Кешіре білу де парасаттылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотында сотталушы Т-ға қатысты жеке айыптау түріндегі қылмыстық іс қаралды.

Жинақталған іс материалдарына сәйкес,  азаматша Ж. азамат Т-ны ҚР ҚК-нің 109-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы, сотталушы өзін денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған  жарақаттар келтіргені  туралы жеке айыптау тәртібіндегі арызымен жүгінген.

Сот талқылауы барысында жеке айыптаушы Ж. жеке айыптау түріндегі қылмыстық қудалауынан бас тартып, қылмыстық істі айыпталушымен татуласуына байланысты қысқартуды ұсынды. Яғни қоғамдық медиатордың араласуымен кешірім жасап, парасаттылық танытты.

Сот жоғарыдағылардың негізінде қылмыстық істі өндірістен қысқартты.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі