«Татуластыру тараптарға тиімді» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының ұйымдастыруымен кәсіби емес медиаторлардың және Марқакөл өңіріндегі мемлекеттік мекеме өкілдерінің қатысуымен «Татуластыру тараптарға тиімді» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында сот төрағасы – Р.Омаров бүгінгі таңда Марқакөл ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында ашылған медиация бөлмесінің басты мақсаты, жергілікті халыққа «Медиация туралы» Заңның нормаларын жеткізу және сотқа дейін дауды медиация арқылы шешу жұмыстарын жүргізу үшін ашылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, іс-шара барысында медиацияның қолданылу саласы жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар болып табылатындығы айтылды.

«Медиация туралы» Заңның 16-бабына сай ауылдық округтердің әкімдері кәсіби емес медиаторлардың тізімін жүргізеді, кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында не жұртшылық үшін қолжетімді жерлерде қазақ және орыс тілдерінде орналастырылуға және оған медиаторлардың енгізілуіне қарай жаңартылып отыруға тиіс екендігі ескертілді.

Шара соңында семинарға қатысушылар өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтар бойынша жан-жақты жауап алды.

 

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі