Архив событий

04/01/2017

Семей қаласындағы Ювеналды соттың төрағасы Р.Ақпар семинар өткізді

04/01/2017

Семей қаласындағы ювеналды соттың төрағасы Р.Ақпар судьялар мен мамандар арасында,  2016 жылдың 21-қарашасындағы «Судьялық әдеп кодексі», Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 18-қарашасындағы №410-V cанымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы және Президенттің №153 Жарлығымен 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» тақырыптары туралы семинар өткізді.

Өскемен қаласының №2 соты Өскемен қаласының Прокуратурасы ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысты

04/01/2017

Өскемен қаласының Прокуратурасы ғимаратында «Қылмыстық іс бойынша сот-тергеу тәжірибесіне қатысты орындалмаған сот актілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Өскемен қаласының №2 сотының судьясы Қ.Салбанова, бас маман Д.Кашкинбаева, прокуратура, құқық қорғау органдарының өкілдері, жеке және мемлекеттік сот орындаушылары  қатысты.

Ұлан аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

04/01/2017

Ұлан аудандық  сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Семинарға Ұлан аудандық сотының мемлекеттік қызметкерлері қатысты.

Өскемен қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

04/01/2017

Өскемен қаласының №2 сотында сот төрағасы Г.Әділбаева кезекті Ашық есік күнін өткізді.

Сот төрағасының жеке қабылдауында азамат В.Родионов болды, оның қойған барлық сұрақтарына түсінік берілді.

Аталған іс-шара  тұрғындарға заңдық  көмек беру, құқықтық мәдениетті жоғарлату, сот жүйесіне деген азаматтардың сенімдерін көтеру, сондай-ақ сот төрелігінің қолжетімділігі мақсатында өткізіледі.

Катонқарағай аудандық соты ҚК-тің 106-бабының 1-бөлігімен қылмыстық істі қарады

04/01/2017

Катонқарағай  аудандық соты ҚК-тің 106-бабының 1-бөлігімен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін  азамат Ш.Қасымқановқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот талқылауы барысында анықтағаны, Ш.Қасымқанов  танысымен бірге алкогольдік ішімдік ішкен, сол жерде орын алған жаратпаушылық салдарынан  Ш.Қасымқанов өз тарапынан қолындағы ас үй пышағымен кеудесінен және ішінің сол жақ тұсынан қасақана бірнеше соққы жасап дене жарақаттарын келтіріп, оқиға болған жерден бойтасалап кеткен.

Сот төрағасы судья лауазымына үміткерлер мен тәжірибеден өтушілер арасында семинар өткізді

04/01/2017

Өскемен қаласының №2 сотында сот төрағасы Г.Әділбаева судья лауазымына үміткерлер мен тәжірибеден  өтушілер арасында семинар өткізді.

«Қылмыстық іс бойынша сот тергеуі» тақырыбында сот төрағасы Г.Әділбаева, сот тергеуінің басындағы сұрақтар жайлы, айғақтарды ұсыну және зерттеу тәртіптері, сот ісіне қатысушылардан жауап алу тәртіптері туралы  айтып өтті.

Жалпы Қылмыстық-процестік кодексінің сот тергеуінде тәжірибе дағдысында қолданылуы талқыланды.

Сот сирек кездесетін өсімдікті жойғаны үшін екі азаматтың бас бостандығын шектеді

04/01/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 339-бабымен (Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген өсiмдiктердің сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн жою) қарастырылған қылмысты жасаған А.К.Бұтабаев пен Т.Р.Қибатовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Жылдың соңын қорытындылау бойынша брифинг өтті

04/01/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылаған ауданаралық сотында жылдың соңын қорытындылау бойынша төраға Б.Ә.Кәсенов, судьялар Л.А.Побияха, Н.А.Жақсыбекова, Шығыс Қазақстан облысының прокуратура өкілі Е.Кұланбаев және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері: «Мой город» газетінің тілшісі Р.А.Кудинов, «Менің өлкем» газетінің тілшісі А.Б.Орибаев, «Times KZ»  интернет порталының тілшісі Н.П.Михееваның қатысуларымен брифинг өткізді.

Сот жұмыскердің бұзылған еңбек құқықтарын қорғады

04/01/2017

Күршім ауданың № 2 аудандық сотымен Е-нің «№2 Теректі орта мектебі» КММ-не еңбек келісім шартын бұзу бұйрығын заңсыз деп тану және бұрынғы жұмысына бұрынғы лауазымына қайта алу, амалсыз бос жүрген уақытына еңбекақы өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот талқылау барысында, талапкер Е.-мен жеке еңбек шартын бұзу туралы бұйрықта жәнеде қолданыстағы еңбек заңнамасын бірқатар бұзушылықтар жасалғаны анықталды.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

04/01/2017

Зырян аудандық сотында соты ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) Н.А.Сосновскийге  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Н.А.Сосновский өзінің үйінде алкогольдік  масаң күйінде жанжал шығарып, азаматтық жұбайына  қатысты балағат сөздер айтқаны анықталды.

Сотта істі қарау кезінде, жақтар кәсіби емес медиатордың қатысуымен татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерін сотқа ұсынды.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған

04/01/2017

Бородулиха аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігінің (мас күйінде бола тұра, жүргізушінің көлік құралын басқаруы) бойынша С.Москаленкоға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, С. Москаленко мас күйінде бола тұра, көлік құралын басқарған, содан кейін жол полиция қызметкерлерімен тоқтатылды.

Сот қаулысымен С. Москаленко кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Бесқарағай аудандық сотында сот қызметкерлері арасында «Дыбыс-бейне жазу жүйесін сот отырыстарында қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

04/01/2017

Бесқарағай аудандық сотының қызметкерлері арасында «Дыбыс-бейне жазу жүйесін сот отырыстарында қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.                                                                                                   

Сотпен қылмыстық істе рақымшылық қолданылды

04/01/2017

Бородулиха аудандық сотымен ҚК 24-бабының 1-бөлігі, 286-бабының 1-бөлігі, 296-бабының 1-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өтіп алуға қастандық,  өткізу мақсатынсыз шағын мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау туралы) А.Исахановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, шекаралық тексеру кезінде «Алматы-Новосибирск» бағытындағы жолаушылар пойызының хабарламасымен А.Исаханов ұсталды, онда   есірткі заты бар полимерлік пакет табылып, тәркіленді.