Зайсан аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан  аудандық сотында  ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен  келіп түскен А. Мұхаметрахимовке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы А.Мұхаметрахимов үйінде жұбайын балағаттап, оған сыйламаушылық көрсетіп, ар-намысына тиетін сөздер айтып, жеке басын қорлап,  жанұя тыныштығын бұзған.

Сот істің мән жайын жан-жақты зерттеп, құқық бұзушыға үш тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындап, ӘҚБтК-нің  54-бабына сай,  мінез-құлқына үш ай мерзімге ерекше талаптар белгілеп, айына екі рет ерекше талаптар белгіленген мерзім өткенше онымен профилактикалық әңгіме жүргізу үшін Зайсан аудандық ішкі істер бөліміне келу міндеттелсе, сонымен бірге Зайсан аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ж.Жадыкбаевтың үстінен  әкімшілік құқық бұзушылық істі толтырыған кезде заң талаптарын өрескел бұзғандығы үшін жекеше қаулы шығарылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі