Архив событий

19/01/2017

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 190 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған

19/01/2017

Бесқарағай аудандық сотында  2016 жылдың 12 айында қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарды яғни, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабында көзделген ұсақ бұзушылық әрекеттерін жасаған 190 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.                                                            

Ерлі-зайыптылар сотта татуласты

19/01/2017

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)  С.Ивановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта С.Иванов алкогольдік  масаң күйде, жұбайына отбасылық жанжал шығарып, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны анықталды.

Сот отырысында жәбірленуші мен құқық бұзушы татуласуларына байланысты, істі медиация тәртібімен қысқартуын сұрады.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында «Сот актілерінің орындалу барысы бойынша өзекті мәселелерді талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

19/01/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында сот төрағасы С.Ахмеджанов «Сот актілерінің орындалу барысы бойынша өзекті мәселелерді талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Тарбағатай ауданының прокуроры Б.Бекенов, Ақжар аумақтық сот орындаушылар бөлімінің басшысы-аға сот орындаушысы А.Баяхметов, жеке сот орындаушысы Г.Жунусбекова, Ақжар полиция бөлімінің  қызметкері А.Тюлюбаев қатысты.

Сот актілерінің орындалмау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

19/01/2017

Бородулиха аудандық сотында сот актілерінің ұзақ уақыт орындалмау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасы С.Байбосынова, судья Д.Наукенова, кеңсе меңгерушісі А.Касенова, мемлекеттік сот орындаушылары А.Шалгумбаев, К.Унербаев қатысты.

Дөңгелек үстел барысында сот актілерінің ұзақ уақыт орындалмау мәселелері тәркіленген мүліктің мемлекет пайдасына өтуі және әкімшілік істер бойынша айыппұлдарды өндіру талқыланды.

Алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 20 тәулікке қамаққа алынды

19/01/2017

Тарбағатай ауданның  №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 6-бөлігімен Б.Тлебалғановқа қатысты әкімшілік іс  қаралды.

Іс  материалдарынан, Б.Тлебалғанов көлік құралдарын басқару құқығынсыз, «Тайота Карина» маркалы автокөлігін алкогольдік  масаң күйде басқарған.

"Сот актілерін және хаттамаларын уақытылы енгізу" тақырыбында семинар өтті

19/01/2017

Бесқарағай аудандық сотында азаматтардың бағдарламаға сот актілерін уақытылы енгізу, уақытылы жолдау туралы арыз-шағымдарының алдын алу мақсатында «Сот актілерін және хаттамаларын уақытылы енгізу» тақырыбында семинар өтті.                                                                                         

Анасы баласын кешірді

19/01/2017

Курчатов қалалық соты ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)  А.Ж. Араловқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталағандай А.Ж. Аралов алкогольдік  масаң күйде, анасына былапыт сөздер айтып, отбасылық жанжал шығарған.

Сот отырысында жәбірленуші А.Ж.Араловпен татуласуына байланысты, істі медиация тәртібімен қысқартуын сұрады.

Жаңа судья таныстырылды

19/01/2017

Самар ауылы әкімдігінің акт залында ауыл тұрғындарымен, мемлекеттік құрылым басшылары және құқық қорғау органдарының қатысуымен жиналыс өтті. Жиналыста Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Н.Нұралинов жаңа тағайындалған судья - А.М.Амрееваны таныстырды.

Өскемен қаласының №2 сотының судьялары «ҚР Тәуелсіздігінің 25 –жылдығына байланысты рақымшылық жасау» Заңын талқылады

19/01/2017

Жұмыс жоспарын орындау барысында Өскемен қаласының №2 сотының судьялар арасында «Қазақстан Республикасының заңдарының қолданылуы «ҚР 12.12.2016 ж.Тәуелсіздіктің 25 –жылдығына байланысты рақымшылық жасау» Заңы тақырыбында семинар сабақ өткізілді. Семинарда  судья М.Аргимберде баяндама жасады.

Тыйым салынған жерде балық аулағаны үшін айыппұл тағайындалды

19/01/2017

Зырян аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383-бабы, 3-бөлігімен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу) әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен реттелді

19/01/2017

Глубокое аудандық соты ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша Д.О. Шперлингке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Сотта істі қарау барысында, Д.О. Шперлинг тұрғылықты жері бойынша енесіне қатысты  былапыт сөздер айтып, жан-жал шығарғаны анықталды.

Сотта істі қарау барысында, жәбірленуші құқық бұзушымен татуласып, тараптар татуласу туралы келісімді сотқа ұсынды.

Сот 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

19/01/2017

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған К.Е. Бағдатовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес,  К.Е. Бағдатов автокөлігін көлік құралдарын басқару құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік масаң күйде басқарған.

Заңды күшіне енген сот актілері бойынша атқару құжаттарын орындауға жолдау

19/01/2017

Катонқарағай ауданының № 2 сотында «Заңды күшіне енген сот актілері бойынша атқару құжаттарын орындауға жолдау» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған семинарға Катонқарағай ауданының № 2 сотының кеңсе мамандары және Катонқарағай аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысы З.Смагулова, Катонқарағай аудан прокуратурасының прокуроры Т.Даулетханов  қатысты.

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2016 жылдың жұмыстарын қортындылау бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

19/01/2017

Сот билігінің беделін нығайту, сот қызметін ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында  және сот жұмысының ашықтығы мен жариялылығы туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2016 жылды қорытындылау бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. 

 Шараға  «Городок-Инфо» газеттерінің және «Радио-Мақсат» ЖШС арнасының тілшілері шақырылды.  

Ауыл тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жазаланды

19/01/2017

Тарбағатай ауданның  №2 аудандық сотында ӘҚБтК-нің 434-бабының, 1-бөлігімен Б.Хабибуллинге қатысты әкімшілік іс  қаралды.

Б.Хабибуллин орта дәрежеде ішімдік ішкен мас күйде жәбірленушінің  үйіне барып тыныштығын бұзып, ар-намысына тиетін сөздермен балағаттап ұсақ бұзақылық жасаған.

Соттың қаулысымен Б.Хабибуллин Қазақстан  Республикасы  ӘҚБтК-нің 434-бабының 1 бөлігінде көрсетілген құқықбұзушылықты  жасағаны үшін  кінәлі деп танылып, осы бап бойынша 10 (он) тәулік  мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.

Сотта «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

19/01/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотында «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Күршім ауданы прокурорының орынбасары Р.Садвокасов, ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы Күршім аудандық бөлімінің өкілдері А.К. Жұрағатов пен Р.С. Ниязбеков қатысты.

Республика аумағынан шығарылды

19/01/2017

Семей қалалық сотымен Семей қаласының ІІБ-ның шетел азаматын Қазақстан Республикасы аумағынан шығару туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Өскемен қаласының №2 сотында мемлекеттік тілдің қолданылуы аясында семинар сабақ өткізілді

19/01/2017

Өскемен қаласының №2 сотының кеңсе меңгерушісі С.Жортбасова «Соттың іс-жүргізуінде мемлекеттік тілдің қолданылуы» атты тақырыбында семинар сабақ өткізді. Семинарға сот мамандары қатысты.

Кеңсе меңгерушісі С.Жортбасова қатысушыларға мемлекеттік тілдің саясатта қолданылуы мен негізгі мақсаты туралы айтып, 2016 жылы мемлекеттік тілде қаралған қылмыстық істердің жалпы көлемі туралы статистикалық мәлімет келтіріп, сотқа келіп түскен хат-хабарлардың көлемі, қызметкерлермен кіріс-шығыс хат-хабарлардың сапасы қаралғандығын белгілеп өтті.

«Сот кабинеті» электрондық сервисі» тақырыбында семинар өткізілді

19/01/2017

Бесқарағай аудандық сотында  «Сот кабинеті» электрондық сервисі» атты тақырыпта семинар өткізілді. Сот төрелігінің мінсіз жүйесін, сот жүйесіне азаматтардың сенімін арттыру, сот ісін жүргізуді жеңілдету, жеделділігі мен ашықтығының деңгейін көтеру мақсатында, сонымен қатар сот төрелігін жүзеге асыруда заманауи технологияларды енгізу бойынша көптеген іс шаралар жүзеге асырылды.                                                                          

Мемлекеттік тілді қызмет бабында қолданудың маңыздылығы

19/01/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов, судьялар Л.А.Побияха, Н.А.Жақсыбекова, сот мамандары, Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының өкілі, Шығыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік тілді қызмет бабында қолданудың маңыздылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Тараптардың еркінен тыс жағдайға байланысты мәміле жасалмады

19/01/2017

Семей қалалық сотымен кепілпұл өндіру және шартты жарамсыз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер сотқа жүгіне келе, 2015 жылдың тамыз айында нотариустың қатысуымен пәтер сатып алу туралы кепілпұл келісімнің жасалғанын көрсеткен. Келісім талаптарын сақтай отырып, жауапкерге үш мың шартты бірлікті құрайтын 564 000 теңгені төлеген. Қалған сомасы екіге бөлініп төленуге тиіс еді. Алайда, теңге бағамының құлдырауына және отбасындағы қаржылық жағдайына байланысты пәтерді сатып алу бойынша мәміле жасалмады.

Өскемен қаласының №2 сотының тергеу судьясы қалалық прокуратура ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысты

19/01/2017

Өскемен қаласының прокуратурасында «Шағымдардың әрекет (әрекетсіздігін)  қарау тәртібі және прокурорлардың, қылмыстық қадағалау органдарының шешімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

Шараға Өскемен қаласының №2 сотының тергеу судьясы К.Салбанова, прокуратура, құқық қорғау өкілдері және адвокат өкілдері қатысты.

Шара барысында ҚР ҚПК 106-бабының тәртібі бойынша шағымдарды қарау мәселелері, шағымдану тәртібі, тергеу судьяларының шешіміне наразылықтар талқыланды.

Қорғау нұсқамасын бұзған

19/01/2017

Бесқарағай аудандық  сотында ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабының (ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша азамат В.Панаевқа қатысты әкімшілік іс қарады.                                                                                

Сотта, құқық бұзушы В.Панаев  үйінде жұбайына қарсы алкогольдік масаң күйде, балағат сөздер айтып, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарымен қолданған қорғау нұсқамасын бұзған.                                  

Тоғыз айға көлік құралын басқару құқығынан айырылды

19/01/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК  610-бабының, 1-бөлігінде (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Д.Рахимовқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Семей қаласының Ювеналды сотында дау партисипативті рәсімді қолдану тәртібімен реттелді

19/01/2017

Семей қаласының Ювеналды сотында баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы талап арыз партисипативті рәсімді қолдану арқылы реттелді.

Алдын ала сот отырысында тараптардың адвокаттары екі жақтың партисипативті тәртіптегі келісімін бекіту және іс бойынша өндірісті қысқарту туралы арызбен жүгінді.