Архив событий

18/01/2017

Шығыс Қазақстан облыстық соты татуласу келісімін бекітті

18/01/2017

«Универсал» ПИК жауапкерге  эксплуатациялық шағындар бойынша қарызды өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінді. Талап арызда жауапкердің тұрғын үйді күтіп ұстау шығындарды төлемегендігін көрсеткен. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 50-бабына сәйкес жауапкерден 101 425 теңге сомасындағы  қарызды  өндіруді сұраған.

Өскемен қалалық сотының шешімімен талапкердің талап арызы қанағаттандырылған.

Аудандық соттың 2016 жылғы 12 айлық жұмысы қорытындыланды

18/01/2017

Үржар аудандық сотының ғимаратында 2016 жылдың 12 айындағы аудандық сот жұмысын қорытындылау бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Сот төрағасы Д.С.Серикбай  көрсетілген мерзім аралығында жасалған жұмысты қорытындылай келе, 2016 жылдың 12 айында сотпен 69 тұлғаға қатысты 62 қылмыстық іс, оның ішінде  үкім шығаруымен 43 тұлғаға қатысты 40 іс қаралғанын, 612 азаматтық іс аяқталып, 364 шешім шығарумен қаралғанын, 519 тұлғаға қатысты 519 әкімшілік іс аяқталғаны туралы статистикалық деректер келтірді.

Ерлі-зайыптылар медиация арқылы татуласты

18/01/2017

Жарма ауданының №2 аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен,  яғни құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсету туралы   азамат С.Акшаловқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта  анықталғандай, құқық бұзушы С.Акшалов өзінің үйінде жан-жал шығарып, жолдасы А.Акшалованы балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, жанұя тыныштығын бұзғаны анықталды.

Негізгі қылмыстық жазадан рақымшылық негізінде босатылды

18/01/2017

Бородулиха аудандық сотында ҚК-нің 188-бабы, 2-бөлігінің,1,3 тармағы (ұрлық, өзге қоймаға заңсыз кірумен  адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған бөтен мүлікті жасырын ұрлау туралы) Б., Н., С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталғандар бір-бірімен сөз байласып есікті бұзу арқылы, жасырын Орловка өндірістік комбинаты «Востокцветмет» ЖШС-ның аумағына кіріп, сомасы 467 мың теңгеден астам материалдық құндылықтарын ұрлаған. Сотқа дейінгі тергеу барысында ұрланған мүлік ішінара тәркіленіп, керек-жарақтары қайтарылған.

Жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды

18/01/2017

Аягөз аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің  596-бабының, 3-бөлігінде (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін А. Жетписбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, А.Жетписбаев өзінің басқаруындағы автокөлігімен Аягөз қаласы, Шұбартау көшесінің бойымен қозғалыс кезінде екі жолағы бар екі жақты қозғалысқа арналған жолда жолдың қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып, басқарған.  

Жарма аудандық сотында жаңа судья таныстырылды

18/01/2017

Жарма аудандық сотының төрағасы Т.Н.Алимханов, ауданның мемлекеттік мекемелерінің өкілдерінің қатысуымен өткен жиналыста жаңадан тағайындалған судьяны таныстырды.

2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президентінің № 399 Жарлығымен Төлегенов Дәурен Төлеуғалиұлы Жарма ауданды сотының судьясы лауазымына тағайындалды.

Аудан сотының төрағасы судьяға сот төрелігін жүргізуде бар білімі мен кәсіптілігін көрсетіп, Елбасымыздың сенімін ақтауға тілектестігін білдірді.

 

Жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есеп бағалау қызметі саласындағы заңнама талаптарына сай келмейді деп танылды

18/01/2017

Өскемен қалалық сотында АҚ-ның жеке сот орындаушысына жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есепті қабылдау бойынша әрекетін заңсыз деп тану туралы арызы қаралды.

Істің мән-жайы бойынша анықталғандай, бағалау объектінің іші ғимараттың тек жеке терезелері арқылы ғана зерттеу жүргізілген, аталған зерттеуді бағалау бойынша маманның мүліктің нарықтық бағасын анықтауда жеткілікті деп санаған, тиісінше, жоғарыда көрсетілген маманның әрекеті бағалау қызметінің объективті және дұрыстылық негізгі принциптеріне қайшы келеді.

Еліміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

18/01/2017

Аягөз аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігінде (шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының (ары қарай - ҚР) халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Ресей Федерациясының азаматы А.Сергеевке қатысты әкімшілік іс қаралды.

А.Сергеев «Қазақстан» бақылап-өткізу пункті арқылы Қазақстан аумағына өткен. Алайда, аталған азамат еліміздің ішкі істер органдарына тіркеуге тұрмаған, осы әрекеті арқылы ол халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Көлік құралын есірткілік масаң күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

18/01/2017

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан аудандық соты ӘҚБтК-нің 608-бабы, 1-бөлігі  бойынша (жүргізушінің көлік құралын есірткілік масаң күйде басқару) Е.Сатыбалдинов қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Е.Сатыбалдинов есірткілік масаң күйінде автокөлік құралын жүргізу кезінде полиция қызметкерлерімен ұсталғаны анықталған.

Сот қаулысымен  Е.Сатыбалдинов ӘҚБтК-нің 608-бабы, 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Материалдық залалды өндіру туралы дау медиативтік келісіммен аяқталды

18/01/2017

Үржар аудандық сотымен материалдық залалды өндіру туралы  талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Талапкер сотқа «материалдық залалды өндіру» туралы талап арызымен жүгінген. Өз талаптарында  жауапкердің баласының тентектігінен талапкерге тиесілі тұрғын үйде өрт шыққанын, өрттің салдарынан материалдық залал келгенін, яғни 200 000 теңгені құрайтын заттары жанып кеткенін көрсеткен. Жауапкер өз еркімен келген залалды өтеуге міндеттенген, алайда бүгінгі күнге дейін келтірілген  залалды өтемеген.

Заң бойынша мұра алу құқығы туралы куәлік жарамсыз деп танылды

18/01/2017

Өскемен қалалық сотына әрекетке қабілетсіз Л. мүддесінде және өзінің мүддесінде әрекет етуші В., А. заң бойынша мұра алу құқығы туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгініп келесіні көрсеткен, олар 1999 жылы 28 желтоқсанда қайтыс болған М-ның заң бойынша бірінші кезектегі мұрагерлері болып табылады. Қайтыс болған мұра қалдырушының артынан тұрғын үйден тұратын мұра ашылған. 2000 жылы 03 шілдеде берілген заң бойынша мұра алу құқығы туралы куәлікке сай, жоғарыда көрсетілген мұраны тек 2016 жылы 25 қаңтарда қайтыс болған бірінші кезектегі мұрагер С. қабылдаған.

Сот актілерін орындау

18/01/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотында «Сот актілерін орындау мәселелері» бойынша дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Республикасының аумағында болу ережесін бұзған

18/01/2017

Зырян аудандық сотында Ресей Федерациясының азаматы Л.Воронковаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, Зырян АІІБ-нің қызметкерлерімен тексеру жүргізу барысында Ресей Республикасының азаматы Л.Воронкова Зырян қаласы Орджоникидзе көшесінде уақытша тіркеліп, алайда Молодежная көшесінде тұрып жатқандығы анықталған, яғни ол Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Зырян аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

18/01/2017

Зырян аудандық сотында азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында кезекті іс шара «Ашық есік күні» өткізілді.

Сот төрағасы  А.Е.Исмагуловтың  қабылдауына аудан тұрғындары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты «Рақымшылық туралы» Заңын қолдануға байланысты сұрақтармен келді.

Катонқарағай аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – халықтың ортақ мәселесі» тақырыбында семинар өткізілді

18/01/2017

Іс шараға аудандық соттың төрағасы Б.Т.Секербеков, судья Н.С.Нұрсапинов және соттың қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында судья Н.С. Нұрсапинов «Сыбайлас жемқоролыққа қарсы күрес – халықтың ортақ мәселесі» тақырыбында баяндама жасады.

3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды

18/01/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының, 1-бөлігімен (көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарғаны)  С.Свановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот мәжілісінде С.Сванов спирттік   ішімдік   ішкен   алкогольдік масаң   күйінде  автокөлік басқарғаны анықталған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының, 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 (үш) жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.

Ағасы мен қарындасы медиация тәртібімен татуласты

18/01/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат Т. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  отырысында  азамат Т., өзінің қарындасына  сыйламаушылық көрсетіп, сөздермен балағаттап, тыныштығын бұзғаны анықталды. Істі қарау барысында  тараптар медиация тәртібінде келісімге келіп,  екі жақтың татуласуына байланысты  соттан әкімшілік істі қысқартуды сұраған.

Зырян аудандық сотының мамандарымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында семинар өткізілді

18/01/2017

Зырян аудандық сотының жетекші маманы Г.Калиева сот мамандарының арасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Г.Калиева өз баяндамасында біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істеуде, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар болып табылатындығын атап айтты.

Көлік құралын есірткілік масаң күйде басқарған

18/01/2017

Көкпекті аудандық сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының, 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған Д.Қожабаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысы барысында анықталғаны, Д.Қожабаев  есірткілік масаң күйде көлік құралын басқару кезінде, полиция қызметкерлерімен ұсталып, медициналық куәландыруға жеткізілген.

Сотта «Ашық есік» күні өтті

18/01/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының ғимаратында халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында «Оңайлатылған тәртіппен азаматтық істерді қарау – әділ сотқа қол жеткізудің тиімді түрі» атты тақырыпта «Ашық есік» күні өткізілді.

Іс-шараның өткізілетін уақыты мен мекені туралы ақпараты бар хабарландыру жергілікті аудандық газетінде алдын ала жарияланды.

Азаматтық туралы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салынды

18/01/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 496-бабының 2-бөлігіне сәйкес (Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу) азамат Х-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта азамат Х. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламай, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабының  2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасаған.

Әкімшілік қадағалаудың ережелерін бұзған

18/01/2017

Зырян аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 480-бабы, 1-бөлігімен (Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік іс қаралды.

Е.Черданцев Зырян аудандық сотының қаулысымен тағайындалған әкімшілік қадағалауда бола тура, 23.00 сағат шамасында үйде болмай, әкімшілік қадағалаудың  ережелерін бұзған.

Сот қаулысымен Е.Черданцев ҚР ӘҚБтК-нің 480-бабының,  1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін  кінәлі деп танылып, оған әкімшілік шара ретінде ескерту тағайындалды.

«Сот актілерінің орындалу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел

18/01/2017

Зырян аудандық сотының ғимаратында судья К.С. Жанабиловтың басшылығымен, судьялар мен сот қызметкерлерінің, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қатысуымен «Сот актілерінің орындалу мәселелері» бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысында аудандық соттың судьясы Қ.С. Жанабилов өз сөзінде, сот шешімдерінің орындалмауы әділ сот талқылауының маңызы жоғалатынын атап өтті. Мемлекет пайдасына өндіру туралы сот актілерінің орындалу маңыздылығы, сонымен қатар, орындау барысында кездесетін басқа да қиындықтар айтылды.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйінде жүргізгені үшін үш жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды

18/01/2017

Жарма ауданының №2 аудандық  сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының, 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару) бойынша азамат К.Бексултановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.                                  

Сот отырысы барысында анықталғандай, К.Бексултанов алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқару кезінде полиция қызметкерлерімен тоқтатылып, ұсталған және медициналық куәландырудан өткізілген.