Ұлан ауданының №2 аудандық сотында «Іс қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Департамент Басшысының 05.03.2016 ж. қаулысымен бекітілген «Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбына сот мамандардың қатысуларымен зерделеу семинар сабағы өтті.

Күн тәртібіндегі «Қабылдау, өңдеу, тіркеу және кіріс хат-хабарды тарату», «Шығыс хат-хабарлар мен құжаттарды рәсімдеу, шығыс хат-хабарларды жөнелту тәртібі» тақырыптарына қатысты жетекші маман А.Бигаримова баяндап, жаңа енгізілген сот істерін және материалдарын тіркеу және есепке алу бойынша, сондай-ақ рәсімдеу тәртібіне және кейіннен кіріс хат-хабарлар беру туралы түсіндіріп өтті.

Бас маман А.Махатов тұлғалардың сотқа келуін қамтамасыз ету және қаралу алдында  сот істерін рәсімдеу мәселелеріне, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот актілерін орындау өтініштеріне тоқталып өтті .

Кеңсе меңгерушісі Т.Тоқтарбеков Ережелердің қатаң сақталуы қажет екендігін айтып, бұл ережелер әр сот маманының үстелдік кітабі болуы тиіс екенін түсіндірді.

Семинар соңында мамандар тақырып бойынша пікір алмасып, бірқатар туындаған мәселелері мен  оларды шешу нұсқаларын талқылады.

 

Ұлан ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі