Архив событий

31/01/2017

Қытай Халық Республикасының азаматшасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

31/01/2017

Бородулиха аудандық сотымен ӘҚБтК-нің  514-бабы, 2-бөлігі бойынша ҚХР азаматшасы А. қатысты, яғни Қазақстан Республикасының шекара режимін шетелдікпен  бұзушылық жасалғанына байланысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен, «Ауыл» станциясында "Астана-Лениногорск" бағытындағы жолаушылар пойызының хабарламасы бойынша шекаралық тексеру кезінде, ҚХР азаматшасының өзімен бірге басқа ҚХР азаматшасының жеке куәлігін алып жүргендігі анықталды

Жауаптылықтан амнистиямен босатылды

31/01/2017

Зырян аудандық сотында Зырян ауданының №1 пробация қызметінің сотталған  С.В.Валовты жауаптылықтан амнистиямен босату туралы өтініші қаралды.

С.В.Валов ШҚО Шемонаиха аудандық сотының үкімімен Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 2-бөлігі, 286-бабы, 1-бөлігі, 58-бабы, 2-бөлігімен көзделген қылмыстарды жасағаны үшін 2 жылға бас бостандығынан шектелген.

Сот қаулысымен сотталған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына орай рақымшылық туралы» Заңының 2-бабы, 3-бөлігі негізінде жазадан босатылды.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

31/01/2017

Зырян аудандық сотында соты ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында қарастырылған (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған Д.Джетмековқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Д.Джетмеков өзінің үйінде алкогольдік  масаң күйінде жанжал шығарып, жұбайына қатысты балағат сөздер айтқаны анықталды.

Сотта істі қарау кезінде, тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерін сотқа ұсынды.

Рақымшылық заңы қолданылды

31/01/2017

Семей қаласының №2 сотында ПИК төрағасына қатысты кәмелеттік жасқа толмаған жәбірленушіні қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіткені туралы қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сай З.М.Конобевская кәмелеттік жасқа толмаған жәбірленушіге үйдің ауласында ойнап жүріп, үстел мен орындықтарға аяқпен шыққаны үшін балағатты сөздер айтқаны көрсетілген. Сотталушының кінәсі сот – лингвистикалық зерттеуінің қорытындысымен, куәгерлердің айғақтарымен дәлелденген.

Екі еселенген кепілпұлды өндіру жайлы дау партисипативтік келісімді бекіту арқылы шешілді

31/01/2017

Өскемен қалалық соты талапкер мен жауапкер арасында екі еселенген кепілпұлды өндіру жайлы азаматтық іс бойынша дауды партисипативтік рәсім тәртібімен ретеу туралы келісімді бекітті.

 Талапкер пәтер сатып алу үшін кепілпұл ретінде жауапкерге 4 000 000 теңге ақша берген. Жауапкер  өз кезегінде өзіне жүктелген міндеттемені тиісінше орындамай, яғни сатып алу-сату келісім шартын түзуден жалтарған. Келісімнің талаптары бойынша талапкер жауапкерден кепілпұлдың екі еселенген мөлшері, яғни 8 000 000 теңге өндіруді сұраған. 

Өскемен қалалық сотымен материалдық шығынды өтеу туралы талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

31/01/2017

Талапкер А. жауапкер Б-ға материалдық шығынды өтеу туралы талап арызбен жүгінген. 

Талап арызда  талапкер жауапкерге банктен 1 жылға 350 000 теңге алғанын көрсеткен. Банкке сыйақы  мөлшерімен есептегенде 380 536 теңге қайтару керек болған. Жауапкер ай сайын 33 400 теңге төлеп тұруға міндеттелгені  жөнінде қолхат жазған. Алайда  90 000 теңгені төлеген соң, төлем төлеуді тоқтатқан. Соның салдарынан несиенің өсім пайызы 59 561 теңгені құраған.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

31/01/2017

Зырян аудандық сотында соты ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) Ф.Мамырхановқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ф.Мамырханов жұбайының ата-анасының үйінде алкогольдік  масаң күйінде жанжал шығарып, жұбайының әкесіне  қатысты балағат сөздер айтқаны анықталды.

Сотта істі қарау кезінде, жақтар кәсіби емес медиатордың қатысуымен татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерін сотқа ұсынды.

Құжаты дұрыс рәсімделінуі тиіс деп танылды

31/01/2017

Өскемен қаласына Қытай Халық Республикасынан көшіп келген К-ның жеке басын анықтау құжатында тек оның аты ғана жазылған болып шыққан. Сондықтан ол көп уақыт бойы ешқандай жерге жұмысқа тұра алмаған және жеке тіркеу номерін ала алмай жүрген. Ол Өскемен қалалық сотына құжаттарындағы кемшілікті түзеп, заңды маңызы бар фактіні анықтау жайлы арызбен жүгінді.

Өскемен қалалық сотының шешімімен құжаттарындағы орын алған кемшіліктер түзетіліп, АХАЖ органына арызданушы К. құжаттарына тегін және әкесінің атын енгізу жөнінде міндеті жүктелді.      

Өскемен қаласының №2 сотының судьясы «Рақымшылық» Заңына түсіндіру жүргізу мақсатында брифинг өткізді

31/01/2017

Өскемен қаласының №2 сотының судьясы  Д.Қожахметов облыстық «Мой город» газетінің тілшісі Р.Кудиновтың қатысуымен Қазахстан Республикасының «Қазахстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына түсінік беру үшін брифинг өткізді.

Баспасөз тілшісімен кездесу барысында судья Д.Қожахметов аталған заң көбінесе әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қылмыстық жазадан босату жағдайын қамтамасыз ететіндігін түсіндіріп өтті.

Ашық есік күні өткізілді

31/01/2017

Катонқарағай  № 2 аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ сот төрелігіне қол жетімділік мақсатында ай сайын «Ашық есік күні» өткізіледі. 

Кезекті «Ашық есік күнінде» соттың төрағасы А.М.Әли жұмысқа қайта орналастыру, мұраны қабылдау үшін мерзімін ұзарту және сот шешімімен өндірілген алиментті өндіру бойынша сұрақтармен келген 3 азаматты қабылдады.

Жүргізушіге жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды

31/01/2017

Бесқарағай  аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігімен қаралды (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) азамат А.Сағитовқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс  қаралды.

Жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапқа тартылды

31/01/2017

Зырян аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы, 2-бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына жеңіл зиян келтiруге, әкеп соққан бұзушылығы) бойынша азамат А.Писанкоға қатысты әкімшілік іс қаралды.

А.Писанко көлік құралын басқару кезінде қауiпсiздiкті сақтамай қарсы жолаққа шығып, қарсы бағытта келе жатқан көлікке соқтығысып,  нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірілгені анықталды.

Азаматтарды жеке қабылдау

31/01/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Ә.Кәсенов «азаматтарға жеке қабылдау» өткізді.

Азаматтарды қабылдау сот төрелігі мен сот жүйесіне халықтың сенімін, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында өткізілдіп.

Жүргізушіге жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды

31/01/2017

Бесқарағай  аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігімен (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) азамат А.Сағитовқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс  қаралды.

Масаң күйінде көлік құралын басқарғаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

31/01/2017

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотымен ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) Р.Анисимовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Бесқарағай аудандық сотында «Жемқорлыққа қарсы шаралар» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

31/01/2017

Бесқарағай аудандық  сотында «Жемқорлыққа қарсы шаралар» тақырыбында семинар сабақ өткізілді. Семинарға Бесқарағай аудандық сотының мемлекеттік қызметкерлері қатысты.                                                                                              

Әкімшілік іс медиация тәртібінде реттелді

31/01/2017

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотына ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) Р.Асаубаевқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс материалдарында көрсетілгендей, Р.Асаубаев үйіне алкогольдік масаң күйінде келіп, жұбайын  балағаттап, құқыққа қарсы әрекеттер жасаған.

Сот талқылауы барысында жәбірленуші құқықбұзушымен медиация тәртібімен келісім жасасты, осыған орай әкімшілік іс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.