Архив событий

27/01/2017

Қылмыстық іс бойынша жекеше қаулы шығарылды

27/01/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабы, 2-бөлімі, 1,3 тармақтары бойынша қылмыстық іс қаралып, қарау нәтижесінде М-ның  кәсіпкерлікпен заңды не заңсыз айналысып жатқанын тексеру мақсатында Тарбағатай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына  жекеше   қаулы  шығарылды.

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы аудандық Мәдениет Үйінде өткізілген шараға қатысты

27/01/2017

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы К.М.Садуакасова аудандық Мәдениет Үйінде жастармен өткізілген «Қыз ұяты» атты ток-шоуға қатысты.

Өткізілген шара барысында  сот төрағасы бүгінгі жаһандану дәуіріндегі ұлттың табиғи болмысы мен әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдениетін сақтап қалудың маңыздылығы, қыз бала тәрбиесінің өзектілігі ұлтты тәрбиелеудің құралы іспетті екендігі туралы ойларын ортаға салды.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында пробация қызметінің ұсыныстарымен үш сотталушыға рақымшылық заңы қолданылды

27/01/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында онша ауыр емес қылмыс жасаған 1 сотталғанға, ауырлығы орташа қылмыс жасаған 1 сотталғанға және бас бостандығын айыру жазасына қатысты емес жазасын өтеп жатқан 3 сотталушыларға қатысты рақымшылық актісін қолдану туралы Тарбағатай ауданының №1 пробация қызметінің ұсынысы қаралды.

Азаматтық некедегі жұбайына қол жұмсағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

27/01/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) 73-бабының 1-бөлігімен С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалындарынан, С алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде азаматтық некедегі әйелін балағаттап, жанұя тыныштығын бұзғаны анықталды.

«Азаматтық істер бойынша сараптамалар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

27/01/2017

Өскемен қалалық сотында «Азаматтық істер бойынша сараптамалар» тақырыбыңда дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге сот сараптамасы институтының сарапшылары, Әділет Министрлігінің сот медицинасы орталығының сарапшылары және бағалаушылар палатасы ассоцациясының бағалаушылары қатысты.

Тыйым салынған жерде басып озғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

27/01/2017

Зырян ауданының №2 аудандық сотымен  азамат И-ға қатысты  ӘҚБтК-нің 596-бабы, 3-бөлігіне (Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) сәйкес  әкімшілік іс қаралды.

Зырян аудандық соты Қазақстан Республикасының аумағында болу ережесін бұзған шетелдікті жауапкершілікке тартты

27/01/2017

Зырян аудандық соты Ресей Федерациясының азаматы Д.Метельскийға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, Зырян АІІБ-нің қызметкерлерімен тексеру жүргізу барысында Ресей Федерациясының азаматы Д.Метельский  Зырян  ауданы Парыгино кенті Кошевой  көшесінде 2 үйінде уақытша тіркеліп,  осы көшенің 5 үйінде тұрып жатқандығы анықталған, яғни ол, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

27/01/2017

Аягөз аудандық сотында ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) бойынша құқық бұзушылық жасаған С.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта құқықбұзушының кәмелетке толмаған баласы дәлелсіз себептермен білім беру мектебіне он күннен астам, яғни отыз жеті сағат сабақ босатқаны анықталған. С. тұрғылықты мекенжайында туған балаларына қарамай, алкогольдік масаң күйінде жүріп, тәрбиелеу мен оқыту міндеттерін  орындамағаны анықталды.

Сот 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

27/01/2017

Зырян аудандық соты А.Гончаров  және С.Рахмановқа қатысты әкімшілік істерді қарады.

Сот анықтағандай, А.Гончаров  және С.Рахманов алкогольдік масаң күйде автокөлік құралдарын басқарып, жол қозғалысына қауіп төндірген. Осылайша, ол Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзған.

Автокөлікті масаң күйде басқарған

27/01/2017

Аягөз аудандық сотымен М. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) айыптау туралы қылмыстық ісі қаралды.

Талап қою мерзімін өткізіп алу – талапты қанағаттандырудан бас тартуға негіз

27/01/2017

Азамат «М» жауапкер «Х»-ға қатысты жеке үй мен моншаны бұзу туралы талап-арызбен сотқа жүгінген.

Сот талқылаулары басталғанға дейін жауапкерден талап қою мерзімін өткізіп алуды қолдану туралы өтінішхаты түсті,  талапкер тарапынан талап қою мерзімін өткізіп алуының  себептері  сотқа түсіндірілмеді.

Қазіргі қолданудағы заңнамаға сәйкес, нақты себептерсіз талап қою мерзімін өткізіп алған жағдайда сот іс бойынша басқа жағдайларды зерттеместен, талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Зырян ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі кеңес өткізді

27/01/2017

Зырян ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.К.Сағандықова кеңсе мамандарымен 2016 жылдың 12 айлық жұмыс көрсеткіштерін талқылауға арналған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша  кеңес  өткізді.

Өскемен қаласының №2 сотында отставкадағы судьямен кездесу өткізілді

27/01/2017

Заңнаманың қатаң сақталуына рухты білім беру мақсатында, сот төрелігін іске асыру барысындағы адамгершілік қағидасы мақсатында Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы Г.Ф.Әділбаеваның ұйымдастыруымен отставкадағы  судья А.Амиргалиев пен судья лауазымына машықтанушы – үміткерлер арасында кездесу өтті.

Аталған іс-шараға судья лауазымына машықтанушы – үміткерлер З.Оразаева, Е.Токшекенов, М.Букбаев қатысты.

Халықпен кездесу өткізілді

27/01/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотымен Катонқарағай ауылының мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінің қорытындысы бойынша  халықпен кездесу өткізілді.

Аталған шараға сот төрағасы А.Әли, судья Г.Кудербаева, бас маман М.Сахариянов және ауыл тұрғындар қатысты.

«Медиацияның мақсаты - татуласу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

27/01/2017

Ұлан ауданың № 2 аудандық соты мен «Ұлттық Медиаторлар Палатасы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі бірігіп «Медиацияның мақсаты - татуласу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 

Дөңгелек үстелге сот төрағасы А.Д.Аринова, судья А.А.Байжуменова, аудандық прокуратура қызметкері Б.Аманов, кәсіби медиатор М.И.Дячук және сот мамандары қатысты.

Өскемен қаласының №2 сотында семинар-сабақ өткізілді

27/01/2017

Өскемен қаласының №2 сотында кеңсе меңгерушісі С.Жортбасовамен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексі» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді. Іс-шараға сот мамандары қатысты.

Семинар-сабақтың негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастағы жоғары мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіздік әрекеттері болған жағдайлардың алдын алу.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

27/01/2017

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан аудандық соты ӘҚБтК-нің 608-бабы, 1- бөлігі  бойынша (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарған А.В.Коноплевке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, А.В.Коноплев алкогольдік масаң күйінде автокөлік құралын жүргізу кезінде полиция қызметкерлерімен ұсталғаны анықталды.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

27/01/2017

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотына азамат Н-ның   жауапкер Н.-дан ортақ неке кезінде  алынған тұрғын үйді теңдей бөлуді сұрау туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімге келіп, жауапкер 1 жыл мерзім ішінде талапкерге тұрғын үйдің жарты соммасын төлеуге міндеттелді.

Соттың ұйғарымымен  азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.        

 

Сот шешімін орындамағаны үшін жауапқа тартылды

27/01/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 669 бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн орындамау)  Д.Тойбазаровқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот мәжілісінде анықталғаны, құқық бұзушы Д.Тойбазаровтан соттың шешімімен алимент өндірілген, алайда  бірнеше рет сот орындаушыларымен ескертілгеніне қарамастан  алимент төлемеген, яғни сот шешімін орындамаған.

Көлік басқару құқығы жоқ тұлға жол көлік оқиғасын жасағаны үшін 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

27/01/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 611-бабының 3-бөлігі бойынша (жүргізушінің өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасына байланысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы) бойынша азамат Е.К.Тлеубаевқа қатысты әкімшілік іс қарады.

Іс келісімдік өндіріспен қаралды

27/01/2017

ШҚО Риддер қалалық сотымен Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 1-бөлімімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) А.Г.Башканянге қатысты қылмыстық іс қысқартылған тәртіппен келісімдік өндірісі бойынша қаралды.

Істі қарау барысында тараптар процесстік келісімге келген, оның шарттары бойынша сотталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындап,  20 252 теңге көлеміндегі сараптама шығындарын толық өтеуге міндеттенді.

Заңсыз ағаш кескені үшін сотталды

27/01/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотымен С.Асановқа  қатысты Қазақстан Республикасы ҚК  340 бабы 3 бөлігі 4 тармағымен, яғни ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау бойынша қылмыстық іс қаралды. 

Сот мәжілісінде анықталғаны,   С.Асанов ерекше қорғалатын табиғи аумақта, екі дана қарағай тұқымдас ағаштарын заңсыз кесіп, іс әрекетімен  мемлекетке 6988 теңге құрайтын материалдық шығын келтірген.

Сотта «Азаматтық процестік кодекске – 1 жыл. АПК-нің нормаларын қолданудың тәжірибелік мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

27/01/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотында «Азаматтық процестік кодекске – 1 жыл. АПК-нің нормаларын қолданудың тәжірибелік мәселелері» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара сот төрағасының м.а. С.Жүніспекованың басшылығымен прокуратура, қорғаушылар және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтті.

«Медиацияның артықшылықтары» тақырыбында дәріс өткізілді

27/01/2017

Көкпекті ауданының  №2 аудандық сотының жетекші маманы Р.Келиспаева Самар ауылының Достық үйінде «Медиацияның артықшылықтары» тақырыбында Самар  кітапхана және шығармашылық үйдің қызметкерлерінің қатысуымен дәріс өткізді.

Жаза мерзімінің өтелмеген бөлігінің жартысы қысқартылды

27/01/2017

Күршім аудандық сотында Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен  (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру)  Б.К.Тұрғанбаевқа қатысты қылмыстық   іс қаралды.

Сот мәжілісінде жәбірленуші сотталушымен татуласып, өзінің 2016 жылдың 13 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын қолдануға қарсы еместігін білдірді.

Атыс қаруынан оқ атқан

27/01/2017

 Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

 Сотта анықталғаны, Д. елді-мекенде атыс қаруын қолдануға тыйым салынғандығын біле тұра, К-нің үйінің ауласында өзінің заңды түрде тіркелген «ИЖ-18М» маркалы 16 калибрлі бір ұңғылы мылтығымен соңғының итін атқан.

Жазадан босатылды

27/01/2017

Риддер қалалық сотымен ҚР ҚК-нің 139-бабымен 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған В.А.Мищенконың,  ҚР ҚК-нің 188-бабымен 2 жыл 6 айға сотталған А.В.Ивановтың, 293-бабының 2-бөлімі, 1-тармағымен 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған А.В.Долгополовтың «Рақымшылық туралы» Заңына байланысты жазадан босату туралы өтініштері қаралды.