Архив событий

20/01/2017

Соттардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

20/01/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің бас маманы В.В.Волынец сот мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар. Соттардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өткізді.

Сотта «Үш тұғырлы тіл саясатың жүргізуде жасалатын нақты қадамдар» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

20/01/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотында тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған «Үш тұғырлы тіл саясатың жүргізуде жасалатын нақты қадамдар» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Аталмыш іс-шараға Теректі ауылдық округының әкімі, мемлекеттік мекемелердің басшылары және құқыққорғау органдарының өкілдері қатысты.

Татуласу келісімі жасалды

20/01/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған құқыққа
қарсы әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Р.Поповқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан жол көлік оқиғасын жасағаны үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл және 1 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды

20/01/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 2-бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) бойынша азамат Ш-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

2016 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша баспасөз-мәслихаты өтті

20/01/2017

Көкпекті аудандық сотында сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы 2016 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша баспасөз-мәслихатын  өткізді. Шара барысында сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы статистикалық мәліметтерді айтып өтті.

Бөтеннің мүлкін иемденгені үшін 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына сотталды

20/01/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК 189-бабымен (кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру, аса ірі мөлшерде жасалуы) Р.Тұраровқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

ПИТК-ға ҚР Заң талаптарын бұзуды жою туралы ұсынысты орындамағаны үшін айыппұл салынды

20/01/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабының 2-бөлігіне сәйкес (мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау) «Виктория» ПИТК-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Рұқсатсыз балық тасымалдаған

20/01/2017

Көкпекті аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабының 1-бөлігімен (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) қарастырылған А.Биткенбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды

Сотта, А.Биткенбаев автокөлігінде рұқсат қағазсыз 15 кг. «алабұғы» балық тасымалдағандығы анықталды.

Семей қаласы № 2 сотында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы қолданылды

20/01/2017

 Семей қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 304-бабы, 1-бөлігімен, яғни абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан санитарлық қағидаларды және гигиеналық нормативтерді бұзуы туралы М.Шахантаеваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Тыйым салынған мүлікке өндіруге аудартуға банкті міндеттеу туралы талап арыз қанағатандырусыз қалдырылды

20/01/2017

А сотқа Банкке қарсы тыйым салынған мүлікті өндіруге аудартуға міндеттеу туралы талап арызбен жүгініп, өзінің талаптарын келесідей баяндаған. 2007 жылы 14 маусымда банк екеулерінің арасында 250000 АҚШ долларына банктік қарыз шарты туралы жиһаз салонын алуға арналған   мәміле бекітілген, ол салон банк алдындағы міндеттерді орындау бойынша кепілге ұсынылды.Ары қарай талапкерде қаржылық қиыншылықтар туындап, ол кредитті төлеу бойынша өз міндеттерін орындай алмай қалған.

Жемқорлыққа қарсы шаралар

20/01/2017

Риддер қалалық сотында  «Жемқорлыққа қарсы шаралар» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Шараға Риддер қалалық сотының судьясы Ж.Тасубаева, мемелекеттік кірістер басқармасы басшысы Б.Бабышев, Жергілікті полиция қызметі бастығы О.Аштаев, қалалық ІІБ бастығы орынбасары Н.Белдеубаев, қала прокуратурасының бөлім прокуроры А.Тукенов қатысты.

Экономикалық сотта дөңгелек үстел өткізілді

20/01/2017

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Мемлекеттік билік органдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Сот орындаушысының әрекетін даулау

20/01/2017

Азамат Д. Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық жеке сот орындаушыларының жеке сот орындаушысы Б.-ға қатысты әректті даулау талап-арызымен сотқа жүгінген.  Өзінің талаптарын келесідей баяндаған, жеке сот орындаушысының өндірісінде Д.-дан АҚ ҰҚ «Ц» сақтандыру компаниясы» пайдасына 716 904 теңге өндіру туралы атқару өндірісі болған.  09 тамыз 2016 жылы сот орындаушысымен жеке сот орындаушысының қызметі үшін 107 536,60 теңге өндіру туралы қаулысы шығарылған.  Жеке сот орындаушысының аталған әрекеттерін және қаулысын заңсыз деп санайды, себебі Д.

Бітімгершілік келісім

20/01/2017

Шемонаиха аудандық сотымен көпқабатты үйдің шатырын жөндеуге кеткен 105 652 теңгені өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.       

Сот отырысында азамататық іс бойынша тараптар туындаған дауды бітімгершілік келісіммен аяқтауды жөн көріп, жауапкерлер талапкерге кеткен шығынды өз еркімен қайтаруға міндеттенді.

Бітімгершілік келісімнің шарттары сотпен қабылданып, сот ұйғарымымен тараптар арасындағы бітімгершілік келісім бекітілді.  

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Медиаторлар әріптестерді татуластырды

20/01/2017

Өскемен қаласының №2 сотында ҚР ҚК 108 бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, К. этнографиялық мұражайының құрастыру бөлімінің кеңсе меңгерушісі қызметінде жүріп, алкогольдік масаң күйінде, жұмыс орнындағы құрастыру бөліміндегі, өзінің қол астындағы қызметкердің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені анықталды. Сот отырысында екі жақ тараптарға араларындағы жанжалды шешу туралы медиациялық келісім табысталғаны анықталды.

Ұлан аудандық сотында 2016 жылдың жұмыс қорытындылары бойынша брифинг өтті

20/01/2017

Ұлан аудандық сотында  2016 жылдың 12 айындағы  атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша брифинг  өтті.

Іс шараға Ұлан аудандық сотының төрағасы М.М. Халмұрзаев, тергеу судьясы А.К. Нұрғазин, кеңсе меңгерушісі Н.Ж. Кисыкова,  сот отырысының хатшысы А.З.Гайсина, сот отырысының хатшысы Р.Х. Чамакаев және «Ұлан таңы» газетінің тілшісі қатысты.

Экономикалық сотта Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасы төрағасының қатысуымен қорытынды жиналыс өткізілді

20/01/2017

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ғимаратында Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы М.Ғ.Комиршиновтың төрағалық етуімен 2016 жылғы сот жұмыстарының қорытындысы бойынша жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында төраға М.Ғ.Комиршиновтың 2016 жылғы соттың жұмысы туралы мәлімет, соның ішінде ШҚО МАЭС судьяларымен сот төрелігін жүзеге асыру сапасы, судьялардың әрекетіне келіп түскен шағымдар, қараусыз қалдырылған, қайтарылған талап арыздар және т.б. талдаулар тыңдалды.

Катонқарағай аудандық сотымен қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

20/01/2017

ШҚО Катонқарағай аудандық соты ҚК-тің 108-бабының 1-бөлігімен, яғни денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру бойынша азамат Н.К.Большмановқа қатысты қылмыстық істі қарады.

А.Байжумина ҚК-тің 108-бабының 1-бөлігімен Н.К.Большмановты қылмыстық жазаға тартуды сұрап сотқа жүгінген, себебі  алкогольдік масаң күйінде, араларында туындаған келіспеушлік салдарынан өзіне жеңіл түрінде дене жарақаттарын келтірілген.

Семей қаласының Ювеналды сотында жаңа Судьялық әдеп кодексі талқыланды

20/01/2017

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар республика судьяларының VII съезінде қабылданған Судьялық әдеп кодексінің  ережелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.

Аталған шараға ювеналды сотының судьялары, Семей қаласының әкімдігінің, прокуратура, Ішкі істер басқармасы мен адвокутара   өкілдері қатысты.

«ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның талаптарын сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел

20/01/2017

Шемонаиха ауданының Ішкі Істер бөлімінде «ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсылық туралы» Заңның талаптарды сақтау» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде Шемонаиха ауданының Ішкі Істер бөлімінің қызметкерлері, Шемонаиха аудандық сотының судьялары қатысты.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкімшілік істер

20/01/2017

Бесқарағай аудандық соты 2016 жылдың 12 айында отбасылық –тұрмыстық қатынастар саласындағы бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен 124 әкімшілік іс қарады, бұл жалпы қаралған істердің 26% құрады.                                                                                                     

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

20/01/2017

Зырян аудандық сотында соты ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) С.Головкоға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, С.Головко өзінің үйінде алкогольдік  масаң күйінде жанжал шығарып, апайына  қатысты балағат сөздер айтқаны анықталды.

Сотта істі қарау кезінде, жақтар кәсіби емес медиатордың қатысуымен татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерін сотқа ұсынды.

10 қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

20/01/2017

Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігінде  талабына сәйкес, қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірілген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы жататыны көзделген.