Архив событий

09/01/2017

Семейдің Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар Абай атындағы кітапханада дөңгелек үстел өткізді

09/01/2017

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Р.М.Ақпар  Абай атындағы кітапханада  «Абай – би, татуластырушы және дала заңдарының реформаторы» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған шараға ювеналды соттың судьялары, Абай атындағы мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының қызметкерлері, Абай кітапханасының қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, кәсіби медиаторлар қатысты.

Өткен жылда Өскемен қаласының №2 сотында медиация институтын қолдану бойынша қарқынды жұмыстар атқарылды

09/01/2017

2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация» туралы заңы қабылданған. Медиация (ағл. тілінен Mediation - делдалдық ) – екі жақтарға дау – жанжалды  реттеу тәртібі делдалдың қатысуымен,  жақтардың өзара татуласу шешімдерінің мақсатында, татуласуға екі жақтың ерікті түрде келісімімен өткізіледі. Медиацияның негізгі мақсаты пайдалы және қолайлы келісімге жету.

Бір күнде екі әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

09/01/2017

Абай аудандық сотында құқық бұзушылар  Н.С. Өміртай мен Д. Қасымұлына қатысты  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабы, 2-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер) жауапқа тарту туралы әкімшілік істері медиация тәртібімен қысқартылды.  

2016 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша баспасөз-мәслихаты өтті

09/01/2017

Бесқарағай аудандық сотында Бесқарағай аудандық сотының төрағасы А.Абдрахманов «Бесқарағай тынысы» газетінің тілшісі қатысуымен «Бесқарағай аудандық сотының 2016 жылдың 12 айындағы жұмыс қорытындысы» тақырыбында баспасөз-мәслихатын өткізді. 

Глубокое аудандық сотының төрағасы 2016 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді

09/01/2017

Глубокое аудандық сотының төрағасы С.Жансейіт  «Ақ бұлақ» газетінің тілшісі Г.Мусинаның қатысуымен  Глубокое  аудандық сотының 2016 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша брифинг   өткізді.                                                                     

Рақымшылық заңы негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

09/01/2017

Курчатов қалалық  сотымен ҚК 188-бабының 1-бөлігімен бойынша (Ұрлық) А.В. Козубты айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, А.В. Козуб, жәбірленуші тұрып жатқан пәтерде бола тұра,  оған тиесілі алтын алқасын ұрлап кетіп, жәбірленушіге 150 000 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген.

Сот қаулысымен А.В. Козуб «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына байланысты рақымшылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде  қылмыстық жазадан босатылды.

Тұтынушының құқықтары қорғалды

09/01/2017

Семей қалалық сотымен шартты бұзу, алдын ала төленген соманы өндіру және моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Риддер қалалық сотының төрағасы 2016 жылдың қорытындысы бойынша жиналыс өткізді

09/01/2017

Риддер қалалық сотының төрағасы Т.Адаспаев қалалық соттың 2016 жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген жиналыс өткізді. Риддер қалалық сотының судьялары мен мамандарынан басқа, шараға Риддер қалалық прокуроратурасы прокурорының көмекшісі Д.М.Оразгалиева, жергілікті полиция қызметі басшысы О.Аштаев, Риддер қалалық ІІБ-нің бастығының орынбасары Н.К.Белдеубаев, Риддер қалалық адвокаттар алқасының төрағасы Г.А.Двуреченский қатысты. Қалалық БАҚ өкілдері шақырылды.

Тарбағатай ауданының № 2 аудандық сотында 2016 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша брифинг өткізілді

09/01/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы С.К.Ахмеджанов «Тарбағатай» газетінің тілшісі Б.Баймуратованың  сұрақтарына жауап бере келе, брифингте Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі сот өндірісінің ашықтығы мен жариялылығы қағидаларына негізделгендігіне  тоқталып, жүргізіліп жатқан сот реформаларының нақты жетістіктері ретінде соттар қызметінің ашықтығын атап, сотта 12 ай ішінде 29 қылмыстық іс, 280 азаматтық іс, 293 әкімшілік іс қаралғанын, аталған мерзімде 75 іс тараптардың

Ерлі-зайыптылар медиация тәртібінде татуласты

09/01/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат Т.А. Карибаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  отырысында Т.А. Карибаев бірге тұратын әйеліне  сыйламаушылық көрсетіп, балағат сөздермен тіл тигізіп,  тыныштығын бұзғаны анықталды.

Сатушы мен тұтынушы арасындағы дау бейбіт жолмен реттелді

09/01/2017

Семей қалалық сотымен тауарға төленген ақшалай соманы қайтару және моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды. 

Талапкер сотқа жеке кәсіпкер Ю.Регурецкаяға талап арызбен жүгініп, 2016 жылдың 17 тамызында жауапкермен 400 000 теңгеге жиһазды сатып алу-сату келісім шартының жасалғанын көрсеткен. Алайда, бүгінгі күнге дейін жеке кәсіпкер тауарды жеткізу бойынша міндеттерін орындамады.

Әкімшілік іс бойынша жеке қаулы шығарылды

09/01/2017

Тарбағатай аудандық сотына жергілікті полиция бөлімінен Р.К.Нагимов, А.Нурсұлтанов, Г.С.Турлыкова, Ж.М.Каинбаев, Н.Н.Кожекова, К.М Нокенов, А.Қажыбаевтың кәмелеттік жасқа толмаған балалары 15-19 қыркүйек аралығындаТарбағатай ауданы Ақжар ауылында тұратын С.Ахмеджановтың жеке меншік тұрғын үйінің терезе шынысын сындырып, заттарын бүлдіргені яғни ӘҚБтК-ң 127 бабының 1 бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған үшін әкімшілік істер келіп түсті.

Өскемен қалалық сотының төрағасы Б.К. Тайтолеуов «МИКС» радиосында сөз сөйледі

09/01/2017

Радиода сөз сөйлеу барысында Б.К.Тайтолеуов қала тұрғындарын және радио тындармандарды  жаңа 2017  жылмен құттықтап, оларға зор денсаулық және 2017 жылда жаңа табыстарға жетуге тілегін білдірді.

Сот төрағасы Б.Тайтөлеуов баяндамасында, азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау бойынша сот көптеген жұмыстар атқарғандығын атап өтті.

Әкімшілік қадағалау белгіленді

09/01/2017

Тарбағатай аудандық соты, жергілікті полиция бөлімінің М.Ж.Ибрагимовке қатысты әкімшілік қадағалау орнату туралы ұсынысын қарады.

Құқық бұзушы Тарбағатай аудандық сотының үкімімен ҚК-тің 120- бабының, 2-бөлігінің, б,д-тармақтарымен айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан  айрылған.

Жазасын өтеп бостандыққа шыққаннан кейін түзелу жолына түспей, тәрбие жұмыстарынан ешқандай қортынды шығармай, жасаған ескертулерге ешқандай құлақ аспай бірнеше қайтара әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған.

Екі іс оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралды

09/01/2017

Зайсан аудандық сотында  қарыз ақша өніду туралы азаматтық ісі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Сот жауапкерлердің өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қоса беріп, талап қою арызына пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгіледі. Талап арызға жауапкерлерден сотқа пікір немесе қарсылық түскен жоқ.

Зайсан аудандық cотында 2016 жыл қорытындысы бойынша брифинг өтті

09/01/2017

Зайсан аудандық  cотының төрағасы Б.Н.Мергембаев аудандық соттың 2016 жылы атқарған жұмыс қорытындысы бойынша судьялар Н.З.Хасенбаевтың, Г.С.Нуртазинованың және аудандық «Достық» газетінің тілшісі А.Ахыттың қатысуларымен брифинг өткізді.

Семей қаласының ювеналды сотының төрағасы брифинг өткізді

09/01/2017

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Р.Ақпар, сот ісінің қызметі мен жетістігін қоғамға жеткізу мақсатында ақпарат құралдарының өкілдерімен «Соттың 2016 жылдың 12 айында атқарылған жұмыс қорытындысын талқылау» атты тақырыпта брифинг өткізді.

«Ашық есік күні»

09/01/2017

Катонқарағай аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті, оның басты мақсаты азаматтармен сұрақ-жауап үлгісінде тілдесу.

Жүгінген азаматтардың сұрақтарының басым бөлігі  «Сот кабинеті» арқылы өтініш беру тәртібі, жаңа технологиялардың енгізілуі, аталған сервис арқылы талап арыздарды жолдау қағидасы, сот актілерінің анықтамалығы туралы және т.б. сұрақтар аясында  болды.

Әрбір қойылған сұраққа кеңсе меңгерушісі Э.Жансұлтанова толық жауаптар ұсынды.

         

Сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

09/01/2017

Өскемен қалалық  сотымен ӘҚБтК 653-бабының 1-бөлігімен, яғни сотқа құрметтемеушілік білдіргені туралы әкімшілік  іс қаралды.

Сотта анықталғандай  азамат С., сотқа алкогольдік масаң күйінде алкогольдік ішімдік ішіп келген. Сондықтан осы әрекетімен сотқа құрметтемеушілік білдірді. 

Соттың қаулысымен құқық бұзушы C.А. 3 тәулікке қамау түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.