Архив событий

16/01/2017

2016 жылдың 12 айының жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген кездесу өткізілді

16/01/2017

Өскемен қаласының  №2 сотында Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы К.Чакпантаев, ШҚО сотының судьясы В.Бычков 2016 жылдың 12 айының жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген жиналыс өткізді.

Жиналысқа Өскемен қаласының  №2 сотының судьялары, ШҚО №1 кәмілетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары қатысты.

Облыстық  соттың судьясы В.Бычков өз баяндамасында сот төрелігінің саны мен сапасының көрсеткіштерімен  егжей-тегжейлі хабардар етті.

2016 жылғы сот жұмысының қорытындысы

16/01/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында апелляциялық сот алқасының төрағасы Қ.М.Чакпантаевтың басшылығымен 2016 жылғы сот жұмысының қорытындысы бойынша кеңес өтті.

Кеңеске сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов, судьялар Л.А.Побияха, Е.С.Қоянбаев, Қ.Б.Зәбенов, Н.А.Жақсыбекова, кеңсе меңгерушісі А.Қ.Кайсанова және сот мамандары қатысты.

Қылмыстық іс медиациялық келісім-шарт бойынша тоқтатылды

16/01/2017

Зайсан аудандық сотында жекеше айыптау тәртібімен қозғалаған сотталушы Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жеке айыптаушы азаматша Н. жеке айыптау тәртібімен азамат Н.-ны ҚР ҚК-нің 108-бабында көрсетілген қылмыстық әрекетті жасағаны, яғни өзіне қасақана жеңіл дене жарақатын салғаны үшін оны қылмыстық жауапқа тарту туралы сотқа шағым берген.

Бір күнде бес әкімшілік іс медиация тәртібімен аяқталды

16/01/2017

Тарбағатай аудандық сотында  ӘҚБтК-нің 73 бабының 1бөлігімен  келіп түскен  бес әкімшілік іс қаралды.

Жәбірленуші мен құқық бұзушы отбасылық тұрмыстық қатынастардағы адамдар болғандықтан жанұяның берекесі мен тыныштығын сақтап қалу мақсатында кәсіби емес медиаторлардың көмегі ұсынылды.

Жәбірленушілер құқық бұзушымен медиация тәртібімен татуласып, бұл жөнінде медиация туралы шартын сотқа табыс еткен.

Қоғамдық медиаторлар қолұшын берді

16/01/2017

Тарбағатай аудандық сотында  ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен  келіп түскен Ш.Бұланов, Б.Құрманғалиевке қатысты әкімшілік істер қаралды.

Құқық бұзушының біріншісі өзінің тұрғын үйінде анасын, екіншісі әйелін балағаттап, сыйламаушылық көрсетіп, жанұя тыныштығын бұзған. Жәбірленуші мен құқық бұзушы отбасылық тұрмыстық қатынастардағы адамдар болғандықтан келешектегі жанұяның берекесі мен тыныштығын сақтап қалу мақсатында кәсіби емес медиаторлардың көмегі ұсынылды.

Материалдық зиян өндірілді

16/01/2017

Тарбағатай аудандық сотында материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

С.Амирханов орта дәрежедегі алкогольдік масаң күйде жолдың қарама-қарсы бағытында келе жатқан көлікке соғылып жол апатына душар болған.  Сотта, жол көлік оқиғасынның салдарынан талапкердің ауыр жарақат алғаны,  бір жыл бойы еңбекке жарамсыз болып қалғандықтан, екінші топтағы мүгедектікке жатқызылғаны анықталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істерді қарау

16/01/2017

ҚР 2015 жылғы 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық - жауапты мемлекетік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің  лауазымдық (қызметтік) өкілеттіліктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдары арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды п

Заңсыз балық аулағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

16/01/2017

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотында  ӘҚБтК-нің 383-бабының, 3-бөлігімен (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйм салынған құралдармен немесе тәсілдерімен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ өрескел бұзу)  азамат Д.Нұрғалиевқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Рақымшылық Заңына сәйкес жазаны өтеуден босатылды

16/01/2017

Тарбағатай аудандық №2 пробация қызметі ҚК-нің 345 бабының 2 бөлігімен 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған С.Амерхановты  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына орай Рақымшылық» Заңының 2 бабының 1 бөлігіне сәйкес тағайындалған негізгі жазасынан босату туралы ұсынысымен сотқа жүгінген.

«Медиация» тақырыбында дәріс өтті

16/01/2017

Самар ауылында орналасқан Достық үйінде жетекші маман Р.Келиспаева «Медиация» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріске шығармашылық пен достық үйінің, кітапхананың  мамандары қатысты.

Іс-шара барысында жетекші маман Р.Келиспаева «Медиация (ағыл. Мediation - делдалдық) – үшінші бейтарап адамның екі немесе одан да көп адамдарға даулы жағдайда келісім табуға көмектесу болып табылады», - деп айтып өтті.

Қылмыстық іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

16/01/2017

Курчатов қалалық  сотында ҚК-нің 187-бабының, 1-бөлігімен  (ұсақ-түйек жымқыру) П.С. Ивановқа қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, П.С. Иванов  жәбірленушінің  пәтерінде қонақта болып, оған тиесілі «Samsung» маркалы ұялы телефонын жасырып ұрлап кеткен. П.С. Иванов  өзінің қылмыстық әрекетімен жәбірленушіге 3000 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген.

Сот отырысында сотталушы мен жәбірленуші медиация тәртібінде татуласқанын айтып, істі қысқартуларын сұрады.

«Мемлекеттік қызмет» тақырыбында семинар

16/01/2017

Бородулиха аудандық сотында сот мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік қызмет» тақрыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында жалпы ережелер, қызметтік және қызметтен тыс мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлық стандарттарын, киім стилін, «Мемлекеттік қызметкерлер туралы» Заңының негізгі қағидаттары мен талаптары және мемлекеттік қызметкерлердің Этикалық Кодексінің ережелерін айтып өтті.

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

16/01/2017

Жарма ауданының №2 аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен,  яғни құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсету туралы   азамат Е.Жакуповқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта  анықталғандай, құқық бұзушы Жакупов Е. өзінің үйінде жан-жал шығарып, жолдасын балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, жанұя тыныштығын бұзғаны анықталды.

Сотта тараптар медиация тәртібімен татуласып, бітімгершілік келісімге келіп, әкімшілік істі қысқартуды сұрады.

Зырян аудандық сотында брифинг өткізілді

16/01/2017

Зырян аудандық  сотының төрағасы А.Исмагулов БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Медиация туралы» Заңды қолдану» тақырыбында брифинг өткізді.

Сот төрағасы «Медиация туралы» Заңның жалпы ержелерін, сот жүйесінде медиация институтын жанжандыру мақсатында өткізіліп жатқан іс-шаралар жайлы атап өтті. Сонымен қатар, медиация - дау бойынша қызығушлығы жоқ үшінші тұлға – медиатордың қатысуымен құқықтық дауларды шешудің баламалы түрі болып табылатынын айтты.

БАҚ өкілдеріне сот отырысында техникалық құралдарды қолдану тәртібіне қатысты мәселелер бойынша семинар-кеңес өткізілді

16/01/2017

Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы Г.Ф.Әділбаевамен БАҚ өкілдеріне сот отырысында кино,видео,фота түсірілімдер,тікелей радио және тікелей хабар тарату сияқты техникалық құралдарды  қолдану  тәртібіне қатысты мәселелер бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шараға  жергілікті БАҚ өкілдері, ШҚО-ның  мамандандырылған  күзет қызметінің  басқару  қызметкерлері, сот приставтары қатысты.

«Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану» тақырыбында семинар өткізілді

16/01/2017

Катонқарағай аудандық сотында семинар өткізілді, оған аудандық сотының төрағасы Б.Т.Секербеков, судья Н.С.Нұрсапинов, кеңсе меңгерушісі Э.К. Жансұлтанова, сот қызметкерлері және адвокат Б.К. Құсаинова қатысты.

Аса ірі көлемде ұрлау

16/01/2017

Бородулиха аудандық сотымен  ҚК-нің 188-бабы, 4-бөлігінің, 3 тармағы (ұрлық, өзге қоймаға заңсыз кірумен  адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде жасырын ұрлау туралы) А.Бикадамовқа қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Басты сот талқылауында анықталғандай, А.Бикадамов бұрыннан таныс А.Карибаевпен бірлесе отырып, қараңғыны күтіп Жезкент кентіндегі Орловка өндірістік комбинаты «Востокцветмет» ЖШС-ның аумағына кіріп, жалпы сомасы 10 миллионнан астам материалдық құндылықтарын  алып шыққан.

Сот 4 сотталғандарға рақымшылықты қолданды

16/01/2017

ШҚО Көкпекті ауданының №2 сотымен онша ауыр емес қылмыстар, ауырлығы орташа қылмыстар жасаған және бас бостандығын айыру жазасына қатысты емес жазасын өтеп жатқан А.Морозовқа, К.Акимжановқа, А.Глинкинға, Н.Байдакбаеваға қатысты рақымшылық актісін қолдану туралы Көкпекті ауданының №2 пробация қызметінің 4 ұсынысы қаралды.

Тұтынушының құқықтары қорғалды

16/01/2017

Семей қалалық сотымен тауарға төленген ақшалай соманы қайтару және моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер жеке кәсіпкер Д.Идрисовқа талап арызбен сотқа жүгіне келе, жауапкермен 2016 жылдың 22 қазанына дейін алюминий металынан эскизіне, санына, түсіне, көлеміне сәйкес ПВХ бұйымын дайындап, жеткізу бойынша келісім шартының жасалғанын көрсеткен. Алайда, балконның монтаж жұмыстары жасалмады, сонымен қатар, жауапкер ерікті түрде ақшаны қайтарудан бас тартты.

«Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

16/01/2017

Катонқарағай аудандық сотында «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» тақырыбында  аудандық соттың судьялары және сот қызметкерлерінің, Катонқарағай аудандық жергілікті полиция қызметкерлері М.Жарқымбаева, К.Увалиеваның қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Заңсыз салынған құрылысты бұзу туралы дау бейбіт жолмен шешілді

16/01/2017

Семей қалалық соты белгiлi бiр әрекеттер жасауға мiндеттеу туралы азаматтық істі қарады.

Талапкер сотқа жауапкерді жер учаскесінде орналасқан ауладағы құрылысты бұзуға және бекітілген мемлекеттік актіге сәйкес учаскесінің шекарасын қалпына келтіруге міндеттеу туралы арызбен жүгінген.

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

16/01/2017

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы өтті.

Азаматтарды аудандық соттың төрайымы  А.Аринова қабылдады.

Шара барысында сот төрайымының қабылдауында Таврия ауылының тұрғыны Л.Перкина болып, некені бұзу мәселесіне қатысты туындаған сауалдарын қойды.Қойылған сауалдарға сот төрайымымен заң тұрғысынан тұжырымды жауаптар берілді.