Жекеше айыптау істерін қарау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотында «Жекеше айыптау істерін қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оған ішкі істер бөлімі, аудандық соттың кеңсе мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.                          

Бесқарағай аудандық сотының төраға А.Абдрахманов өз баяндамасында жекеше айыптау істері бойынша статистикалық мәліметтерді келтіріп, сотпен жекеше айыптау тәртібіндегі шағымдарды қабылдаудан бас тартудың себептерін атап,  сотқа материалдарды жолдау барысында ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің тарапынан жіберілетін кемшіліктер жөнінде айтып өтіп, кеңес берді.                             

Дөңгелек үстелде жекеше айыптау бойынша өтініштерді тіркеу тәртібінің сұрақтары және оларды қарау ерекшеліктері, жекеше айыптау бойынша қылмыстық іс жүргізудің проблемалық тұстары жан-жақты талқыланды.                                                                                 

Талқылаудың қортындысы бойынша А.Абдрахманов ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамаларының талаптарын басшылыққа алып материалдардың дұрыс және сапалы ресімделуіне жіті назарға алуды ұсынды.

 

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі