Архив событий

13/01/2017

«Төрелік» ақпараттық жүйесінің жұмысы» тақырыбында семинар өткізілді

13/01/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Төрелік» ақпараттық жүйесінің жұмысы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға облыстық соттың мамандары қатысты.

Семинарда талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Р.Каримов баяндама жасады.

Семей қалалық сотында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутатымен кездесу өтті

13/01/2017

Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты А.Жайылғанова жұмыс сапарымен Семей өңіріне келіп, судьялық корпусымен және сот жүйесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу аясында азаматтық сот іс жүргізуі бойынша сұрақтар және Азаматтық кодексіне жоспарланған өзгертулердің өзекті мәселелері талқыланды.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастағы жан-жал бітімгершілік келісіммен реттелді

13/01/2017

Ұлан ауданының №2 аудандық сотымен  ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)  А.Дюсупбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, А.Дюсупбаев үйінде жанжал шығарып, жұбайына былапыт сөздер айтқаны анықталды.

Сотта істі қарау барысында, жәбірленуші құқық бұзушымен татуласты.   Тараптар сотқа бітімгершілік келісімін ұсынды.

Семей қаласының №2 сотында 2016 жылдың сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылауға арналған кеңес өтті

13/01/2017

Семей қаласы №2 сотында Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы К.Чакпантаевтың қатысуымен өткен кеңесте Семей қаласы №2 сотының, №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының, Бородулиха аудандық сотының 2016 жылдың  жұмыстары қорытыланды.   

Шараға жоғарыда көрсетілген соттардың төрағалары, судьялары және сот кеңсе меңгерушілері қатысты.

Өскемен қаласының №2 сотында 2016 жылда атқарылған жұмыстары қорытындыланды

13/01/2017

Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы Г.Ф.Әділбаева өткен жылдың жұмыс қорытындысы жөнінде баспасөз-мәжілісін өткізді.

Іс- шараға  мемлекеттік  «Times.kz» желі-порталының тілшісі  Н.Михеева, облыстық «Менің өлкем» газетінің  тілшісі А.Орибаев, облыстық «Устинка» газетінің  тілшісі В.Скрипниченко, облыстық  «Мой город»  газетінің  тілшісі Р.Кудинов қатысты.

2016 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

13/01/2017

Өскемен қалалық сотында 2016 жылдың 12 айының жұмыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен  баспасөз-мәслихаты өткізілді.  Сөз басында Б.К. Тайтолеуов бақ өкілдерін жаңа 2017 жылмен құттықтады, оларға зор денсаулық және жаңа табыстар тіледі.

«Сот терминологиясы мен әдеби тіл нормасы» тақырыбында семинар сабағы өтті

13/01/2017

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі А.Қ.Кайсанова  «Сот терминологиясы мен әдеби тіл нормасы» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Өскемен қалалық сотына жаңа судья тағайындалды

13/01/2017

Өскемен қалалық сотында  Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы М.Ғ. Комиршинов  салтанатты түрде судья Ибраев Медет Адилбекұлын  таныстырды.

М.А. Ибраев Қарағанды сотының хатшысы - бас маман болып, соңында банкте қызметін атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 30 желтоқсандағы  Жарлығымен Өскемен қалалық сотының судья қызметіне тағайындалды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар сабағы өтті

13/01/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі А.К.Кайсанова сот мамандарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Семинар барысында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы талқыланды.

«Әйелдер құқықтарын қорғау және әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктi жою» тақырыбында тренинг өтті

13/01/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Әйелдер құқықтарын қорғау және әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктi жою» тақырыбында  судья Н.А.Жақсыбекова, сот мамандары, «LID» психологиялық орталығының директоры Л.А.Русина, «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тобының аға инспекторы Г.Ш.Калижанованың қатысуларымен тренинг өтті.

Тренингті сот судьясы Н.А.Жақсыбекова өткізді.

Семей қаласының психологтарына арналған семинар өткізілді

13/01/2017

Бүгін Семей қаласының Ювеналды сотында қалалық жалпы орта білім беретін мектептердің психолог-оқытушыларына семинар өткізілді.

Сот психологы Камшат Азубаева құқық жүйесіндегі психологтың рөлі туралы айтып берді: «Психолог азаматтық және қылмыстық істер бойынша өтетін балаларға моральдық, әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету қажет».

Әкімшілік іс «Медиация туралы» Заңын қолдануымен қысқартылды

13/01/2017

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (отбасы-тұрмыстық қатынастағы заңға қайшы әрекеттер) азамат М.К.Сарқытбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта   азамат М.К.Сарқытбаев  өзінің үйінде алкогольді масаң күйінде,  өзімен бірге тұратын енесіне  ұрыс шығарып, оған қатысты балағат сөздер айтқандығы анықталды.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында 2016 жылда атқарылған жұмыстары қорытыланды

13/01/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотында сот қызметкерлерінің және аудандық «Рауан»-«Заря» газетінің өкілдерінің қатысуларымен 2016 жылдың 12 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өткізілді.

Сот төрағасының м.а. С.Жүніспекова сөз сөйлегенде соттың 2016 жылдың 12 айлық жұмысы жөнінде баяндап, сотқа түскен және қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің статистикалық мәліметтерін атап өтті.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерін орындау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

13/01/2017

Жарма аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерін орындау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Жарма аудандық сотының судьясыА.М. Садуакасова, Л.Ж.Акалаева, сот мамандары және Жарма аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

Судья А.М. Садуакасова өз сөзінде,  ӘҚБтК-нің 30-тарауында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерін уақытылы орындау сұрақтарына тоқталды.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында жаңа судья таныстырылды

13/01/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.М.Чақпантаев Ұлан ауданының № 2 аудандық сотының ұжымына жаңадан тағайындалған судьяны таныстырды.

Жиналысқа Таврия ауылдық округінің әкім орынбасары, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелерідің басшылары қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Жарлығымен ШҚО Ұлан ауданының № 2 аудандық сотының судьясы  лауазымына  Алия Амангелдіқызы Байжуменова тағайындалды.

«Халықтың көші-қоны туралы» Заңын бұзғаны үшін ҚХР-ның азаматы әкімшілік жауаптылыққа тартылды

13/01/2017

Зайсан  аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен  (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) ҚХР-ның азаматы Ж. Зумзилаға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында, «Майқапшағай» өткізу бекетінде ҚХР-ның азаматы Ж.Зумзиланың төлқұжатын тексеру барысында көші-қон карточкасының болмағаны, Қазақстан Республикасының аумағында 21 тәулік бойы тіркеусіз жүріп тұрғаны анықталған.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында бір күнде бес әкімшілік іс медиация тәртібімен қаралды

13/01/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы  1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік істер қаралды.

Сот отырысында құқықбұзушылар өздерінің заңды некедегі әйелдерінің ар-намысына тиетін сөздермен балағаттап, отбасыларының тыныштығын бұзған. Істі қарау барысында тараптар медиация тәртібінде келісімге келіп, екі жақтың татуласуына байланысты, соттан әкімшілік істі қысқартуды сұраған.

Заңсыз балық аулағаны үшін айыппұл салынды

13/01/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК–нің 383-бабы, 3- бөлігі (балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша қозғалған екі әкімшілік іс қаралды.

Жарма ауданының №2 сотында 2016 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша баспасөз-мәслихаты өтті

13/01/2017

Жарма ауданының №2 аудандық сотының  төрағасы  Т.С.Адильжанов 2016 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша баспасөз-мәслихатын өткізді.

Сотта 12 ай ішінде 29 қылмыстық іс, 364 азаматтық іс, 173 әкімшілік іс қаралған. Аталған мерзімде 38 іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты қысқартылған, оның ішінде 2 қылмыстық іс, 25 азаматтық іс, 11 әкімшілік іс қыстартылған.

Сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

13/01/2017

Зайсан  аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен  (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) А.А.Мажираеваға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Г.Енсебаеваның  пайдасына  А.Мажираевадан  77 365  теңге өндірілген, М.Кудикенованың пайдасына А.Мажираевадан 57 366 теңге өндірілген. Алайда А.Мажираева күні бүгінге дейін сот шешімдерін орындамаған.

Тарбағатай аудандық сотында семинарлық-жиын өтті

13/01/2017

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы К.М.Садуакасова «Гильдия судебных репартеров» қоғамдық бірлестігінен түскен үндеуге байланысты «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету департаментінен (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының  аппараты)» келіп түскен тапсырмаға сәйкес БАҚ өкілдері және Мамандандырылған күзет қызметі Басқармасының қызметкерлері, сот органының жауапты мамандары арасында семинарлық-жиын өткізді.

Зырян аудандық соты Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған шетелдікті жауапкершілікке тартты

13/01/2017

Зырян аудандық соты Ресей Федерациясының азаматы М.Гильгенберг қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, Зырян АІІБ-нің қызметкерлерімен тексеру жүргізу барысында Ресей Республикасының азаматы М.Гильгенберг Зырян қаласы Матросов  көшесінде уақытша тіркеліп,  алайда Зырян ауданы Чапаево ауылының Восточная  көшесінде тұрып жатқандығы анықталған, яғни ол, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алынды

13/01/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 461- бабында (ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Р.Р.Гизетдиновқа   қатысты әкімшілік іс қаралды.

Мүліктік дауда медиация қолданылды

13/01/2017

ШҚО Риддер қалалық сотымен О.Петринаның жанұя мүшесі деп тану, ортақ мүліктегі үлесін анықтау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

13/01/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат М.Е.Қасеновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  отырысында Н.Е.Қасенов некедегі зайыбына сыйламаушылық көрсетіп, балағат сөздермен тіл тигізіп,  тыныштығын бұзғаны анықталды.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

13/01/2017

Тарбағатай ауданның  №2 аудандық сотында, Д.Т.Сағатбековке қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен, яғни жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқарған әкімшілік ісі  қаралды.

 Іс  материалдарынан, Д.Сағатбеков көлігін алкогольдік масаң күйде басқарған, сөйтіп ол жол жүрісі қағидасының 2.4.2 тармағын өрескел бұзған.

Жекеше қаулы шығарылды

13/01/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 434-бабының, 1-бөлігі бойынша іс қаралып,  қарау нәтижесінде Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің  басшысына қатысты жекеше қаулы шығарылды.

Жекеше қаулыны шығаруға учаскелік полиция инспекторының  2016 жылдың қараша айының  9 күні болған ұсақ бұзақылық түріндегі құқық бұзушылық бойынша  толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы  сотқа тек 2017 жылдың 9 қаңтары күні жолдауы себеп болған.  

Риддер қалалық сотында брифинг өтті

13/01/2017

Риддер қалалық сотының төрағасы Т.Қ. Адаспаев Риддер қалалық «Риддер-Информ» телеарнасы және «Лениногорская правда» газеті тілшілері алдында брифинг өткізді. Шараның тақырыбы – Риддер қалалық сотының 2016 жылдағы жұмысын қорытындылау болды.

«Тіл туралы» дәріс өткізілді

13/01/2017

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының сот приставы Р.Суйеукенов Көкпекті ауданының Самар ПБ қызметкерлеріне «Тіл туралы» тақырыбында дәріс  өткізді. Лекцияда Р.Суйеукенов мемлекеттік тілдің мәселелері туралы айтты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі болып табылады. Мемлекеттік тіл- мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын жүргізу тілі.

Әкімшілік айыппұл тағайындалды

13/01/2017

 Зырян аудандық соты ӘҚБтК-нің 608-бабының, 8-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру, осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер) бойынша Я.Снегиреваға  қатысты әкімшілік істі қарады.

«Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы» тақырыбында семинар-жиналыс өтті

13/01/2017

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотында сот ғимаратына кіру – шығу тәртібінің қатаң сақталуын және сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарын болдырмау, оның алдын алуда «Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы» тақырыбында күзет қызметкерлерінің қатысуымен семинар - жиналыс өткізілді.

Аталған шараға сот төрағасы Н.Нұралинов, кеңсе меңгеруші Л.Құнанбаева, "Күзет" қорғауының қызметкерлері қатысты.

Ашық есік күні

13/01/2017

 Жарма аудандық сотының судьясы А.М. Садуакасованың және ауданның кәсіби емес медиаторларының қатысуымен  медиация кабинетінде «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - халыққа медиацияны қолдану сұрақтары бойынша құқықтық көмек көрсету.

Аталған іс-шара аясында туындаған дау-дамайды шешу сұрағымен ауданымыздың  тұрғыны жүгініп, өзінің сұрағына жауап алды және оған  екі жақты да қанағаттандыратын өзара тиімді шешімге қол жеткізу үшін медиаторға жүгіну мүмкіншіліктері кеңінен түсіндірілді.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

13/01/2017

Зырян аудандық сотында соты ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) В.Назыровқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, В.Назыров өзінің үйінде алкогольдік  масаң күйінде жанжал шығарып, азаматтық жұбайына  қатысты балағат сөздер айтқаны анықталды.

Сотта істі қарау кезінде, жақтар кәсіби емес медиатордың қатысуымен татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерін сотқа ұсынды.