Архив событий

12/01/2017

Ерлі-зайыптылар сотта татуласты

12/01/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа
қарсы әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған А. Ивановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, А. Иванов тұрғылықты мекен-жайында жұбайына  қарсы ұрыс шығарып, оның атына былапыт сөздер айтып, қорлаған.

Сотта тараптар өзара татуласып, медиаторлық келісім жасауы негізінде соттан іс өндірісін қысқартуды сұрады.

Бесқарағай аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

12/01/2017

Бесқарағай аудандық соты ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)   қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауапқа тартылған А.Козловқа қатысты әкімшілік істі қарады.                       

Сотта, А. Козловтың өз үйінде жанжал шығарып, жұбайына қатысты  былапыт сөздер айтқандығы анықталды.                                        

Үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылды

12/01/2017

Бесқарағай аудандық  сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару) бойынша азамат Т.Құрғамбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.                                  

Сот отырысы барысында анықталғандай, Т.Құрғамбаев алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқару кезінде полиция қызметкерлерімен тоқтатылып, ұсталған және медициналық куәландырудан өткізілген.          

Сотқа құрметсіздік білдіргені үшін ескертілген

12/01/2017

Бородулиха аудандық сотымен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚРҚ ӘҚБтК-нің 653-бабының, 1-бөлігіне қарасты (сотқа құрметсіздік білдіру туралы) З. Сұлтановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысы уақытында З.Сұлтанов бірнеше рет  жоғары екпінмен орнынан айқайлап, іс бойынша төрағалық етушінің ескертулеріне құлақ аспаған, осыған байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сот қаулысымен З.Сұлтанов сотқа құрметсіздік жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қауіпсіз қозғалыс жылдамдығы мен ара қашықтықты сақтамаған

12/01/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің  610-бабының, 1-бөлігінде (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін А.Искаковқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Рақымшылық қолданылды

12/01/2017

Аягөз аудандық сотымен ҚК 187-бабының 1-бөлігі бойынша (ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салу) Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Ж. теміржол паркінде тұрған вагоннан 480 теңгені құрайтын тас көмір ұрлаған.

Соттың қаулысымен Ж. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына байланысты рақымшылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде  қылмыстық жазадан босатылды.

Ерлі-зайыптылар сотта татуласты

12/01/2017

Курчатов қалалық соты ӘҚБтК-нің 73-бабының, 2-бөлігінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)  Е.И. Сарсембаевка қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта Е.И. Сарсембаев алкогольдік  масаң күйде, жұбайына отбасылық жанжал шығарып, оған былапыт сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны және аталған құқық бұзушылықты бір жылдың ішінде қайталап жасағаны анықталды.

Көші-қоны саласында, яғни еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін Ресей азаматы әкімшілік жауапқа тартылды

12/01/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Ресей Федерациясының азаматына қатысты Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабының 5-бөлігіне сәйкес (еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) әкімшілік істі қарады.

Халықаралық Конвенция аясында

12/01/2017

ШҚО Риддер қалалық сотының Р.М.Анированың Ресей Федерация аумағында тұратын С.Т.Анировтан алимент өндіру туралы талабы қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енген.

Риддер қалалық сотымен жауапкер С.Т.Анировтан алиментті  өндіру жөніндегі мәжбүрлеп орындау туралы өтінішхат өкілетті сот – РФ Алтай Өлкелік сотына жолданды.

Аягөз аудандық сотының қаулысымен әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

12/01/2017

Аягөз аудандық сотында  ӘҚбТК-нің 73-бабының 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат   Г.Д. Ргизбаеваға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  отырысында,  Г.Д. Ргизбаева өзінің үйінде некедегі жолдасына сыйламаушылық көрсетіп, балағат сөздермен тіл тигізіп, тыныштығын бұзғаны анықталды.

Істі қарау барысында  тараптар медиация тәртібінде келісімге келіп, екі жақтың татуласуына байланысты  соттан әкімшілік істі қысқартуды сұраған.

Іс медиация тәртібінде қысқартылды

12/01/2017

Курчатов қалалық соты ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)  Д.П. Литвиновқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта Д.П. Литвинов алкогольдік  масаң күйде, бұрыңғы жұбайына отбасылық жанжал шығарып, оған былапыт сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны анықталды.

Сотта «Төрелік» ақпараттық жүйесі» тақырыбында семинар өткізілді

12/01/2017

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  мамандар арасында «Төрелік» ақпараттық жүйесі» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған тақырыпта кеңсе меңгерушісінің м.а. А.Жилкашинова сөз сөйлеп, аталған тақырыптың негізгі аспектілері айтылып, ақпараттық жүйені қолдану мүмкіндіктері көрнекі түрде көрсетті.

Заңсыз сыйақы алғаны үшін айыппұл салынды

12/01/2017

Бородулиха аудандық сотымен ҚРК  ӘҚБтК-нің 676-бабы бойынша (жеке тұлғаларға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға немесе соларға теңестірілген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы беру туралы) Ю. Фохтқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай Ю.Фохт Бородулиха ауданының пробация қызметінің есебінде болған, инпектордың рұқсатынсыз заңсыз, аудан аумағынан тыс жұмысқа шыққаны үшін оны жазаламау мақсатында оның  ұялы телофонының есебіне 1000 теңге салған.