Рақымшылық Заңына сәйкес жазадан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО Зайсан аудандық сотымен аудандық пробация қызметінің сотталғанды Рақымшылық Заңына сәйкес жазадан босату туралы ұсыным қаралды.

Сот үкімімен Б.Қабиолла Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жаза шартты деп саналып, пробациялық бақылау белгіленген.

Соттың қаулысымен Б.Қабиолла Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 2-бабының 3-бөлігі 1-тармағына сәйкес жазадан босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі