Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Мемлекеттік тілді білу - баршамызға міндет» тақырыбына дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында  «Мемлекеттік тілді білу -баршамызға міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Семинардың мақсаты: «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы және құжаттар тілі мен іс-қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты дайындау.Семинарға Катонқарағай  ауданының № 2 аудандық сотының судьялары мен мамандары қатысты.

Соттың бас маманы М.Сахариянов мемлекеттік тілдің қоғамдағы мәні мен рөлі туралы, мемлекеттік тілді іске асыру және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша статистикалық мәліметтер туралы айтып өтті.

Аталған отырыста құжаттарды мемлекеттік тілде дайындау барысында кездесетін кедергілер  талқыланды. Соның ішінде мемлекеттік тілдегі құжаттардың сауатсыз дайындалатыны да сөз болып, себептері талданды.

Іс шараға  қатысушылар қазақ тілінің мемлекеттік қызметте қолданылуы мен дамуына қатысты мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салды.

 

Катонқарағай ауданының № 2

аудандық сотының баспасөз қызметі