйесі беделінің ашықтығы мен сот қызметінің жариялылығы болып табылады. Сотпен тұрақты түрде дөңгелек үстелдер, баспасөз-конференциялары мен ашық есік күндері өткізіледі,  судьялар мен сот мамандарының мақалалары БАҚ жарияланады.

Қоршаған ортаны қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасады

11/01/2017

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай аудандық сотымен Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 383-бабының, 3-бөлігімен (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйм салынған құралдармен немесе тәсілдерімен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ өрескел бұзу)  азамат С.Пономаревқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.                                                          

Сотталушыларды айдауылмен жеткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары

11/01/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырлған ауданаралық сотының төрағасы Б.Ә.Кәсенов «сотталушыларды айдауылмен жеткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары» жөнінде дөңгелек үстел өткізді.

«Медиацианың мақсаты-татуластыру» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді

11/01/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасының м.а. С.Жүніспекова Теректі ауылдық әкімдігінің ғимаратында орналасқан медиация кабинетінде кәсіпқой емес медиаторлардың қатысуымен «Медиация мақсаты-татуласу» атты тақырыпта семинарлық сабақ өткізілді.

Семинар барысында С.Жүніспекова «Медиация туралы» Заңның маңыздылығы және соның шеңберінде жүргізілген белсенді жұмыстары жайлы айтып өтті.

Курчатов қалалық сотында семинар сабақ өткізілді

11/01/2017

Курчатов қалалық соты төрағасының м.а. А.К.Сыздыков мамандандырылған күзет қызметінің қызметкерлерімен және БАҚ-ның өкілдерімен «БАҚ өкілдерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде техникалық құралдарды сот ғимаратына алып кіру ережесі» тақырыбында семинар сабақ өөткізді. Семинарға сот мамандары да қатысты.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық соты «Сот шығындары, оның ішінде мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері және оны төлеуден босату негіздері» тақырыбында тұрғындармен кездесу өткізілді

11/01/2017

Катонқарағай ауданының № 2аудандық соты  Катонқарағай ауылының мәдениет үйінде «Сот шығындары, оның ішінде мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері және оны төлеуден босату негіздері» тақырыбына тұрғындармен кездесу өткізілді.

Іс шараның мақсаты - тұрғындарға мемлекеттік бажды төлеудің тәртібін түсіндіру.

Сотта семинар өткізілді

11/01/2017

ШҚО мамандандырлған ауданаралық экономикалық сотында А.Қ.Рамазановтың төрағалық етуімен «Соттың жеке ұйғарымы» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған тақырыпта судья Ш.Т.Исенованың баяндамасы тыңдалып, тақырыптың негізгі аспектілері айтылды.

Аягөз аудандық сотында “Рақымшылық туралы Заңның қолдану аясы” брифинг өткізілді

11/01/2017

Шығыс Қазақстан облысы Аягоз аудандық сотында судьялардың ұйымдастыруымен Аягөз аудандық прокуратурасы, Аягөз гарнизоны әскери прокурорының, Аягөз АІІБ-нің, Аягөз гарнизонының тергеу бөлімінің лауазымды қызметкерлерінің қатысуымен, Аягөз аудандық пробация бөлімінің қызметкерлерімен Рақымшылық Заңына қатысты бірқатар өзекті мәселелер бойынша “Рақымшылық туралы Заңның қолдану аясы” тақырыбында брифинг өткізілді.

Сотта семинар-тренинг өткізілді

11/01/2017

Ұлан аудандық сотында «Гендерлік саясат: Қоғамдағы әйел теңдігі» тақырыбында  семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы М.Халмурзаев, судья  А.К.Нұргазин, бас маман Р.Чамакаев және жергілікті баспасөз қызметкерлері қатысты.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында семинар өткізілді

11/01/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарының талаптары» тақырыбына семинар өткізілді.

 Іс шараға  Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының судьялары мен мамандары қатысты.

Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталды

11/01/2017

Бородулиха аудандық сотымен ҚК 192-бабының, 1-бөлігі бойынша (қарақшылық, яғни бөтен мүлікті ұрлау мақсатында қорқытумен күш қолдану шабуылы, шабуылға ұшыраған адамдардың денсаулығына, өмір сүруіне қауіпімен ұштасқан) С.Александровқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Медиация қолданылды

11/01/2017

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы 1 бөлігімен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)  жауапқа тартылушы Р.Алпысбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, Р.Алпысбаев алкогольдік масаң күйде бірге тұратын азаматшасына балапыт сөйлеп, қоқан-лоқы көрсеткен. Сотта тараптар істі медиация тәртібінде реттеуге болатынын естіп, өзара медиация туралы келісім жасасты, ол бойынша тәртіп бұзушы мінез-құлығын өзгертуге уәде берді.

Анасымен баласы сотта татуласты

11/01/2017

Курчатов қалалық соты ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) В.В. Леднёвке  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта В.В. Леднёв алкогольдік  масаң күйде, анасына отбасылық жанжал шығарып, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны анықталды.

Сот отырысында жәбірленуші В.В. Леднёвпен татуласуына байланысты, істі медиация тәртібімен қысқартуын сұрады.

Баламасыз жаза

11/01/2017

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 608-бабы, 6-бөлігімен (Көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз, алкогольдік масаң күйде жүргізу) бойынша жауапқа тартылушы Т.Байбазаровқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында анықталғандай, Байбазаров МТЗ-82 тракторын алкогольдік масаң күйде, сонымен қатар, белгіленген тәртіппен тракторшы куәлігін алмағандықтан, жүргізу куәлігі болмаған.

Жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды

11/01/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің  596-бабы, 3-бөлігінде (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін О.Тоқжігітовқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, О. Тоқжігітов өзінің басқаруындағы автокөлігімен төрт жолағы бар екі жақты қозғалысқа арналған жолда жолдың қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып, сол бойымен қозғалған.  

Сот жұмысқа қайта орналастырып, еңбекақыны өндірді

11/01/2017

Курчатов қалалық сотымен А.Т.Төлегеновтың «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-ның «Атом энергиясы институтының» шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнына жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақытына еңбекақы өндіру және моральдық зиянның өтемін төлету туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс бойынша сот дауы тараптардың татуласуымен аяқталды

11/01/2017

Өскемен қалалық соты жеке тұлғалар арасындағы 450 000 теңге қарызды өндіру жайлы азаматтық дауды қарады.

Талап қоюшы «А»  жауапкер «В-ға» жоғарыда көрсетілген қарыз соммасын өндіру жайлы талаппен  сотқа жүгінді.

Облыс орталығының тұрғыны аса ірі мөлшерде марихуана сақтағаны үшін сотталды

11/01/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК 296-бабы, 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыс жасаған И.Безугловқа қатысты қылмыстық іс қаралды.