Архив событий

17/01/2017

Қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы жұмыс барысымен Риддер қалалық сотында болды

17/01/2017

Риддер қалалық сотына жұмыс сапармен Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Чакпантаев келді. Осыған орай ұйымдастырылған есептік шараға Риддер қалалық сотының төрағасы Т.Қ.Адаспаев, Риддер мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ғ.Ж.Оспанова және осы соттардың судьялары мен мамандары қатысты.

Шара мақсаты – 2016 жылдағы Риддер қалалық сотының  жұмысын қорытындылау болды. Бірінші кезекте Риддер қалалық сотының төрағасы Т.Қ.Адаспаевтың жылдық есебі тыңдалып, оған қосымша сұрақтары қойылды.

Әріптестерін зейнеткерлік демалысқа шығарып салды

17/01/2017

Семей қалалық сотының ұжымы сот жүйесінде 20 жыл қызмет атқарған әріптестері Б.Байдекованы зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.

Байдекова Бақыт Орынғалиқызы 1958 жылдың 10 қаңтарында Семей облысының Абралы ауданында дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын 1976 жылы мектеп есепшісі болып бастаған. 1996 жылға дейін әр түрлі салада қызмет атқарып, Қайнар ауылының сот учаскесінің сот хатшысы қызметіне тағайындалып, кейін қалалық сотқа ауыстырылған.

Отбасылық жанжал «Медиация туралы» Заңды қолдануымен реттелді

17/01/2017

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған (отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттер) азамат С.Б.Нұғымаровқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта   азамат С.Б.Нұғымаров  өзінің үйінде алкогольді масаң күйінде,  өзінің жұбайымен  ұрыс шығарып, ұрыс барысында оған қатысты балағат сөздер айтқандығы анықталды.Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен татуласқанына байланысты соттан әкімшілік істі қысқартуын сұрады.

Қорғау нұсқамасын бұзған

17/01/2017

Глубокое аудандық сотымен ҚР ӘҚтБК-нің 461-бабына сәйкес  (Қорғау нұсқамасын бұзу)  Е.Чернякқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот барысында Р.Бердинованың шағымы бойынша Ішкі Істер бөлімінің қызметкерлерімен А.Чернякқа қатысты Р.Бердиновамен қандайда қарым-қатынасқа түсүге тиым салу туралы қорғау нұсқамасы шығарылған. Алайда А.Черняк қорғау нұсқамасына қарамастан  Р.Бердинованы балағаттап, қорқытқаны анықталды.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

17/01/2017

Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 517-бабы, 4-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Украина азаматы К.Чемерисқа қатысты әкімшілік іс қаралған.

Глубокое АІІБ-нің көші-қон полиция қызметкерлерінің тексеру жүргізу барысында, ҚР аумағында шетел азаматтарының болу ережесін бұзып, әкімшілік құқық бұзушылықты  жасаған.

Көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін көлік жүргізу куәлігінен айырылды

17/01/2017

Жарма ауданының №2 аудандық  сотында, Қ.Бексултановқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен, яғни жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқарған әкімшілік ісі  қаралды.

Іс  материалдарынан, Қ.Бексултанов көлігін алкогольдік масаң күйде басқарған, сөйтіп ол жол жүрісі қағидасының 2.4.2 тармағын өрескел бұзған.

Жазадан босатылды

17/01/2017

ШҚО Күршім аудандық сотымен аудандық пробация қызметінің сотталғанды Рақымшылық Заңына сәйкес жазадан босату туралы ұсыным қаралды.

Сот үкімімен Н.Зайнолдинов Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 380-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жылға пробациялық бақылау белгіленумен қатар, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Кәмелеттік жасқа толмаған үш баланының анасы жазадан босатылды

17/01/2017

ШҚО Күршім аудандық сотымен аудандық пробация қызметінің сотталған Т.-ға қатысты  Рақымшылық Заңына сәйкес жазадан босату туралы ұсынымы қаралды.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен Т., Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 101-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығынан айыру  жазасы тағайындалған, ҚР ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бұл жазаның орындаулы 5 жылға кейінге қалдырылған.

Отбасы-тұрмыстық қатынастағы дау медиация тәртібімен реттелді

17/01/2017

Бородулиха аудандық сотымен ӘҚБК-нің 73-бабының, 1-бөлігі бойынша (құқыққа қарсы іс-әрекеттер саласындағы отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар туралы) П.Мендельға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, П.Мендель өзінің үйінде мас күйінде бола тұра, жанжал кезінде бірге тұратын әйелінің атына балағат сөздерді айтқан.

Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен татуласуына байланысты іс жүргізуді тоқтату бойынша өтінішпен сотқа жүгінді.

Сенім телефоны деген не?

17/01/2017

Сенім телефоны- әлеуметтік қызметтің негізгі бір түрі. Білікті мамандармен  телефонмен сөйлесуге мүмкіндік береді.

Сөйлесу барысында тұтынушы сұрағы бойынша ақпараттар беріліп, тұтынушы кеңес берушіге нақты істер бойынша ақпарат бере алады.  Глубокое аудандық сотында сенім телефоны  2-33-26 нөмерімен атқарылуда, осы нөмір бойынша судьялар және сот қызметкерлерінің іс әрекетіне қатысты шағым, сонымен қатар, басқа да сұрақтар бойынша жүгінуге болады.

Ескерту жарияланды

17/01/2017

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 436-бабының 3-бөлігімен (Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгіленген тәртіпті бұзатын және ірі материалдық залал келтіруге әкеп соқпаған, елді мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық құрылғыларды жару) азаматша К.Жықановаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, кәмелеттік жасқа толмаған Т. пиротехникалық құралдарды жарған.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама анасының  үстінен толтырылған.

Әкімшілік қадағалау заңнамасын бұзғаны үшін ескерту жасалды

17/01/2017

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 480-бабының 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған И.В. Карабоковқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес,  И.В. Карабоков Курчатов қалалық Полиция бөлімінің «әкiмшiлiк қадағалау» санаты бойынша есебінде бола тұра,  дәлелді себептерсіз тіркеуге келмей, әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнамасын бұзған.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

17/01/2017

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан аудандық соты ӘҚБтК-нің 608-бабы, 1-бөлігі  бойынша ( жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару А.Коноплевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, А.В. Коноплев алкогольдік масаң күйінде автокөлік құралын жүргізу кезінде полиция қызметкерлерімен ұсталғаны анықталды.

Медиатор туыстарды татуластырды

17/01/2017

Курчатов қалалық соты ӘҚБтК-нің 73-бабының, 2-бөлігінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) В.Петровқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, В.Петров алкогольдік  масаң күйде, апайына былапыт сөздер айтып, отбасылық жанжал шығарып, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны және аталған құқық бұзушылықты бір жылдың ішінде қайталағаны анықталды.

Сот ғимаратына өткізу ережелері талқыланды

17/01/2017

Семей қалалық сотында «Соттағы өткізу және ішкі объектілік тәртібін қамтамасыз ету сұрақтары және БАҚ өкілдерінің сот ғимараттарына кіру ережесі» атты тақырыбында семинар өткізілді.

Сотта медиация

17/01/2017

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған В.Никулинға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, В.Никулин тұрғылықты мекен-жайында бірге тұратын әйеліне қарсы жанжал шығарып, оның атына былапыт сөздер айтып, қорлаған, осыған байланысты тұлғаға  отбасылық-тұрмыстық қатынаста оның тыныштығын бұзып, құрметтемеушілік көрсеткен.

Заңсыз аңшылық қаруды сақтағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталды

17/01/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК 287-бабы, 3-бөлігімен (атыс қаруын тегіс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, немесе құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) А.Савченкоға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта полиция қызметкерлерімен А.Савченкоға тиесілі үйдің ішіндегі жертөлені тексеру кезінде заңсыз сақталған аңшылық қару табылып, алынғандығы анықталған.

Алимент бойынша борышкерлер қамауға алынды

17/01/2017

Көкпекті ауданының №2 аудандық соты ӘҚБтК-нің 669-бабымен (сот актілерін орындамау) С.Сармановқа және Е.Ахмадиевқа қатысты екі әкімшілік істі қарады.

Сот екі борышкерге сот бұйрығымен өз балаларына кәмелет жасқа толғанға дейін алимент төлеуге міндет қойған. Алайда, екі борышкерде тұрақты жұмыстың жоқтығын алға тартып, алиментті уақытылы төлемеген. С.Сармановта алимент бойынша 305 472 теңге, ал Е.Ахмадиевта миллионнан астам қарызды құраған.

Алкогольдік масаң күйде жол көлік оқиғасын жасаған

17/01/2017

Көкпекті ауданының №2 сотымен ӘҚБтК-нің 608-бабы, 3-бөлігімен (адамның алкогольдік масаң күйде көлікті жүргізу және жол көлік оқиғасын жасау) А.Шаровқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында анықталғандай, А.Шаров МТЗ тракторын алкогольдік масаң күйде жүргізіп, қауіпсіз жүру жылдамдығын және қашықтықты сақтамай, қарсы бағытта келе жатқан көлікпен прицептің қақтығысуына жол берген.

Сот құқық бұзушыға баламасыз көлік құралын жүргізу құқығынан 5 жылға айыру жазасын тағайындады.

Медиатордың қатысуымен татуласты

17/01/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабы, 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) Д.Болысовқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот мәжілісінде,  Д.Болысов өз үйінде отбасы тыныштығын алып, жұбайын балағаттап, оның ар намысына тиетін сөздер айтқаны анықталды. Тараптар  медиация тәртібімен татуласқанддықтан соттан әкімшілік істі өндірістен қысқартуды сұраған.

Сотты құрметтемегені үшін жауапқа тартылды

17/01/2017

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігі (сотты құрметтемеушілік) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған М.Қ. Нұрғалиеваға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, азаматтық іс бойынша талапкер М.Қ. Нұрғалиева сот отырысының өтетін орны мен уақыты туралы тиiстi түрде хабарланған бола тұра, басты сот талқылауына келмеген.

Сот қаулысына сәйкес М.Қ.Нұрғалиева ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған ескерту түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды.

Семей қалалық сотында жаңа судья таныстырылды

17/01/2017

Семей қалалық сотында Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.М.Чақпантаев жаңадан тағайындалған судья Д.Сұлтановты таныстырды.

Сұлтанов Даулет Манарбекұлы 1981 жылдың 3 қарашасында Семей қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін үздік бітіріп, заңгер білімін алған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының магистранты.