Архив событий

25/01/2017

Жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін айыппұл тағайындалды

25/01/2017

Бесқарағай аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы, 1-бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) бойынша М.Матпековты кінәлі деп танылған.                            

Сотпен құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талап қойылды

25/01/2017

Бородулиха аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігіне қарасты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) С.Жылбаевқа қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай С.Жылбаев ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының,   4-бөлігі бойынша бір жылда екі рет әкімшілік жазаға тартылған тұлға бола тұра, қайтадан қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйінде болған.

Жүргіншіні қағып кеткені үшін жазаланды

25/01/2017

Зырян аудандық сотымен Зырян аудандық ішкі істер бөлімінен түскен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы, 2-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан әрекет) әкімшілік іс қаралды.

Сотқа алкогольдік масаң күйінде келген жауапкер қамауға алынды

25/01/2017

Семей қалалық сотымен құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Некені бұзу туралы азаматтық іс бойынша жауапкер алкогольдік ішімдік ішкен күйінде алдын-ала сот отырысына келген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабына сәйкес, сотқа немесе сот белгілеген тәртіпке көпе-көрінеу менсінбеушілік әрекеттеріне айғақ боларлық кез-келген әрекет сотқа құрмет көрсетпеушілік болып табылады.

Әкімшілік айыппұл тағайындалды

25/01/2017

Зырян аудандық соты ӘҚБтК–нің 610-бабы, 1-бөлігімен, көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соғып, материалдық залал келтiргені бойынша әкімшілік іс қарады.

Іс құжаттары бойынша Н.Павленко көлік құралын басқара отырып қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай, көліктің аударылуға жол берген, соның салдарынан көлік иесіне материалдық шығын келтірген.

Көлікті алкогольдік масаң күйінде басқарған

25/01/2017

Катонқарағай аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 608-бабының 6-бөлімімен, яғни жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, масаң күйдегі адамның басқару,  көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ адам жасаған әрекеттер бойынша С.А. Шишкинға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Сот мәжілісінде С.А. Шишкин көлік құралын жүргізуге құқығы болмай және алкогольдік ішімдігін ішкен күйінде көлік құралын басқару кезінде жол полиция қызметкерлерімен ұсталғандығы анықталды.

Соттың жеке ұйғарымы - алдын-алу шарасы

25/01/2017

Семей қалалық соты заңдылық бұзылған жағдайлардың анықталғанына байланысты жеке ұйғарым шығарды.

Семей қаласының наркологиялық диспансері сотқа ұзақ жылдар бойы алкогольдық ішімдікке тәуелді азаматты мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы ұсыныспен жүгінген.

Сот отырысының барысында сарапшының қорытындысына сәйкес алкогольге тәуелді адам 6 айлық мерзімге наркологиялық бөлімінде мәжбүрлі түрде емделуге мұқтаж болғандықтан, науқастың туысы, 2016 жылдың шілде айында диспансердің директорына жүгінгені анықталған.

Сот залынан

25/01/2017

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігі (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған  А.А. Тенятниковаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Курчатов қалалық сотында  Р.А. Одинцовты ҚК-тің 191-бабының, 1-бөлігімен айыптау туралы қылмыстық істі қарау барысында, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған.

Теріс-пиғылды мердігерден алдын-ала төленген қаражат пен моральдық зиян өтемақысы өндірілді

25/01/2017

Семей қалалық сотымен қарыз, өсімпұл сомасын және моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды. 

Талапкер сотқа жеке кәсіпкер А.Кузминге талап арызбен жүгініп, 2016 жылдың тамыз айында жауапкермен 370 000 теңгеге жиһазды дайындау шартының жасалғанын көрсеткен. Оның талаптарына сәйкес, жауапкер 2016 жылдың 24 қыркүйекке дейін тауарды дайындап, жеткізуге, ал тапсырыс беруші алдын-ала 270 000 теңге көлемінде ақшаны төлеуге тиіс еді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» тақырыбында семинар өткізілді

25/01/2017

Көкпекті  ауданының №2 аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» тақырыбына семинар өткізілді. Іс-шараға аудандық сот судьялары, сот қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында судья А.Амреева, 2015 жылдың 08 қарашасында қабылданған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасының нормалары талқыланды.

Жол көлік оқиғасын жасағаны үшін айыппұлға тартылды

25/01/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының, 1-бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) бойынша әкімшілік іс қарады.

Құқық бұзушы республика аумағынан шығарылды

25/01/2017

Семей қалалық сотымен Семей қаласының ІІБ-ның Ресей Федерациясының азаматын республика аумағынан шығару туралы азаматтық ісі қаралды.

Еліміздің аумағында шетел азаматы Н.Яблонский ҚР ҚК-нің 188-бабы, 2-бөлігі, 2,3 – тармақтарымен қарастырылған (ұрлық, бiрнеше рет, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiру) қылмыс жасаған. Қылмыстық іс жәбірленушімен татуласуына байланысты қысқартылған.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

25/01/2017

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотына ҚР ҚК-нің 187-бабымен (ұсақ-түйек жымқыру) С.Апечановқа және Ж.Акимжановқа қатысты екі қылмыстық іс түсті.

Іс материалдарында көрсетілгендей, С.Апечанов өзінің көлігімен түнде танысы Ж.Акимжановтың жұмыс істейтін ауыл әкімшілігінің қазандығына келіп, екіншісі біріншінің көлігіне екі қап көмір тиеп берген, осылайша ұсақ ұрлық жасаған.

Сот тараптардың іс жүргізу тілін ауыстыру туралы арызын қанағаттандырды

25/01/2017

«ШҚО облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын басқылау басқармасы» ММ-сі  «Айнабұлақ» шаруа қожалығына жер телімін мәжбүрлеп алу туралы талап арызбен ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Қазақстан Республикасының Азаматттық процестік кодексінің 14 бабына сәйкес, сот ісін жүргізу тілі болып орыс тілі белгіленген.

Істі сот талқылауына дайындау барысында тараптар жазбаша түрде іс жүргізу тілін орыc тілден мемлекеттік тілге ауыстыру жөнінде арызданған.

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы «Медиацияны қазіргі заманда қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

25/01/2017

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Р.М.Ақпар «Медиацияны қазіргі заманда қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Семей қаласының орта білім және арнайы орта білім беру оқу орындарының білім алушылары қатысты.

«Дөңгелек үстел» барысында  тәрбие және білім беру процесіндегі жанжалдың себептері мен ерекшеліктері, медиацияның жұмыс істеу принциптері, оның артықшылықтары, дауларды реттеудегі медиацияның маңыздылығы талқыланды.